Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ергеш ханның мұрты жыбырлай бастады. Надан бай мына гяурлердің көзінше оттап отыр. Ташкентті басып алудың оп-оңайын. Баяғы Шырнай-пашаның заманы емес, Ташкентті лезде алатын.

Ергеш хан бір күрсініп алды. Сонда оның қиялында қандай арман қанатсыз ұша алмай мақрұм жатқанын жанындағылар білген жоқ. Ол генерал Черняевтің рөлінде болуды армандар еді. Қоластында екі мың әскері, он екі зеңбірегі ғана бар генерал Черняев, (яғни Шырнай-паша) отыз мың әскері, елу зеңбірегі бар Ташкентті 1865 жылы маусым айының он төртінен он бесіне қарағанда, түнгі сағат он бірге ауғанда, қақпаларын қан қылып, қақырата бұзып кіргені-ай. Сондағы Черняевтің бар шығыны жиырма бес солдат өлген, сексен тоғызы жараланған, жиырма сегізі есеңгіреп қалған. Шырнай-пашаға қарсы тұяқ серпіп, біраз мазалап, қарсылық көрсеткен қырғыз Әлімқұл мен қазақ Садық сұлтан ғана болды. Әлімқұл майдан даласында оқ тиіп, сол жарадан қаза тапты. Садық сұлтан Ташкент құлағаннан кейін де күшігін алдырған арлан бөрідей айналақтап, Черняев, одан кейін Кауфман қолын жиі-жиі шабуылдап, кейде лапылдай төніп, кейде қаша соғысып, көпке дейін мазалады. Ақыры Шығыс Түркістанға асып кетті. Жанында нағыз берілген шап-шағын ғана қол қалса керек. Шығыс Түркістан шекарасына жете бере, Садық сұлтан ақбоз атынан түсіп, өзі тастап келе жатқан Батыс Түркістан жаққа қарап отырып, намаз оқыды дейді. Батып бара жатқан күннің қызылы жирен сақалын жуып аққан көз жасын қызыл сәулеге бояғанда, Садық сұлтанның жанарынан парлап-парлап қан аққандай көрінген.

Ергеш кімнің кебін киеді? Черняевтің жолын бере ме оған тағдыр? Әлде Садық сұлтан сияқты мына қара күйек сақалын қанды жас жуа ма? Бұл ойдың бәрі Ергештің көңілінде қас қағым сәтте жүгіріп өтті де, сол сырдың аузын сығымдап буып, мына барылдақ байға зіл қадады:

– Ташпулат ака, таусылмаңыз. Ұлы пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаху алейкү-уәссәләм!) жасыл туын жарқыратып, дұшпанға шабар күн жақын. Мына біздің досымыз Бейли мырза жағымды хабар жеткізіп отыр. Орынбордан Дутов шығады. Ашғабад жақтан ағылшын, Хорезмнен Жүнәйд хан, Ферғанада – біз. Мадамин-бек ақымақ, маған қосыла салмай, Колчактан полковник шенін алғанға мақтанып, өзінше қол жинап жүр. Мейлі, большевиктерден гөрі, о да дұрыс.

Есінегісі келгендей аузын майыстырып Бейли мырза сөзге араласты.

– Мистер Ташпулат, сіздің талабыңыз дұрыс. Мен сіздерге жаңа қару-жарақ ала келдім. Менің ұлы мәртебелі королім мен Ұлыбритания үкіметі сіздердің жеңісіңізге өте құштар. Ұлыбритания Түркістанның большевиктерден азат болуы үшін өз көмегін аямайды. Сіз ашулысыз, ақылға жеңдіріңіз.

Бейли есіне бір ерекше жай түскендей, алақандарын сарт еткізіп:

– Олл райт! Айтпақшы, Ергешбайды құттықтап қойыңыз, Ташпулат мырза, – деді. – Ол атақты, алғыр атаман Дутовтың өзінен хат алып отыр. Ергеш мырза, бере тұрыңызшы, тағы бір оқып, қанаттанып қалайық.

Ергеш көк мәуіті френчтің төс қалтасынан ақ жібекке оралған хатты құнтсыздау алып Бейлиге ұсынды. Бейли орысша балдыр-батпақтау болған соң, хатты дауыстап оқуды Приходькоға жүктеді. Дутовтың хатын оқудың өзін дәреже көрген Приходько қоқиланып, дауысын мақамдап ала жөнелді.

Походный атаман всех казачьих войск,, командующий Оренбургской Армией и войсковой атаман Оренбургского казачьего войска № 11г. Омск.

НАЧАЛЬНИКУ

Мусульманского партизанского отряда в Ферганской области Иргаш-баю.

Мне, атаману казачьих войск Российской армии, известно, что Вы, доблестный вождь Ферганских джигитов, будучи верным хранителем интересов России ведете неустанную и упорную борьбу с большевиками, преступно захватившими власть в Туркестане и поправшими право, честь и религию предков всех народов, населяющих Великую Россию.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий