Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бала күркені ойлады. Соған қайтар жолды ойлады. Әке-шешесінен әлі үміт үзбей, олар жоқта күркені Дәу Омар әлдеқалай иемденіп алды деп ойлады. Бала сәті түссе, күркеге оралмақ. Мүмкін, әке-шешесі енді сонда шығар. Өйткені Омар мұнда ғой. Дәу Омардан қорыққаны несі деп бір кез әкесіне ренжіді. Шешесі өтірік айтпаса, әкесі мылтығы бар он солдатты жайратып, аяғындағы зілдей кісенді қолымен қаңылтыр құсатып бір бұрап, сындырып кете барған көрінеді. «Менің мұнда екенімді әкем де, шешем де білмейді, – деп мұңаяды бала. – Әйтпесе мына сұмырайларды сонау сайға сыпыра лақтырып, лақтай бауыздап, мені құтқарып алар еді. Бәлем, Дәу Омар сонда Ташпулаттың аяғын емес, әкемнің аяғын құшақтап жылар еді».

Әлдеқалай әкесі мына жақпар тастардың арасынан баяғыда Саймасайға ақырғандай ақырып шыға келетіндей, бала тауға зарыға қарады. Таудың сарқырама су құлаған қарлы басына таман жалғыз ноқат қыран қалықтап жүрді де қойды. «Қыран неге ылғи жалғыз қалықтайды екен?» «Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Сен ағаңды тап», – деуші еді шешесі. Мүмкін, ағасының тілін алғанда дұрыс болатын ба еді? Бірақ әбден қартаямыз, сақал-шашымыз ағарады, содан кейін барамыз деді ғой. Оған дейін бұл қалай шыдайды? Енді не болады? Ағасымен келгенде ғой, мына сілімтіктер мұның құлағынан тартпақ тұрмақ, шекесінен де шерте алмас еді.

Әркімнің өз діттегені, өз уайымы, өз опығы бар. Баланыкі бәрінікінен де алыс, бәрінікінен де өткір, бәрінікінен де ащы.

Шатқалдың күні келте. Ымырт мұнда ерте үйіріледі. Көз байланып, құж-құж тастар біртұтас қарауытып, ара-жігі білінбей түксие түскенде ғана бала байқады: Ташпулат көрінбейді. Дәу Омар да жоқ. Дәу Омардың баласы Жорабайдың қол-аяғы байлаулы. Мылтығына таянған біреу өзіне төне қарап, көз алмай отыр. Бала селк етті.

– Қозғалма, – деді мылтықты адам. – Қашып кетем деп ойлама. Атып тастаймын.

Жорабайдан бұл қалай деп сұрамақшы еді:

– Сөйлеме! – деді мылтықты адам.

Тастан құлаған қасқа судан басқасының бәрі қап-қараңғы. Қыран да көрінбей кеткен. Түн келді де қызыл, жасыл, сары, көк, күлгін, қоңыр бояудың бәрін жұтып жіберді. Бірақ аспаннан жымыңдап жұлдыздар көрінді. Бірте-бірте шатқалдың үсті баданадай жап-жарық жұлдыздарға толып кетті. Бала жұлдыздардың мұншама жақын жерден жарқырағанын бұрын көрген жоқ еді. Жұлдыздың біреуіне қолы іліксе, екіншісінен тағы ұстап, бірте-бірте мына шатқалдың ар жағына аспалы көпір арқылы өтіп кетуге болатын сияқты. Бала аспанға қарай қолын созып көріп еді, ештеңе ілікпеді.

– Тыныш отыр! – деп жекіді мылтықты адам.

– Жұлдыз көпір, – деп сыбырлады бала. – Мені арғы жаққа алып өт. Басқа шатқалдағы жалғыз күркеге жеткіз.

Жұлдыздар оның жанын ұққандай жақындай түсіп, жәудіреп тұрды. Тіпті қол созым жерге түсер еді-ау, мына мылтықты адамнан олар да қорқатын болар.

Бала көзі ілініп, кірпіктері айқасып бара жатып, ән естігендей болды.

– Қайтар едім, жолым жоқ.

Сулар бұған жолымды.

Жұлдыздарға көпір салар ем.

Бұғаулады жазмыш қолымды, –

деді әкесі.

– Жұлдыздарға көпір салар ем, Бұғаулады жазмыш қолымды, – деп әкесінің әніне жұлдыздар сыңсып қосылды.

Жұлдыздар сыңсып, сыңғыр-сыңғыр қоңыраулар біріне-бірі тиіп кетіп, бүкіл әлем асты «Жұлдыз көпір» әнін жырлады.

Сөйтсе, ар жақтағы армандаған күркесіне жете алмай жүрген жалғыз бала емес, әркім-ақ Жұлдыз көпір арқылы аңсарлық жерге жеткісі келеді екен. Аңсарлық жері болмаған адам ән айта алмайды екен, жұлдыздардың сұлулығын байқамайды екен. Олардың көзіне еш заман Теңбіл торғай да көрінбейді екен. Олар шолпанкебіс гүлімен ұша алмайды екен. Олардың атын Бейуайым пенделер дейді екен. Бейуайым пенделерге Жұлдыз көпір жуықтамас. Жұлдыз көпір жуықтамас.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий