Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Әй, ақымақ! Отыр, – деді ағасы ренжіген қабақпен. – Мұрныңның ұшынан арғыны көзің көрмейді. Ертеңгі күніңді ойла! Бүгін өз ықтиярымызбен кедейіне көмектессек, ертең ату жазасынан аман қаласың. Бұл өкіметтің ығына қарай жығыла бер, сорлы. Енді қарсылассаң, арам қатасың.

– Ақылды қарт, – деді Кобозев.

– Көреген, – деді Рысқұлов.

– Міне, сіздің табан астында табу керек деген тілегіңіз орындалды, Тұрар Рысқұлович.

* * *

Дауылбай бір қамба тарының аузын ашып, бір шелектеп аштарға үлестіре бастады.

– Шикідей жеме, сорлы, кеуіп өлесің, – деді ол аузына шикі тары құйған біреуге.

Осы кезде қызыләскер алдына салып, болысты алып келді. Болыс сәнді киінген, аяғында жалтыраған қырым етік, галифелі сұр шалбар, қалың белдік буынған сұр жейде. Қылыш асынған, наган асынған. Басында дөңгелек құндыз бөрік. Тек мұрнын дәкемен таңып тастаған. Аузы қоса таңылған. Маскалы адамдай. Көздері ызалы. Рысқұлов өзі келмей, солдат жіберіп, шақыртып алғанын жақсылыққа жорымаған.

– Амансың ба, Оразбақ, – деді Рысқұлов қол ұсынып. – Бір-бірімізге көңіл айтпағанымызға сен де кінәлі емессің, мен де кінәлі емеспін.

– Сізді болыс сайлаған кім? – деді Кобозев.

– Совдеп.

– Неге кедейлердің ауқатын, малын тартып алдыңыз?

– Нұсқау солай болды. Мен – орындаушы.

– Ал сізге анау Ахат қартты ат десе атасыз ба?

– Жоқ.

– Неге?

– Күнә.

– Ал аштан өлтіру күнә емес пе?

Оразбақ төмен қарады. Беліндегі қылышты, наганды шешіп Кобозевтің алдына тастады. Галифе шалбарының қалтасынан ақ қалташа алып шықты. Ауызындағы бүрме жібін шешті. Мөрді де Кобозевке ұсынды. Бұрылып жүре берді.

– Тоқтаңыз, – деді Кобозев. – Сіз бізбен бірге боласыз. Осыдан Шымкент барамыз. Мүмкін, Ташкентке де қажет боларсыз.

Дауылбай аштарға тары үлестіріп беріп жатты. Кеше ғана соңғы қадақ дәнін Оразбақ тартып алған ауылдас ағайындар жүрек жалғар талғажауға да мәз.

– Рақмет, Тұрар, – деді дорбасына тары салған Ахат қарт. – Сені жамандыққа қимаушы едім, кәрі жүрек алдамаған екен. Ризамын, бауырым. Адал екенсің. Құдай сені әманда ақ жолдан айырмасын. Әумин!

Кобозев пен Рысқұловты Ташкентте құшақ жая қарсы алған адам болмады. Екеуі де астанаға елеусіз, түнделетіп келіп, таңертең ТүркЦИК-те кездеспек болып келісіп, Кобозев өзінің резиденциясына, Рысқұлов үйіне қарай кетті.

Мұхсина кемпір есік ашты:

– И-и-и, Тұраржан, келіп қалдың ба, ат-көлігің аман ба? Көп жүрдің ғой, тегі? – деп жасқаншақтай амандасып, көзі тайқи берді.

Рысқұлов Наташа дыбыс бермегенге таң қалды. Әлдебір жаққа шығып кеткен болар деп жорыды. Салған жерден сұрауға: «И-и-и, бишара, қатынын сағынып қалған екен», – деп ойлайды-ау деп тежелді. Ал Наташаны аңсағаны рас еді. Әлгінде Кобозевті резиденцияға дейін шығарып салмай, үйдің тұсынан түсіп қалғанда да Наташаға асығып еді. Есіктен кіре бас салып, құшақтап, бауырына қысып-қысып сүймекші болатын. Рас, соңғы кезде араларында аздаған кірбің бар-ды. Бірақ бір айға жақын бірін-бірі көрмей, ынтыққан соң, ол кірбіңді Рысқұлов ұмытқан. Наташа да күткен шығар деп ойлаған.

Мұхсина кемпірдің әлденеге кінәлі адамдай көзін жасырып, күмілжи бергені ұнамады. Ұятты қойып:

– Келініңіз қайда, Мұхсина апа? – деді.

Кемпір бір сәт кемсеңдеп, төмен тұқшиып тұрды, басындағы көгілдір шәлісін маңдайына таман түсіріп, бір бетін бүркемелей беріп, кәдімгідей дауыс шығарып:

– И-и-и, Тұраржан, кәйтіп қана айтамын, оны айтқанша кесілгір тілім кесілсейші!

– Не болды. Айт тез! – деп Рысқұлов қорқып кетті. Наташа өлген екен деген ой сап етті.

– Орыс келін кетіп қалды. Шабаданын көтеріп кетті де қалды. – Мұхсина екі бүйірін таянып, көзін тарс жұмып, теңселіп тұрып, кәдімгідей булығып-булығып жылады.

– Тірі кетті ме, әйтеуір?

– Тірі, тірі, Тұраржан.

– Е, онда несіне жоқтап жылайсыз? Келер, Манкенттегі шешесіне кеткен шығар көп болса, оның несіне сонша қиналдыңыз, – деп Рысқұлов күліп жіберді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий