Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бала аштықтан басы айналып, көзі қарауытып, құсқысы келді. Бірақ жұмырында құсатын ештеңе жоқ еді. Құрғақ лоқсып, зорықты да күшенгеннен көзінен жас шықты. Көзі жасаурап отырып, жерде өсіп тұрған желкекті көрді. Үзіп алып аузына салды. Тағы үзіп алып, бұралақтап тағы салды. Қойжелкек дүниедегі ең тәтті тамақ сияқты көрінді. Мұндай тәтті дәмді ол комиссар Рысқұловтың үйінен де татқан жоқ. Екі ұртынан көпіріп көк ніл ақты. Бұл жалғанда жоқ тәтті шырын еді. Жетімді Жер-Ананың өзі аяп, мейірімі түсіп, емешегі езіліп, емшегі иіп көк ніл сүтін берген еді.

Баланың уілдеген іші тыншығандай, уанғандай болды. Қойжелкек жолға керек болар деп үзіп-үзіп, қолтығына қыстырды. Сөйтсе, өзектің бойы тұнып тұрған қойжелкек екен. Баланың аш көзі тоғайғандай болды.

Енді бірде бала ұршық басындай аппақ қозықұйрық тауып алды. Қозықұйрық екенін бірден таныды. Өйткені өткен жылы шешесі екеуі Түлкібастан Әулиеатаға жаяу тартқан ұзақ жолда, Қаратаудың жонынан осы қозықұйрық теріп жеп, жандары қалған. Қойжелкектен де қозықұйрық шырын көрінді. Шикідей жесе де дәмді еді. Ақ май асағандай болды.

Бұл кезде Теңбіл торғай да тамағын асырап, шиқ-шиқ ете жүріп, балық көздің дүмбіл дәнін шоқып, ебі келсе кеулі жай масайраған көбелекті қақшып жеп, өзінің тамағын өзі асырап отыр екен.

Баланың әлі ақыл тоқтатпағаны, миының әлі олқы-толқы балқып тұрғаны жақсы болды. Ми піскен сайын адамды уайым сарғайта бастайды. Ақыл тоқтатқан адам – кінәмшіл, насыбай шақшасы табылмай қалса да әлдекімге, тіпті Құдайдың өзіне налып, қала берсе, қатынын боқтап, шекесі тырысып отырады.

Бала әлі ауыр тағдырдың кінәсін кімге артарын білмейді. Ешкімге салар наласы жоқ, тек өлмеу керек екенін ойлайды. Ойламаса да, өлмеуге тырысады.

Ақылы толмаған бала өмірдің тозағын оңай көтереді. Оны көбінесе ақыл емес, сезім жетектейді. Егер бала ақылға салса, Рысқұловтың қолында тұра бермес пе еді, киімі көк, тамағы тоқ, төсегіне дейін ақ сейсеп, Рысқұлов оны оқытпақшы еді. Бір-екі рет тіпті қос арғымақ жеккен былқылдақ пәуескеге де мініп жүрді. Сонда оған жұрттың бәрі қызыға, құрметпен қарады. Ақылға салса, әрине, Ташкентте қалар еді.

Бірақ әлі дүмбіл миды сезім жеңген екен. Ташкенттен бірте-бірте алыстай берді. Алыстай берген сайын алдынан бір жақсылық жарқ ете қалатындай асыға берді. Аш қарынға қарамай, кеудесін тауға сүйеп, табанын қияқ тас тілімдеді.

Бала қаладан ұзаған сайын жер бедері, тал-дарақ, өсімдік, қыбырлаған құрт-құмырсқа, ызыңдаған ара, көк шыбын, шырылдаған бозторғай, сылдыраған шыны бұлақ бұрыннан бір көрген, оқыс оянып кетіп, ұмытып қалған түсі сияқты бола береді. Қашан, қайда көргенін дөп басып есіне түсіре алмады. Баланың миы әлі көк дүмбіл еді.

Мына жасыл бұйра таулардың теріскей бетінде өзі туған ауыл барын бала білмейді. Бар шамалағаны: Рысқұлов айтқан ақ бас шыңдар. Ақ бас шыңдар алыстан, жасыл теңіздің арғы қиырынан қылтиып көрінген ақ желкендердей көлбеп қана байқалады.

Бірде бала бір айналған жерін шыр айналып, бидайықтың шалғынын едәуір шиырлап тастады. Сөйтсе, оның Теңбіл торғай дегені қызыл шұбар түйе көбелек екен. Маусымда көбелек екеш көбелекке дейін құтырады. Ен далада ерігіп жүрген сәнқой неме, қаңғырған баланы көріп, біраз мазақтағысы келгендей алдына түсіп, бұлт-бұлт етіп, бұрыла қашып, теңге жапырақтың қыземшек гүліне жалп етіп қонып, қайта ұшып, көп әуре етті.

Мұны байқаған Теңбіл торғай баланың көз алдына келіп, қанатын қалтыратып шик-шик еткенде ғана, бала көбелек қуғанын қойды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий