Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Оның бұл қарасы Рысқұловтың назарынан тыс қалмады. Тағы бір сұрақ көмейіне тығылып тұрды, бірақ Вотинцевтің алдын орай бермейін деп әдеп сақтады, әрі десе ол сұрақпен Бейлиді мүлде үркітіп алмайын деді. Әйтпесе, айтпақшы еді: «Мистер Бейли, Закаспийде – Маллесон, Сіз – Ташкентте. Сіз Маллесонды Ташкенттен күтіп алмақшысыз ғой?» – деп.

Ал Вотинцевке келіп сәлемдесуден бұрын Бейли Ташкенттегі АҚШ консулы Тредуэлл мырзаға жолығып шыққан. Тредуэлл Түркістанта консул болып Мәскеу арқылы келген. Ал Бейли мүлде басқа тараптан, Қытай тарапынан, Қашқар арқылы келіп отыр. Сондықтан Бейлиге қарағанда Тердуэллдің өкілеттігі мығымырақ. Бейли сезікті. АҚШ консулы Бейлиге біраз сыр айтты. Түркістанда қазір большевиктерге қарсы астыртын жұмыс жүргізіп жатқан елеулі күштің бірі – ТВО. Оның басында бұрынғы патша генералы Кондратович тұр. Оның қазір қашқан ақтардан құралған үш мың әскері бар. Әрі десе он бес мың әскері бар Ергешпен байланысты. Ергеш болатын болса, Ферғанадағы үлкен күш. Күні кеше «Қоқан автономиясы» деген үкіметті басқарған. «Қоқан автономиясы» Түркістанда большевиктерге қарсы құрылған ілдәбай үкімет еді. Бірінші премьер-министр қазақ Мұхамеджан Тынышбаев болды. Көп ұзамай ол орнынан түсті де премьер-министр Мұстафа Шоқаев болды. Мұстафа Шоқаевты итеріп тастап, орнына осы Ергеш отырды. Өзі өмір сүрген төрт-бес айдың ішінде үкімет басына үш премьер-министр келіп, ақырында Қызыл Армияның тегеурініне төтеп бере алмай «Қоқан автономиясы» құлады. Бірақ Ергеш басмашылық жолға түсті де, қол жинай бастады.

Тредуэллдің Бейлиге айтқан Ергеші сол.

– Сіздің ең алғы міндетіңіз – ТВО мен Ергешті қолдау. Соларға көмек көрсету. ТВО мен Ергеш көтерілсе, Маллесонга Ташкентке қарай жол ашылады, – деді Тредуэлл Бейлиге. – Әне сонда Түркістан ақырында Ұлыбританияның Үндістан, Ауғаныстан сияқты колониясы болып шыға келеді, – деп Тредуэлл керемет кеңпейілділік танытты. АҚШ-қа колония керегі жоқтай, тұтас Түркістанды Англияға оп-оңай тартып отырған сияқты.

– Большевик басшыларға барып сәлемдесіп шығыңыз, – деді Тредуэлл Бейлиге қамқорлық айтып. – Кім білген, бір кезде олар отырған кабинетте ең кемі министр болып сіз отырарсыз. Болашақ кабинетіңізбен осы бастан танысып қойғаныңыз нышанға жақсы, – деп, Тредуэлл жұп-жуан қара сигарды бұрқ-бұрқ тартып қойып, қарқ-қарқ күлді.

Міне, енді Бейли Қызыл Түркістан президентінің кабинетінде отыр. Қабырғада ілулі тұрған Карл Маркс пен Лениннің портреттері Бейлидің не ойлап отырғанын біліп қойғандай бұған міз бақпай қарайды. Бейли ол портреттерден көзін тез тайдырып әкетті.

Оның есесіне тірі көздерге ұшырасты. Әсіресе қараторы комиссардың алтын жиек көзілдірігінің ар жағынан өңменінен өтер, қанжардай өткір, қара көздер қарайды. Өте жайсыз көзқарас. Бейли неғұрлым паңсыз, шолжаң сөйлеуге тырысып:

– Кешіріңіз, мистер комиссар,–деп Рысқұловқа тіл қатты. – Сіз орысша таза сөйлегеніңізге қарағанда, сірә, орысша оқыған боларсыз.

– Иә, дұрыс айтасыз, – деді Рысқұлов.

– Балаларын орысша оқыту, тек байлардың ғана қолынан келген ғой. Сіз, сірә, үстем тап отбасынан боларсыз. Оқуды Петербургте тәмәмдадыңыз ба?

Вотинцев мырс-мырс күлді. Бейли шамданып қалғандай болды.

– Көңіліңізге алмаңыз, Бейли мырза, – деді Вотинцев, – әшейін, сұрағыңыз қызықтау. Рысқұлов жолдас сіңірі шыққан кедейдің баласы. Патшаға қарсы шыққаны үшін әкесі Сібірге каторгаға айдалған. Ал Рысқұлов жолдас болса...

– Түрмеде оқып сауатын ашқан, – деп Вотинцев үшін Рысқұлов жауап берді.

– О-о! – деп Бейли қасын керіп, басын жай ғана салмақпен изеді. – Профессионал революционер. Олл райт! Мен жазушы болсам, сіздің өміріңізден роман жазар едім.

– Ондай ықыласыңызға рақмет, мистер Бейли, – деді Рысқұлов реті келген сөзді өлтіріп алмайын деп. – Жазушысы табылса, сіздің осы сапарыңыз да романға бергісіз болар: Үндістан – Иран – Ауған – Синцзянь – Түркістан.

Бейли бордай аппақ болып, бір тамшы қаны қалмай, қуарып бара жатты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий