Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Балаларға тым болмаса көкөніс берсеңізші. Әзірше нан жоқ, ал атқұлақ пен раугаш, шалқан пісті ғой... Мына бөктерлерде не көп, қозықұйрық көп. Жарайды, азық-түлік комиссариатымен өзім сөйлесейін. Көмектесеміз. «Жас Түркістан» пансионаты республика қамқорлығында болуға тиіс,–деді Рысқұлов қоштасарда.

Артур бұлардың арасында жоқ. Оны бұрыннан біледі. Сұрау салдырған. Жоқ болып шыққан. Біле тұра, әйтеуір бір үзілмеген үміт үнсіз іздеп, үнсіз айқайлайды. Артур жауап қатпайды. Рысқұлов үшін мыналардың бәрі Артур. «Аман болыңдар, адам болыңдар!» – деп тіледі. Бірақ бауырдың аты бауыр ғой. Жүрегі бар болғыр сыздап тұрып алды.

Жолға шығар алдында, дөңесте тұрып, Рысқұлов ақбас таулар жаққа тағы да көз қадады. Алыстан мұнартып көрінген таулар жасыл мұхитта жүзіп бара жатқан ақ желкенді кемелердей теңселеді. Мұхит қиырынан ағараңдап көрінген ақ желкендей сағынышты, мұңды әуен қайда бар? Үміт дүниесі сол. Артур сол тауларда жүрген сияқты елестейді Рысқұловқа. Бірақ қай тасынан іздерсің? Бүкіл республикаға сұрау салып таппаған бала көзі тірі болмауы да бір кәдік.

Рысқұлов пен Кобозев қара машинаның арт жағына, шопыр мен Ләзиз көмекші алдыңғы жағына орналасып, пансионатпен қоштасып, ашық автомобиль күрк-күрк етіп орнынан қозғалып, Шыршықты жағалап, қара жолға шыға берген...

Қосарлана атылған мылтық даусы тау төңкерілгендей гүрс-гүрс ете қалды. Қос түтін бұрқ-бұрқ етіп, Шыршықтың арғы бетіндегі қабажал үлкен шынардың тасасынан көлбеді.

Комиссарлардың алда көрер жарық сәулесі бар екен, ысқырық құлақтарының түбінен зу-зу ете шықты.

Енді олар бұғып үлгірген. Нагандарын, маузерлерін шығарып, атыс басталған. Тұрқы бір-ақ тұтам қысқа қарудың оты арғы жағаға жетпей, суға түсіп, шыж-быж етіп жатыр. Соны көрген ағылшын винчестерлі басмашылар қара автомобильді атыстың астына алды. Алдыңғы қалқан әйнек күлпаршасы шығып, оның жаңқалары шопыр мен Ләзиздің бетін жаралап кетті.

– Балонға тимесе екен, – деп қауіп айтты шопыр.

– Ой, оңбаған, адамға тимесе екен де! – деп Ләзиз ысылдады бұғып жатып. – Қой, бүйтіп тұра берсек, бұлар машинаны жаңқаға айналдырады, – деп шопыр газға басты. Машина әлі «тірі» екен, қара жолдың шаңын бұрқыратып, тоңқаңдап ала жөнелді.

Өзеннің арты бетінен үш атты шынар тасасынан шығып, машинамен жарыса шауып, ат үстінен атыса бастады.

Машина жолдан шығып, өзен бойынан бұрыла тартқанда үш салт атты да әрі бұрылып, Алай тауларын бетке алып, жосып бара жатты.

– Пансионаттан не жейді бұл бандылар? – деп қалды қабағы түюлі Кобозев. – Килькаға қызығып жүр деп ойлайсыз ба?

– Ташпулат байға килька керек емес, әрине, – деді Рысқұлов көзін алысқа, Алай жаққа қадай отырып. – Оның ендігі әрекеті – зиянкестік. Балаларға зияны тиіп жүрмесе. Ол қазір ұясын алдырған қасқыр сияқты. Аянбайды да, аямайды да.

– Ташпулат бай екенін қайдан білдіңіз?

– Астындағы атынан таныдым. Атақты жиренқасқа ғой. Ауыздығын жұлқып, жер тарпи беретін әдеті, әлі лақса болмаған екен.

Кобозев Рысқұловқа бағдарлай қарап қалды.

– Қалай ойлайсыз, біздің мұнда екенімізді біліп келді ме, әлде кездейсоқ ұшырасу ма?

– Соны мен де ойлап отырмын. Біліп келуі де мүмкін. Өйткені шынар тасалап, жолдың ұрымтал жерінен күтіп тұрды ғой. Бірақ анық білсе, көп күшпен келіп шабуылдар еді. Машинаны көрген соң ғана қамданды-ау деймін.

Бетін шыны сынығы жырған Ләзиз артына бұрылды:

– Ол бізді күні бұрын білген жоқ. Ол келуге мәжбүр болған. Бұрынғы мекенінде әлденендей қоймасы бар. Соны алып кетуге келген.

– Қандай қоймасы бар?

– Қашанда алып үлгере алмаған қазынасы болуы мүмкін.

Кобозев пен Рысқұлов бір-біріне қарады.

– О да мүмкін, – деді Рысқұлов ойланып отырып.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий