Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Рысқұлдың осы ұлының бала болғаны Омардың есінде қалмапты, Құданың құдіреті. Бесағашта, баяғыда үйімен үйі іргелес отырып, Тұрардың бала болып ойнағанын байқамапты. Анадан жастайынан жетім қалып, тұнжыраңқы жүретін сәбидің болар-болмас елесі ғана бар есінде. Рас, бір көрініс анық әлі күнге дейін көз алдында. Ол сол Талғардың Басағашына пристав келіп, Тау-Шілмембеттің үш арысын дар аташқа аяғынан асып қойған сәті. Рысқұл Саймасайды атқан күннің ертесі. Пристав сонда Рысқұлдың баласын қардың үстіне жалаңаяқ тұрғызып қойып тергеуге алған. Омар сонда құжыра есігінен баспалап қарап тұрған. Сондағы қасарысқан, жақ ашпаған, қар қарыған аяғын кезек-кезек көтеріп қойып, безірейген көкбет бала көз алдында.

Сол баланы енді ел билейді деп кім ойлаған? Білсе, Омар сол кезде оны мойнына мінгізіп ойнатар еді ғой. Білсе, оның әкесімен үзеңгі ажыратпас еді-ау. Түрмеде жатқанда артынан күнде барар еді-ау. Енді ойласа, бір рет те ат ізін салмаған екен. Ол – ол ма, Тау-Шілмембетті Рысқұлға қарсы қойып, өзеуреп баққан екен. Тау-Шілмембеттің бар пәлесі Рысқұлмен кетсін деп, садақаға шығарған, шіріген жұмыртқаға балаған екен.

«Өткен іске өкінбе» деген екен бұрынғылар. Сойдиып сорыңды қайнатып, алдыңнан шығып тұрса, қалай өкінбессің?

Көз алданғыш. Ойраны шыққан ойды көз алдайды. Өмірі өңі тұрмақ, түсінде көрмеген айшықты, ою-өрнекті ғимаратты көріп:

– Мынау не, шырағым? – деп сұрады қызыләскерден, тұтқын екенін ұмытып кетіп.

– Хурриет үйі, – деді қызыләскер.

Түсінбеді. «Хурриет» – «құдірет» болып естілгендей. «Онда өкімет осы болды ғой», – деді. Тұтқынның түсінбегенін байқаған әскер:

– Азаттық үйі, – деп қазақшалады.

– Рысқұлов осында ма, шырағым?

– Жоқ, келесі көше, – деді әскер.

– Тілеуің бергір, мені соған апар, – деді басқа біреудің қолына түсермін деп қорыққан Омар.

Көп кешікпей ТүркЦИК-тің асқардай айбынды үйі де көрінді.

– Міне, – деді әскер, – келіп те қалдық.

Омардың жүрегі дүрсілдеді. Зәулім үй еңсесін басып жібергендей болды. Мынандай өкіметке қарсы шықпақ болып, басмашыға қосылғаны иттік болғанын сезді. Мынандай өкіметті кім құлата алады деп тәубаға келді.

– Рысқұлов осында ма, шырағым?

– Осында.

Біздің әулеттің де қолы жеткен екен-ау алыстағы Айға, – деді ішінен. Рысқұловты балағаттағаны есіне түсіп, тұла бойы бір суып, бір ысыды.

Мәрмәр баспалдақтың әр тепкішегіне көтерілген сайын шала дұғасын ышқына іштен қайырды: «Бісміллә рахман-рахым, бісміллә рахман-рахым!» – Одан арысын адасып есіне түсіре алмады. «Әлхамдүллә» ма, «хұлху-алла» ма – шатасты.

Бұларды мұздай киінген әскер тоқтатты. Өзін айдап келген әскер оның қасында жабайы көрінді. Өзінің айдауылы жағдайды айтты.

– Рысқұлов қазір мұнда жоқ. Ферғанаға жүріп кеткен. Бір аптадай болып қалды, – деді мұздай әскер.

– Мына... – деп өз айдауылы тоқтап қалды. «Тұтқын» деп айтарын, яғни «кісі» деп айтарын ойлады. – Рысқұлов жолдаспен жолықпақшы. Ерекше жағдай.

Осы кезде мұздай солдат қолын шекесіне шалт көтеріп, тілі байланып қалшиды да қалды. Айдауыл солдат та қолын шекесіне жапсыра салғандай болды.

Есіктен көзі түймедей, қозы қарын, еңкіш адам, жап-жалтыр, қызғылтым басын сол изеп, өрге қарай өте шықты.

– Жолдас Кушекин, – деп сыбырлады мұздай солдат Омардың айдауылына.

Сол сыбырды естіп қойғандай, кілем төселген басқышпен өрге көтеріліп бара жатқан Кушекин, кенет артына бұрылып қарап:

– Бұл неғылған кісілер? – деп сұрады.

– Жолдас Рысқұловты сұрайды.

– А-а, – деп Кушекин көтеріле беріп, қайта бұрылды, – Рысқұлов? «Рысқұловқа келгіштер көп-ак осы, – деді лезде өзіне-өзі. – Әсіресе мұсылмандар. Бұлар Крайкомды емес, ТүркЦИК-ті емес, Рысқұлов басқаратын Мусбюроны біледі. ТүркЦИК-ке келгендері де көбінесе Рысқұловқа барады».

– Қайдан?

Кушекин бір-бір басып, тепкішекпен төмен түсті.

– Білмеймін. Мына қызыләскер алып келді, – деді мұздай солдат.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий