Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– О, Ташпулат мырза, бұның хикаясы қызық. Бұл Ташкенттегі большевик Тұрар Рысқұловтың інісі. Бірақ большевик ағасының үйінен қашып кетіпті. Елін іздеп, тауда адасып жүрген жерінен тауып алдық, – деп жалпаңдады. – Еліміз бір ғой.

– Елің қалай, тыныш па? – деді Ташпулат бай Рысқұловтың інісі дегенге сенер-сенбесін білмей.

– Арқа тыныш болса, арқар ауып несі бар, мырза. Ел бүлініп тұр ғой. Большевик Рысқұлов өзінің жақын туысын болыс сайлаттырып, соның тепкісіне шыдай алмай, енді сізді паналап келіп тұрмын, мырза. Әділеттік іздеп келдім, – деп Дәу Омар опырыла құлап, Ташпулаттың аяғына жығылды.

Рысқұловтың аты қайта-қайта аталғаннан секем алып, Ташпулат тасырая қалды.

– Е, тұр! – деді илікпеген күйі кебісінің тұмсығымен Омарды түртіп қойып. Жағынамын деп жирендіріп алғанын Омар сезбей, Ташпулаттың сықырлақ әміркен мәсісінің қонышын сипалады. Омарға мұндай мәсі өмірі бітпеген. Ташпулатқа жағынып тұрғаны да, әлде мәсіге қызығып тұрғаны да беймәлім. – Қашып кетпесін, байқаңдар, – деп тапсырды Ташпулат нөкерлеріне.

Омар анықтап тұрып енді байқады: Ташпулаттікіндей әміркен мәсі нөкерлерден көрінбеді, киім киістері алабажақтау екен. Бірі басына кір-кір сәлде салған болса, біреулері баяғы Рысқұл құсап киіз қалпақ киіп алыпты. Бұйрасы көзіне түскен сеңсең бөріктілер, дөңгелек телпектілер де бар. Иініне ілгендері де әр түрлі: біреудікі биқасап шапан, біреулердікі сырма шапан, біреулерде түйе жүн шекпен; шапаны, шекпені жоқтар жүнін сыртына қаратып жеңсіз тері көкірекше киіп алыпты. Әсіресе аяқ киімдері кейіпсіз. Қияқ тасты тау тасалаған адамдардың етіктері ақ жұлық, қоңылтақ жыртық кебіс іле салғандары да тұр. Бірақ бір нәрсе бәрінде бірдей су жаңа: ол мылтық, мылтықтары бұрын көрмеген ерекше «ағылшын винчестері» екенін Омар білмейді, тек жарқ-жұрқ еткен сұр болат, суық темірден сескенеді.

Адамдардың ажары түскен, қар жаумай, қазан ұрмай, суық сорған жапырақтай өңдері қарауытып, мыж-мыж болып, сақал-шашы өсіп, мұрты басылмаған. Ташпулат бұларға қарағанда зәйтүн майына қуырған бидайдай быртиып, екі беті алау күрең тартып, жылт-жылт етеді. Бурылы бар мұрты да майлы сияқты.

Омар келгелі Ташпулат ойға көмілді. Бірақ сырын сыртқа шығармайды.

– Бала Рысқұловтың інісі екені рас па? – деп қайталап қадалды.

– Міне, иманым, міне, жаным. Қалп айтсам, осы тұрған жерімде арам қатыр, – деп қарғанды өңкиген Омар.

– Өзіңде сонда Рысқұловтың туысқаны болдың ғой. Солай ма?

– Қайдағы туысқан?! Алыс ағайын. Бірақ қазір жауымнан жаман. Көрсетпеген қорлығы жоқ. Ол туысқан болса, мен тау кезіп, тас жастанып нем бар? Жатпаймын ба өз үйім – өлең төсегімде. Төрімнен көрім жақын шақта мен ерігіп асар ма едім мына асқар тауды!

Омар күйініп айтты. Сөзі әсер етті.

Асқар десе асқарланып, терістікте Алатау жатты. Торғын көк аспанға шаншыла қадалған шыңдар адамдардың шынжау шаруасымен ісі жоқ, тек Тәңірімен тіл қатысардай кегжиіп тұр.

Қадим гректер әдемі ертегілер ойлап шығарған. Ол жөнінде талас жоқ. Олардың айтуы бойынша, құдайлардың көкесі Зевс болған. Зевс Олимп деген тауда тұрады екен. Сөйтсе, ол Олимпке жай пенделер ешкі жаятын көрінеді. Жай төбешік екен. Алатаудың заңғар шыңдары Олимпке қарағанда Құдай мекеніне әлдеқайда көбірек ұқсайды. Бірақ қадим гректер құсап көркем, қиял ойдың қисынын келтіре алмаған шығармыз. Алатаудың ең биігі – Хан-Тәңіріні түркілердің түп атасы Көк Түрік жайлапты деген сөз бар. Осы таудың тағы бір шыңына күлікпен Манас шығыпты деген сөз бар. Ал Құдай тұрыпты дегенді ешкім білмейді.

Тәкаппар тауларға Ташпулат ұзақ қарады. Мына сандалған қазақ осы таудан тектен-текке асып келген жоқ, – деп ойлады, шынында қорлық көрген болу керек. Мына нөкерлерімнің көбі сондай ғой. Олар да Кеңеске өкпелеп, ойдан-қырдан қашқандар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий