Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Сенсең, Оразбақты болыс сайлатқан мен емес. Бұл қастандықпен істелген болды. Рысқұловты елге жексұрын етіп көрсету біреулерге өте тиімді. Солай. Шымкенттен совдеп бастығы келуге тиіс. Келіп қалатын уақыты болды. Әне, сонда бәрі анықталады.

Ахаттың ақ селеу қасы желп-желп етіп, қабағын көтеріп, көзін ашып, Рысқұловты дұрыстап көрмек болды, бірақ тұман-тұман, бұлдыр арасынан көрінбейді.

Түлкібасқа Тұрар келіпті деген хабар жер-жерге лезде тараған. Ескі болыстың аулына түсіпті дегенді естіген ел ойланып қалды. «Жоқ, Дауылбай әулетін қайтадан таққа отырғызады», – деді. Неше түрлі болжам пішіліп жатты. Рысқұлов келді дегенде пұшық Оразбақ Көкіректің базарынан қайтып, ес-түсін білмей, үйіне келіп, ұйықтап жатыр еді. Шешесі ары жұлқылады, бері жұлқылады:

– Байғұс-ау, туысқаның келіпті, тұрсаңшы, барып сәлем берсеңші, соның арқасы емес пе, өстіп қарайып адам болып жүргенің, – деді.

– Қай туысқан? – деп Оразбақ келесі жамбасына аунап түсті.

– Тұрар туысқаның, ойбай. Сені қолдайтын басқа қай туысқаның бар еді?

– Тұрар? Ол қайда? – деп Оразбақ лезде есін жиды.

– Кедей деп сенің үйіңе түспей, ескі болыстың үйіне түсіпті.

Оразбақ шошып қалды. «Онысы несі? Барсам ба, бармасам ба? Мені неге шақыртпайды? Өзім жетіп барғаным қалай, шақыртусыз?».

Барар-бармасын болжамаса да, айна алдында тұрып, кірлеу дәкемен мұрнын таңа бастады.

Біреу көрмек үшін, біреу арыз айтпақ үшін, біреу ауқат сұрамақ үшін Рысқұловқа жолығамыз деп ескі болыс аулына ағыла бастады. Ыңыршағы айналған лақса мінген Медеу ақын да жеткен екен, босағадан аттай бере ащы дауыспен айқайлап өлеңдете сәлемдесті.

Көптен бері мұндай жиын болмаған, көптен бері көптің көңілі қаталап қалған. Медеу ақынның марапаттау өлеңіне кеу-кеулеп, жөндеп көтермелей де алмады. Рысқұлов Кобозевке ақын тілегінің мазмұнын жеткізді.

Кобозев таңдайын тақылдатып қойды.

– Жазып алмай, табанда қиыстырып айта береді, ә.

– Бұл біздің қазақ ақындарының ерекшелігі. Мына Медеу ақын бұрын өткен нағыз жайсаң ақындардың соңы ғой. Бұлардың бақыты – табиғи таланты, соры – сауатсыздығы. Жаңа маған арнаған жыры айтқан жерде қалды. Зейінділер жаттап алып, біріне-бірі жеткізе жүреді, халыққа тарайды. Халық қаласа, оны қастерлеп өңдеп, әрлеп, әрі қарай алып кете береді. Әйтпесе ұмытылады. Бәлкім, бұлар өлеңді жаза білсе, соған сүйеніп, табанда қиыстырып шығаруды ұмыта бастауы да.

Қадірлі меймандар отырған бозаң үйдің айналасына қауымиет жиналған. Іргеге құлақ түріп, ақынның үнін естігілері келеді. Әуелі ойлағаны қарын қамы болғанмен, өлең сөздің құдіретіне табына білген жамиғат жым-жырт ұйып, әуенге құлақ салып қалыпты. Бұлар ақынның сөзін бөлмей әдеп сақтап, аш та болса, ажарын жоғалтпай, төзім сауытын киіп алғандар. Ақын да шаршайды, сонда бұлар сөйлемек. Дайындалып отыр.

Олар:

– Иә, жолдас Рысқұлов! – демекші. – Ел басқаруың қайырлы болсын. Бірақ елге қайырым қашан болады?

Әзірше әдеп сақтап, салтанатты бұзбайын дейді. Бұлардың ішінде Рысқұловты білетіндер де бар, білмейтіндер де бар. Білетіндер: баяғы Талғар таудың Бесағашынан Түлкібасқа арып-ашып әрең жеткендер еді: Шыны, Жүсіп, Қорған болатын. Ахат қой бұлардан бұрын жетіп, Тұрар туысқанының оң жағына отырып алыпты.

«Мейлі, – деді Шыны іргеден сығалап. – Мен басқаша сәлемдесемін».

Ақыры Медеу ақын домбырасын керегеге сүйеп, өзі алдындағы сұйық шайға қол соза бергенде, табалдырықтан ішке қарай Шыны аттады:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий