Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Рысқұловтың туысқаны басмашы болып шығады, Рысқұловтың әйелі патша оязының қызы болып шығады, ол әйелдің ағасы Осипов бүлігіне қатысады, қолға түсіп, кеңес түрмесінен оп-оңай қашып кетеді; Рысқұловтың тағы бір туысқаны Майлыкент-Түлкібаста болыс болып сайланып, Кеңес өкіметінің беделін түсіреді – осының бәрі аз ба?

– Сонда не бұйырасыз? – деді комиссар Нысанбаев Кушекиннің ниетін танып тұрса да.

– Ферғанаға аттанып, Рысқұловты сол жақтан Ташкентке тұтқын ретінде жеткізу керек.

– Ол мүмкін емес, жолдас Кушекин.

– Неге мүмкін емес?

– Ол үшін ТүркЦИК-тің президиумының қаулысы керек. Рысқұлов көптің бірі емес, оп-оңай тұтқындай салатын, ол бірегей.

Кушекиннің қабағы салбырайды.

* * *

Шатқалдан Ақсу-Жабағылыға асудың жолын Жорабай болмаса, басқа адам білмес еді. Жорабай жол бастады. Әкесіне еріп, бір көрген ізінен жас жігіт жаңылмаған екен.

Жорабай ажалы жоқ екен, әупіріммен аман қалды. Бұрынғы басмашылардың бір тобы Абдолла Жармұхамедовтің отрядына қосылып, Ергешке аттанып, кәрі-құртаңды ауылына қайтарды, байлаулы жатқан Жорабай естеріне түсті. Оның тағдырын өздері шеше алмайтын болған соң, Рысқұловқа шындарын айтты.

Жас жігітті Рысқұлов танымады, бірақ жүрегі түскір әлденені сезді ме, жолдан қалмайық деп, ат үстіне тұрса да сәл аялдап, тұтқынмен тіл қатысты.

Сөйлесе келе, бір елден, бір атадан, аталы-інілі болып шықты. Ойлап тұрса, Жорабай да қасиетті Талғар таудың бауырында, Бесағаш, Тау-Шілмембет ауылында туған екен. Жорабай туғанда, Рысқұлов бес-алты жасар бала екен, Омарды жақсы біледі, ал Жорабай есінде қалмапты.

Сұраса келе, Омар хикаясын түгел тыңдайды. Елден неге қашқаны, басмашыларға неге қосылғаны, Ташпулаттың қолына баланың қайдан душар болғаны, бірте-бірте қылаң бере бастайды.

«Омар тау асып, тас басып, басмашыларға қосылып жүрсе, мына таудың теріскей беті де тыныш болмағаны», – деп ойлады. Бәрінен де тосыны: Оразбақтың болыс болып, елді аш битше буып бара жатқаны еді.

Рысқұлов қалың жұмбақтың, шатысқан шиеленістің түйінін шеше алмай дал болып, әрі қатты күдікке тірелді. Содан жанындағы Кобозев пен Назым Ходжаевты Теріскейге өтуге көндіреді.

Ферғана жағдайы белгілі болды, кесірінен сақтаса, Абдолла отряды Ергештің сілесін қатырады. Ал теріскей жатқан Әулиеата уезі мен Шымкент уезінің жағдаятын біліп қайту, Ферғана түйінінен кем соқпас еді.

Әрі десе, ата-баба мекенін бір көру көптен көкейде жүрген тілек еді. Оның үстіне мына Жорабайдың әңгімесінен сескеніп тұрған да жайы бар. Әлдеқалай бір қаскөй тірліктің барын ақылымен емес, көңіл дүрбісімен көріп қалғандай болды да, тау асуға бел байлады. Төтенше комиссардың келісімі болған соң, Ташкентке жағдайды айтып, шабарман аттандырды.

Жорабайды алдыға салып, бес-алты атты араға бір түнеп, Ақсу-Жабағылының аршалы әлеміне де ілігіп еді. Ақсу-Жабағылы жеткен соң, Түлкібас таяқтастам жер сияқты.

Ташкенттен Ферғана асып, Майлыкент болысына келген төтенше комиссар Кобозев пен Түркістан басшысы Рысқұлов қайда тоқтау керек? Әрине, болыстың үйіне. Бұл елдің болысы – Оразбақ.

Бірақ Рысқұлов Жорабайға:

– Бұрынғы болыстың үйіне баста, – деді.

Бұрынғы болыс Дауылбай әулеті. Күмісбастауды жайлаған алпауыт тұқым, бұл күнде биліктен айырылса да байырғы дәулеттен айырылмай, өзге қазақ құсап ашаршылықтың аранына ұрынбай, ашықпай, арымай отыр еді.

Мұндай дәрежелі ұлық келерде алдын ала хабарлар еді, төтеннен сау ете түскен сақыр-сұқыр қару-жарақты жасақты көріп, Дауылбай ауылы шошып қалды.

Рысқұлов Дауылбай жатқан құба киіз үйдің маңдайына ат басын тіреді.

– Ойбай, Рысқұлов келе жатыр, Рысқұлов Тұрар! – дегенді естігенде Дауылбай:

– О, зауал! Ақыры түбіме жеткен осы болар, – деп ішінен өз иманын өзі үйіргендей күбірлей беріп, дегбірі кеткен.

Бірақ Рысқұлов оны атып тастайтын сыңай танытпады. Қайта амандық-есендік жөніне келіп, хал-жай сұрасты. Бірте-бірте бойы үйренген кәрі қақсал:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий