Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кемпір кенет Рысқұловқа бұрылып, бетін қиғаштай отырып:

– Құдай саған енді туған бауыр бермес, бірақ бала берер, балаңның біреуін ініңдей көр. Босай берме, босау Рысқұловқа жараспайды, – деді. – Ярами! – деп татаршасын қосып қойды.

Рысқұлов бұл жағдайды жұртқа қалай жариялаудың жайын білмей, ойланып қалды. Органдар арқылы іздеу салдырайын десе, шабаданын алып, әдейі кеткен адам. Ал егер Приходьконың түрмеден қашуы осы Натальямен байланысты болса, қайтпек? Приходько Ергештің бандасына қосылғанын Рысқұлов ТүркЦИК-ке Ферғанадан шабарман арқылы айтып жіберген. Ендігі мәселе ертең шешіледі. Түн ішінде қатыным қашып кетті деп жұртты дүрліктірмеуді дұрыс көрді. Жолдан қалжыраған комиссар ықылассыз шешініп, жетімсіреген төсекке қисая кетті. Наташаның бос орны суық тартты. Әлдеқалай жазатайым өліп айырылса бір жөн, тірідей үңірейген орын үрейлілеу көрінді. Бір сәт бұрынғы әдеті бойынша, жанында жатқан сұлу әйелін құшақтай беремін деп қолы сейсепті сипалап қалды. Сейсептің астынан бірдеңе қытырлағандай болды. Ары-бері сипалап еді, қағаз сияқты сезілді. Сейсепті түріп жіберіп, астынан төрт бүктелген ақ парақ алып шықты. Орнынан атып тұрып, қайтадан шам жағып, жалма-жан көзілдірігін іздеді. Асыққанда, көзілдірік бірден қолына іліне қоймады. Пиджактің қалталарын қағып шықты, үстелдің үстін, терезенің алдын барып қарады, табылмады. Мұндай ұмытшақтығы жоқ еді, бұл қалай деп таң қалды. Қолымен шекесін сипай бергенде, саусағы көзілдірігінің бауына барып тиді. «Мен шаршаған екенмін. Мынау сұмдық шығар» деп көңілі жабырқап қалды.

«Сүйіктім Тұрар!

Осы үйдің табалдырығынан аттап кетерде ақылым айран, ойым ойран болды. Бұл қырсығы көп қысқа ғұмырда сенен артық жар таппасымды білемін. Мен саған енді өз пайдасы үшін, сенің биік мансабың үшін, өзі келіп ұрынған алдамшы, жәдігөй әйел болып көрінермін. Бір есептен, солай деп ойлағаның да жөн. Біржолата көңілің суығаны жақсы. Бірақ мен сені шын жақсы көргенім рас еді. Мүмкін, сенің бала кезіңді, сол жалғансыз, айла-шарғысыз, кіріптар тұтқын, дәрменіз сәби шағыңды білмесем, мен саған бұлай құмартпас та едім. Әйтеуір, Ташкентке сені алғаш іздеп келгенде, көңілім таза, ниетім ақ екеніне, бар болса, Құдай куә. Дегеніне жете берсе, адамдардың бәрі бақытты болып кетпей ме? Онда бақытта құн қала ма? Құдай солай ойлаған болуы керек, мен дегеніме жеттім-ау дей бергенде Аркашаның қырсығы шықты. Ал оған араша түспеуге менің туысқандық дәтім шыдамады. Сен көнбедің. Мен бұл үшін сені айыптамаймын. Сен ардың ала жібін аттай алмадың. Өйтпесең, Рысқұлов боласың ба?! Өйтпесең, осы дәрежеге жете аласың ба? Ал мен осалдық жасадым. Сен Аркашаға қайырымсыз екеніңе көзім жеткен соң, басқа бір бастыққа барып арыздандым. Әйтеуір, Құдай жарылқап, Аркаша ажал тұзағынан құтылды білем, ақыры не боларын болжай алмаймын. Кетпеннің басын бассаң, сабы маңдайыңа сарт ете қалады. Мен сондай хал кештім. Сен енді мені жек көретініңді, кіршіксіз большевик ретінде, тіпті менен жиіркенетініңді сездім. Өйтіп бірге тұрып қайтеміз? Менің саған бәлем жұғатын сияқты. Аркашаның қырсығын пайдаланып, әлдекімдер сені арандататын сияқты. Сондықтан кетуге бел байладым. Қырсығым тимесін. Жолыңды бумайын. Үмітіңді үз. Іздеме. Әуреленбе. Егер басыңа іс түссе, мені қаралай бер. Ер-азаматтың сендей сұлтанына әлі әйел затының асылы кез болар. Содан бақытың ашылсын. Құдай алдында айтар сөзім: сені сүйгенім рас. Бұйырмағаның да рас. Қош, Тұрар!

Наталья».

Ертеңінде ТүрЦИК Кобозев пен Рысқұловтың Ферғана, Шымкент сапары жайлы есебін тыңдады. Кушекин төрағалық етті. Ол баяндама жасап тұрған Рысқұловқа қарап: «Бұл ТүрЦИК-те соңғы сөзің болар, сабазым», – деді ішінен. Ал солшыл эсерлер тобының көсемі, Ерекше бөлімнің бастығы Успенский ТүрЦИК мәжілісі бітісімен Рысқұловты тұтқынға алып трибуналға беру жөніндегі ордерге қол қойып, қалтасында сақтап отырды. Ондай қақпаннан қаперсіз Рысқұлов көсіле сөйлеп, екпін алып тұрған кез еді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий