Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Баланың шекесіне тірелген тажал өз шекелеріне кірген шөңгедей қанша халық, соның бәрі қылкөпірдің үстінде тұрғандай қиын хал кешті. Жүйкесі шыдамаған бір қызыләскер Ташпулаттың баладан озған басын көздеп тұрып, шүріппені басып кеп қалғанда, «Апа!» – деген жіңішке дауыс періштенің үніндей шың-құзды шайқалтып барып, кілт үзілді.

Өзінің атпағанына көзі жеткен Ташпулат былқ-сылқ еткен нәресте денені құшақтап тұрып:

– Жауыздар! Өздерің аттыңдар! Өздерің өлтірдіңдер! Сендерде не пәтуа бар! – деп бақырып жіберді.

Ол өлі денені былқ еткізіп жерге тастай салып, астындағы дір-дір еткен арғымақтың басын жалма-жан кері бұрып, құйғыта жөнелді. Ешкі қияға о баста түспегеніне өкінді. Ергеш ит сол қиямен өтіп кетті. Ескертпеді де. Бұйырса, құтылып кетермін деген сорлы үміттің қанатында ұшып бара жатты. Енді бір бұлым озса, енді сәл шыдаса, енді бір қас қағым озса... Түнгі жорықтан зорыққан арғымақтың адымы тым қысқа сияқты көрінді. Шыда, жануар, барыңды сал! – деп жалынды.

Арттан гүрсілдеп атылған дауыс, сатырлаған шабыс оған енді әсер етпегендей. Тек бұлым айналса, тек қия жолға ілінсе...

Кенет екі жауырынның арасы тыз еткендей болды. Тек бұлым айналса, тек Шыршықтың бойындағы биік шынар неге көрінді? Бойжеткен қыз шашбауы сылдырай ма? Шыңнан өз мекеніне ұшып жетіп қалған ба? Омар қайда? Алтын қайда?

Көзінің алдынан сары жалқын жарқылдады. Бүкіл аспан астынан сап-сары тіллә жауып тұрғандай, қолын созып, алақанын тоспақ болды. Алақандары жайылған күйі арғымақтан құлап бара жатты. Алақаны жаюлы. Әлдене тілейді? Тіленшілікпен өткенін сезген жоқ. Әлі де үміткер, алақаны жаюлы.

Адамдар келіп жетіп, аттарынан түсіп, көзі ашық жатқан Ташпулаттың жанарын жаппақ болып, қабағын түсірмекші еді, жабылмады. Зеңгір көкке қадалып, алақаны жаюлы жатты. Жау да болса, жүзін жасыру парыз. Жауынгерлер жер қаза бастады. Рысқұлов қазылған топырақтан бір шымшым алып, Ташпулаттың жаюлы алақанына абайлап қана апарып салды. Ташпулаттың көздері баяу жұмылып барып, кірпіктері айқасты.

Рысқұлов оның бағбаны болып жүргенде жалақың деп жас жігіттің алақанына қолы қалтырып, жалғыз жарым жетім тиын салатын. Енді оның парызы өтелгендей. Ташпулат дегеніне жетіп, жебір дүниеден тойынып аттанғандай ажары нұрланып жатты. Ешқандай кейіс, өкініш белгісі жоқ. «Осының бәрі не үшін?» – деген жалғыз сұрақ қана аузынан шыға жаздағандай әнтек ашық.

* * *

Бала бишара ішін басып, екі тізесі бауырына жиырылып, бүкшиіп қана жаурап жатқан сияқты еді. Рысқұлов көкіректен қайнап шытып жатқан ыстық жасын тоқтата алмады. «Көке!» деген періште дауыс құлағында емес, жүрегінде шыңылдады да тұрды. Ташпулаттың алтыатарынан емес, қызыләскердің жауға деп атқан оғынан жазатайым кеткені Рысқұловтың жанын қатты күйзелтті. Өзі бауыр басып та үлгірмеген туысының бұл опаты тым сескендіріп, талай өлімді көрген Рысқұловқа шын ажалдың қандай екенін енді аңғартқандай, аңырып қалды.

Осының бәрі бір тымырсық түс сияқты. Баланы алғаш көргені он жетінші жылдың аласапыран ашаршылық күзі. Әулиеатаның шандақ көшесі, одан Атшабардың үн базары; Мирза-ауфтың қорасы, содан биылғы көктем; Ескі Ташкент, нан ұрлаған бала; Қабылбек Сармолдаевтың телефонымен айтқан жауабы; баланың ұшты-күйлі жоғалып кетуі.

Қалың жұрт өзіне назар аударғанын байқап, Рысқұлов қатаймақ болды.

– Жерошақтай ғана шұқыр қазыңдар, – деп қату айтты. Бәрібір беки алмады. Сәлден кейін жер қойнында, Алатаудың жалғыз жақ бетіндегі шатқал аузында мәңгі қалатын жалғыз бауырын бетінен, маңдайынан сипап, тізерлеп отырып алды.

Кобозев шоқша сақалын уыстап, ары-бері жүрді де қойды. Парасатты адам: «Бұл қалай?» – деп Рысқұловтан дәл қазір сұрап жатпады. Оқыс атылған мылтықтың үрей үнінен, тасырлата шапқан аттардың шақылдаған тақаларынан, шаңқылдаған дауыстардан шошынып, жон арқасы дүрдиіп қалған шоқылар сол жатырқау жауға қарау қалпын сақтап, суық беттеніп тұр. Тек аспан маужырап, көгілжім тарта, көлгірсіп қалған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий