Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Время их торжества так же коротко, как время тьмы от заката до восхода солнца, ибо ни один изменник Отчизне и гонитель веры ея не может выдержать ослепительного блеска лучей солнца-правды и свободы, каковъя несут всей России и Фергане верные сыны Родины и ея могущества. Час освобождения России – близок. Русская Армия победоносно приближается к сердцу России – Москве.

Не сегодня – завтра придет поддержка и к Вам со стороны Оренбургских казахов и всего казачества.

В заседении Ваших заслуг перед Родиной и Вашим Краем из-за особые отличия в борьбе с врагами ее – большевиками, произвожу Вас в Сотники с зачислением по Оренбургскому казачьему войску и вручаю Вам свой портрет и боевые подарки, как наихрабрейшему воину в Фергане.

Да поможет Вам Аллах и великий пророк Его Магомет в дальнейшей борьбе с насильниками и хулителями Бога – большевиками, которые дерзнули посягнуть на религию предков, принесли миру голод, нищету и разорение.

Генерал-лейтенант Дутов.

– Қалай, түсіндіңіз бе, Ташпулат мырза?

Ташпулат басын шұлғи-шұлғи тізерлеп тұрып, атластай жылтыр қағаздың бетінен сүйді. Ташпулат саудагер орысша тәп-тәуір білетін. Сауда-саттық бабымен керуен тартып, ертеректе Орынборға да барып қайтқан. Орынбордан магазин, дүние-мүлік дүкенін де аштырған. Қайран заман. Атаман Дутов көмекке келмекші, демек сәті түсіп, аруақ-Құдай қолдаса, Орынбордағы сол дүкен қайта ашылар.

Ташпулат еңсесін көтеріп, орнынан тұрып барып, Ергештің қолын алды. Ергеш солықтау еді.

– Қуанбайсыз ба, Ергеш-бай? – деді Ташпулат.

– Атаман – ақымақ! – деді Ергеш қуанудың орнына. Ташпулат қорқып қалды.

– Колчак анау сүмелек Мадамин-бекке полковник шенін бергенде, мына Дутов мені жүзбасы қылмақшы. Әй, шын ақымақ. Менің он бес мың сарбазым бар. Қайдағы жүзбасы?! Атаманның басы – бас емес, есектің кәлләсі. Ол генерал болса, мен де генерал. Көзін ашып қарасын, азғын атаман.

Енді Бейли сасайын деді. Ергештің парықсыздығына ыза болды. «Бұларда екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деген мәтел бар еді, сол рас болды-ау. Дутовпен тізе қосып, ортақ жауға күш біріктіріп шабуылдаудың орнына шен-шекпенге өкпелеп, иманы кетіп тұр.

– Сіз онсыз да генералсыз, Ергеш мырза, – деді Бейли. – Ол атақты сізге орыс атаманы қимаса, бұйырса, ағылшын үкіметі қияды. Өтініш хатты өзім жазамын. Ал, Ташпулат мырза, сіз де қапаланбаңыз. Уайымға берілмеңіз. Тәуекел тұлпарынан түспеңіз. Сіз уайымға жеңілсеңіз, ана сарбаздарыңызға не дауа? Олардың алдында мүжілмеңіз. Қайта, қайраттандырыңыз. Атаман Дутовтың сәлем-хатын айтып түсіндіріңіз. Білсін олар қорғансыз емес екенін. Көп ұзамай, жеңіске жетеміз. Ағылшын империясы сіздердің бұл ғазауаткерлігіңізді ұмытпайды. Сіздердің есімдеріңіз тарихқа алтын әріппен жазылады...

Бейли Ташпулатқа көңіл айтып, жұбатып отырғанда Ергештің сұңғыла көңілінен тағы бір жылан жылмаңдап өтті. «Бұл суайт інгіліш елінен, жерінен безіп, жер түбіндегі Түркістаннан не іздейді? Қатын-баласы қайда? Сағынбай ма? Осы мына мен Інглияға барып, мына Ферғананы, қатын-баламды тастап, дарияның ортасында, ғаламның бір қиырында жатқан аралға түсіп: «Мен сендерді корольдің құлдығынан құтқарғалы келдім», – десем не дер еді? Үндістанның інжу-маржанын жалмап жатқан ит інгіліш Түркістанды да түгімен жұта салмақшы ғой. Тұра тұр, әуелі көмектес, тізгін біздің қолға бір тисін. Содан арғысы бола жатады!»

Бейлидің аузы қисаңдай берер ме еді, Ергештің жүрегінің басында шұбар жылан жорғалай берер ме еді, кенет Ташпулат мүлде әдепсіздік танытып, орнынан алақ-жұлақ атып тұрды. Биік мәртебелі меймандар да мұны көріп сасып қалды.

– Не болды, Ташпулат әпенді?

– Бұл жерден кету керек! – деді Ташпулат апыл-ғұпыл. – Түнде бір ит менің қолымнан қашып кетіпті. Ол дұшпанға хабар беріп, жауды үстімізден түсіруі мүмкін.

– Келе сала неге айтпайсың? – деп Ергеш лезде қаһарына мінді. Әлгі мәймөңке жайына қалды. Көзі құтырып, мұрты тікірейіп, дүлейдей түнеріп шыға келді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий