Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Бауыр деген сол, Тұрар. Ал менің халімді түсінбейсің, түсінгің келмейді. Кішкентай Артур саған қандай қымбат болса, Аркаша да маған сондай ғой. Жаның ашып қолыңның ұшын бермедің ғой.

– Артур мен Аркашаны салыстырғаның бекер-ақ. Егер Аркашаның орнында Артур болса, оны трибунал соттауын мен өзім талап етер едім, – деп Рысқұлов Наташаны шашынан сипамақшы еді, Наташа басын жай ғана бұрып әкетті.

Әйелдің кеудесі үнсіз шырылдағандай болды. Кеудедегі бір құса-наланың шарасыз жасы жақұттай жасыл көзден мөлт-мөлт тамып та кетті. Наташа бетін сүртіп, терезеге таянып, далаға қарады. Көктемнің өзі шілдеге бергісіз Ташкенттің күні қыздырған терезенің әйнегінен әлі де жылылық табы білінеді. Өткен жылдардың құрғақшылығында қурап қалған тал-дарақ, мәуе ағаштар өткеннің есесін қайырып алғысы келгендей, биыл әсіре жапырақтап, әсіре шешек жарып, тоқтықтан сыңсып тұр.

Жүрегі түскір шым-шым шаншиды.

Рысқұлов келіншектің сусылдап төмен төгіліп, аш беліне түсіп тұрған ақсары шашынан алақаны күйіп қалатындай ақырын абайлап қана сипалады, Наталья сүп-сүйір саусағымен әйнектің бетін сызғылады. Үндеген жоқ. Жақұттай жасыл көзден жас тамшылап, ашаң қызыл шиедей оймақ еріннің иіріміне барып аялдайды. Наталья әлгі жасты көзден сүртпей, ернінің иірімінен іліп алып тастап тұр.

Әттең дүние, қанаты қайырылған қайран дүние. Еркін көсіліп шарықтауға бір қанатыңды көтере берсең, бір қанатың салбырап қалады. Бір арманға қол жете берсе, бір кесапат көлденең тұрады. Көктен іздегені жерден табылып, көп жыл бойы көкейінен кетпей қойған сүйгені өзі іздеп келгенде, арада айлар өтпей жатып, көңілге қаяу, көкірекке сызат түскені қалай? Жүректің қайта сыздағаны несі? Шыннан Аркаша кесірі кердеңдеп кетпек пе? Сонда Наташа мұны шын сүймегені ме? Шын сүймесе, оны кім қыстайды? Өз еркімен, өз аяғымен келді ғой. Әлде Рысқұловтың өзін емес, мансабын қалап келді ме? Олай дейін десе, Рысқұловтан басқа да лауазымдар бар ғой. Наталья сынды сұлу кімді де болса ынтықтырар. Көкірегінде жұдырықтай ет жүрегі бар еркек оған бір бұрылып, сұқтанбай қарап өте алмас.

Сабаудай қайқы кірпікке ілінген жас наурыз айының жаңа тебіндеген жасыл көгінің ұшына ілініп тұрған таңғы шық сияқты.

Натальяны да түсінуге болады. Қанша жау болса да, бауырдың аты бауыр ғой.

Соны біле тұра Рысқұлов айтты:

– Мен бұл іске араласа алмаймын, – деді.

– Білмеймін, – деді Наташа бұрылмастан алагеуім далаға қарап тұрып, – араласқың да келмейді. Мейлі, сен кіріспей-ақ қой, Тұрар. Бірақ мен басқа амалын қарастырамын.

– Қандай амал ол, Наташа?

– Оны енді өзім білемін, сүйіктім. Большевиктердің бәрінің бірдей жүректері қансып қалмаған шығар. Менің халімді түсініп, арамызда құлақ асатын біреу табылатын шығар, – деді әйелі енді жасын тыйып, көзін сүртіп, еңсесін жиып алып.

Бұл ауыр сөз еді. Рысқұловтың «қаңсыған» жүрегі шым-шым сыздап барып басылды. «Қателесесің, менің жүрегім, сен ойлағандай тас емес», – деп айтуға оқталды да, айтпады. Қарсы дау үдеп кететінін түсінді. Тек:

– Революцияның ең қатерлі жауы Аркадий Приходьконы ешқандай большевик босата алмайды, – деді.

– Көрерміз, – деді келіншегі.

Өкінішті-ақ. Қаптаған қалың топты жалынды сөздерімен талай рет ұйыта, иландыра білген Рысқұлов бұл жолы сүйген жарын сендіре де, көндіре де алмады. Екеуі о баста-ақ, жазмыштан бір-біріне арнап жаратылғандай болса дағы, екеуінің жүрегі де бір-біріне ынтыға соқса дағы, миллион жылда бір рет біріне-бірі жанай өтетін жұлдыздар сияқты екеуінің жолы екі жаққа қиыстап бара жатты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий