Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Күркенің алдына абайлап басып екеу келді. Жан-жағына қарап, ешкім жоқ екеніне әбден көздері жеткенде барып, жасырағы арқасындағы тауешкіні былқ еткізіп табалдырыққа тастады. Қартаңдауы әлі де болса, жаңғақ тоғай жаққа қарап, сыртта қарауылдап қалды да, жасы аласа есіктен еңкейіп ішке кірді. Қарны ашқан екен, бірден ыдысқа үңілді. Ішінде мүжілген жалаңаш жіліктің жатқанын көріп, «бұл қалай?» дегендей аңқиып қалды да, жан-жағына қарады. Арқар бөстектің үстінде қаннен-қаперсіз пысылдап ұйықтап жатқан баланы көріп, жан даусы шығып айғайлап жіберді.

– Әке!

– О, не?! – деп қартаң кісі мылтығын кезене босағада тұрып қалды.

Дауыстан шошып оянған бала, бөстектен ұшып тұрып, тіл-аузы байланып, сілейіп, үні шықпады. Басы үлкен, бірақ ілмиген арық бала жауға ұқсамайды.

Қартаң кісі сонда да мылтығын кезенгенін қоймай, сақтана басып ішке енді.

– Әй, кімсің өзің? – деп барқ етті.

– Арманмын, – деді бала әкем осы ма деген үмітпен.

– Арманы кім? Кімнің баласысың?

– Мен Арманмын ғой, білмейсіз бе?

– Мынау не деп тұр? Есі дұрыс па? Адам ба, жын-пері ме? Бала қартаң адамды сендіргісі келіп, жан-тәнін сала дәлелдеп бақты.

– Танымай қалдыңыз ба? Мен сіздің балаңызбын ғой. Арман. Мен сізді көп іздедім.

Қартаң адам шыдамы кетіп, күйіп-пісіп:

– Әй, Жорабай, мынау не сандырақтап тұр? Түк түсінсем бұйырмасын, – деп басынан қалпағын жұлып алып, маңдайын, бет-аузын сүртті.

Жорабай иығын қиқаң еткізді. Бірақ әлдекімді есіне түсіре алмай қиналғандай, балаға былай бір, олай бір оқырана қарап шығып:

– Әкеңнің аты кім? – деп қалды.

– Рысқұл, – деді бала айылын жимай. – Міне тұр ғой мынау. Сіз Рысқұлсыз, ә?

Қартаң адамның онсыз да алақ-жұлақ аласы көп бадырақ көзі тас төбесінен шыға жаздады. «Мынау адам емес, аруақ, – деп жорыды. – Рысқұл дейді. Бишараның аруағы мені қуалап жүр ме? Не жазып едім? Уа, Құдай! Не жазығым бар еді?!» – деп күбірледі.

– Әй, жүгірмек, қай Рысқұлды айтып тұрсың? Шешеңнің аты кім?

– Ізбайша.

Қартаң адам мүлде шатасты. Сандырақ дейін десе, атаған адамдары тура келеді.

Бірақ Рысқұлдың Ізбайшадан баласы бар ма еді?

– Е, – деді Жорабай әлден соң. – Оттап тұр. Бүл Молдабектің баласы ғой. Бәсе-е-е!

Енді бала түңіле бастады. Мыналар шыннан бөтен бе деген ойдан ойсырап, іші-бауыры әлем-жәлем болып, жәннаты дүние бір сәтте сәнсіз, сұрықсыз жалмауыздай сұңқиып шыға келді. Бала көңіл енді суый бастады: бәсе, әкесі Рысқұл мына өңкиген үңірек мұрын, бадырақ көз, шалғы мұртты шалдуар шал болмаса керек. Сонда мұны Рысқұлов алдаған болды ғой.

– Жоқ, мен Молдабектің баласы емеспін, Рысқұлдың баласымын. Жәкем қайда? Апам қайда? Олар осында деп еді ғой? Қайда жасырып қойдыңдар? – деп бала шар-шар етіп жылап жібереді.

– Өшір үнін! – деді шал Жорабайға бағжия бір қарап. – Осының бір пәлесі болып жүрмесін. Жасырын жансыздары бар осының, – деп мылтығын кезеніп, жаңғақ тоғайға қадала қарады.

Жорабай баланың аузын баса қойды. Жасырынып жатқан жау белгі бере қоймады.

Сонда барып, Омар мен Жорабай баланы ортаға алып, сұрақ жаудырды.

– Сені мұнда кім жұмсады?

– Ешкім де.

– Онда неғып сандалып жүрсің?

– Жәкем мен апамды іздедім.

– Олар осында деп кім айтты?

– Көкем айтты.

– Көкең кім?

– Тұрар Рысқұлов.

– Оһ, Құдайдың ұрғаны-ай! – деп Омар күңірене күйзеліп, тас қабырғаға арқасын сүйеп отыра кетті. – Қайда барсаң – Қорқыттың көрі! Оразбақ пұшық итті болыс сайлатқызып, бір талатты. Енді Құдайдың қу медиен қураған тауының ішінен де тыныштық бермейін деді-ау бұл Тұрар! Әкесі Рысқұлды өлтірген мен емес едім ғой. Неге түсті сонша соңыма? Мына ес білмейтін күшігін жұмсағаны не сұмдық? Не зымияндық ойлады тағы да? Әй, жуәрмек, шыныңды айтшы, қалай келдің бұл адам аяғы баспаған шайтан шатқалға?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий