Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ташпулат тұтқындарға алаң болып тұрғанда Ергеш, Бейли, Приходько қарасын үзіп кетіпті. Бай қатты ызаланды: «Ит Ергеш, басыңды доп қылып тебер ме еді!» – деп тістенді.

Алдыңғы жақтан лек-лек мылтық даусы жамырай шықты да, шатқалға төнген құж-құж құздар құлап бара жатқандай, жиһан жүзі күңіреніп, жаңғырық жарып жүре берді.

Арты – тұйық, алды – жау, не де болса жарып өту керек. Ташпулат тобыр сарбаздарына айқай салды:

– Тоқтамай, жарып от!

Бірақ оның сөзі жан баласына зәредей әсер етпей, тобыр топ бір сот қақалып, қаңтарылып тұрды да, тұйыққа қарай кері лықсыды.

– Алға! – деп айқайлады Ташпулат.

Оның өзін таптап кете жаздап кейін шегінген аттылар есі шығып, артта тығырық қамау екені естеріне енді түскендей не ары, не бері емес, ошарылды да қалды.

Алғашқы қалың атыстың түтіні сейілген кезде, кезеңнің үстінде самсап тұрған қол көрінді. Қызыл жалау желбірейді. Қызыл жалаудың түбінен мойылдай қара айғыр мінген комиссар алға шаншыла шығып айқай салды:

– Ей, алданған мұсылмандар! Тыңдаңдар! Бұл келіп тұрған атақты қызыл командир Абдолла Жармұхамедовтың жеңімпаз қолы. Оның есімін барлық басмашы жақсы біледі. Одан құтылған жау жоқ. Ендеше, қарсыласу болмасын! Ағайындар, сендер басмашы емессіңдер! Сендер жаулардың алдауына түскен кембағалсыңдар. Қарсылық көрсетпей, қаруларыңды тастап, бері қарай шыққандарыңа Кеңес өкіметі кешірім жасайды. Өз үйіңе қайтасың. Кеңес саған жер береді. Көктем өтіп, жаз шығып келеді. Басмашы болып, сандалып жүргенше, өз қышлағыңа, өз ауылыңа қайтып, шаруаңа кіріс. Жер өңдеп, егін сал, шөп орып, малыңа азық жина. Кешірім сендерге. Мұны айтып тұрған Түрк-ЦИК төрағасының орынбасары, Мусбюро төрағасы, Крайком президиумының мүшесі Тұрар Рысқұлов! Менің бұл сөзіме Төтенше комиссар Кобозев жолдас куә. Міне, ол кісі!

Астындағы жирен айғырды тебініп алға Кобозев шықты:

– Рысқұлов жолдас рас айтады. Қаруларыңызды тастаңыздар, бәріңізге кешірім болады. Мен мұны Орталық Кеңес Үкіметінің атынан айтып тұрмын!

– Алдасаңдар, ант ұрады! – деді алдыңғы саптан біреу.

– Кеңес өкіметі антына адал.

– Ендеше, кеңестік белсенділер неге бізді жәбірледі? Ақырғы бір қадақ жүгерімізге дейін тартып алды!

– Ол Кеңес емес, кеңес тонын жамылған жаулар. Арандату үшін әдейі жасаған әрекеті. Кеңес өкіметі байларды конфискациялап, дүние-мүлкін кедейлерге, кембағалдарға үлестіріп беру туралы пәрмен еткен. Оны бұрмалап, кедейлерді бізге өшіктіріп жүрген алаяқ жау тұқымы. Сеніңдер бұл сөзге, мұны айтып тұрған мен, Рысқұлов.

– Көке! – деп шар еткен бала даусы шаңқ етті, демде өшті. Ташпулат оның аузын баса қойған.

– Лағынет атсын! Сенбеңдер ол дінсіздің сөзіне! – деп барқырады Ташпулат. Титтей баланың аузын басып, тұншықтырып тұрғаны өздерін тұншықтырғанмен бірдей көрінген сарбаздар қаруларын лақтырып, ойқастап арғы жаққа өте бастады. Алдыңғы бір-екеуі басталуы мұң екен, лезде Ташпулаттың жан-жағы жалаңаштанып қалды.

Қақпанға түскен қасқырдай қыңсылаған Ташпулат суға кеткен тал қармайдының керіне түсіп, баланы кеудесіне қысып алды. Бір қолына алтыатарын алып, нәрестенің шекесіне тіреді:

– Рысқұлов!

Рысқұлов жалт қараған.

– Мынау сенің інің, Рысқұлов! Мені босат. Тоқтаусыз өткізіп жібер! Егер ұстауға әрекет етсең, бауырыңды атып тастаймын. Өзім ана қияға түсіп қашып құтыламын. Әне, сол қиямен Ергеш қашып кетті. Сен оны көрмей қалдың. Қасында інгіліш Бейли мен сенің қайнағаң Приходько да бар. Түсіндің бе менің шартымды?

Рысқұлов сенер-сенбесін білмей, дағдарып қалды.

– Көке! – деп шырылдаған шекесіне алтыатар тірелген бала.

Енді ешқандай күмән қалмады. Бірақ таңғалып, дал болғаны: Арман қайдан жау қолында жүр?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий