Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Баяндауға рұқсат етіңіз, жолдас Кушекин! – деп айдауыл әскер қолын шекесіне көтерді.

– Ал айт.

Кушекиннің салбыраған қабақ етінің астынан түйме көздері бұрынғыдан бетер кішірейіп, сығырайып, бұршақтай қалы күреңіте түсіп, күлімсіреген кейіппен, мысықтабандап жақындай түсті.

ТүркЦИК басшысының өзі назар аударғанына танауы делдиген айдауыл ойланып жатпай, мектепте тақпақ айтқан баладай тақылдап, бәрін баяндап шықты. Кушекин алақандарын

уқалап, рақаттанғаннан көзі мүлде жұмылып қалды.

* * *

Ташпулат Шатқалға қайтып таң алдында жетті. Борбайлатқан жирен қасқа жануар тоқтаған жерде тілерсегі дір-дір етіп, артқы екі бұтын әрең алшайтып, ышқынып-ышқынып, қан шаптырып жіберді. Таңғы таза саф ауада запыранды иісі әлемді алып кетті.

Аттың халі анандай болғанда, иесінің қалжырауы орасан еді. Еңселі, ірі сүйекті бай аламан шабыспен бүкіл сүйек-сүйегі уатылып, тұла бойы мылжа-мылжа қанталаған етке айналып кеткен сияқты.

Оны екі нөкер аттан аударып әрең түсірді. Арқасын шынар ағаштың діңіне сүйеп, тілі аузына симай кеткен Ташпулат бірер ұрттам су жұтып, сөзге әрең келді. Тамағы қырылдап әуелгі айтқаны:

– Әлгі иттің балалары қашып кеткен жоқ па? – деді.

– Жоқ, тақсыр, қарауылы қатты, – деп жұбатты оны нөкерлері.

– Ит қазақ қолға түсіп қалды.

– Келісінің өзі жүдә күмәнді еді, жансыз болып жүрмесін. Мына күшіктерінің көзін құртайық,–деді нөкерлердің бірі Ташпулатты жұбатпақ болып.

– О-о-о, тоба! – Ташпулат қырылдап барып көзін жұмды. Көзінің айналасы көгістеніп кетіпті. Нөкер сескеніп қалды: күні біткен пенденің көзі естіп ажалкөктеніп кетеді деуші еді.

– Әпенді, сіз сырқатсыз, шайлаға кіріп жатыңыз, мен қазір шай дайындатайын, – деді нөкер қалбалақтап.

– Ол иттің күшіктеріне сақ болыңдар! Тимеңдер! Өз қолыммен бауыздаймын... Қасқыр апаннан суырған бөлтіріктей бауыздаймын... А мүмкін, бауыздамаспын. Әліптің аяғын бағамыз. Қыран шыбын-шіркей ауламайды, ақымақ!

Осыны айтып Ташпулат бай иірімге батқан зілқара тастай тұңғиық ұйқыға кетті.

Бірақ тыныс көпке созылмады. Әуелі қарауыл кернейлетіп белгі бергенде, басмашылар жау келіп қалды деп апыл-ғұпыл қару-жараққа жармасқан. Артынша сырнай тартылды. Сырнай үні – бейбітшілік белгісі. Демек, келе жатқан қонақ адал ниетті болғаны. Сескенсең, керней үнінен сескен. Керней үні шатқал ішін сақтандырғанымен артынан сырнай үні басмашылар шоғырын сабасына түсірді.

Сәл көз шырымын алып, соның өзінен едәуір тыңайып қалған Ташпулат шайладан тысқа шығып, биік мәртебелі Ергеш ханның алдында қол қусырып, бүк түсіп тұрып сәлем берді.

Ергеш хан жеке-дара емес, жанында нөкерлері және бейтаныс, өң-түсі басқа біреулері бар: әлде ағылшын, әлде орыс.

Ергеш таныстырғанда барып білді: дәнін үгітіп алған жүгерінің собығындай қатпасы – ағылшын Бейли мырза болды. Бейли туралы Ташпулаттың хабары бар. Түркістан милләтіне жанашыр адам, мына өзі асынып жүрген винчестер мылтық сол Бейли арқылы келген.

Екіншісін Ергеш: – Аркадий Приходько, ТВО-ның белсенді қайраткерлерінің және кешегі Осипов ойранын ұйымдастырушылардың бірі. Соғыс кезінде большевиктердің қолына түсіп қалып, Ташкенттегі «достардың» арқасында тұтқыннан қашып шыққан беті, – деп таныстырды.

Ергеш, Бейли, Приходько, Ташпулат төртеуі оңаша қалды. Ташпулат шағым айтты:

– Жігіттерді әрең ұстап отырмын. Оларға жұмақты уәде еттік. Бірақ әлі тамұқтан шыға алмай, тығырықта, мына лағынет шатқалға қамалып отырмыз. Айнала алыс-жақын ауыл мен қышлақтарды жортуылдап, жоқ-жұтаңына қарамай, барын тартып алып болдық. Жамиғатқа жақсылық жасаймыз деп жүріп, тонай-тонай жеккөрінішті болдық. Енді ел қаһарланса, қайда барамыз? Қашанғы аламаншы боламыз? Алатын Ташкентті алып тынбаймыз ба? Күн өткен сайын кеңес күшейіп барады. Әлі де күшейе түспей тұрған кезде, неге ұрмаймыз ұрымтал ұтқыр жерден?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий