Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Менің мұндай маршрутпен жүргенім сізге қайдан белгілі? – деді ол есін жиып алып.

– Логика айтады. Сіз Қашқарға, әрине, Ауған арқылы, Ауғанға – Иран арқылы, ал Иранға Үндістаннан келе аласыз. Генерал Маллесон да Үндістаннан шыққан жоқ па?

– Жоқ, мен ешқандай Маллесонды білмеймін. Менің мақсатым – бейбітшілік мақсат. Жаңа Түркістан мен Англия арасында мейлінше достық қатынас орнату. Түркістан бұған Мәскеу рұқсатынсыз да ықтиярлы деп ойлаймын. – Бейли араша тілегендей Вотинцевке мөлие қарады. Әу бастағы шолжаңдығы лезде тыйылған.

– Жә, келген шаруаңызды айта отырыңыз, – деді Вотинцев әңгіме бағытын өзгертіп.

– Алғашқы тілек. Ұлыбритания жас Түркістаннан мынаны қалайды: Түркістан Германияға мақта сатпаса екен. Мақта деген стратегиялық үлкен күш қой. Мақта беріп Германияны күшейтіп алсаңыздар, ертең Ресейге қайта шабуылдамасын қайдан білесіздер? Ал әзірге Түркістан Ресейден мүлде бөлектене қойған жоқ қой. Әрі десе Түркістан өкіметі мистер Вотинцев қолында.

– Өкімет басында Вотинцев отырғанына меңзеуіңіз бекер, – деді сөз кезегін Вотинцев іліп әкетіп. – Вотинцев бүгін ғана президент. Ертең бұл орынға Түркістан халықтарының ең талантты өкілі отырады. Әрі десе Вотинцев – бүкіл Түркістанның жеке-дара қожасы емес, мұнда ТүркЦИК бар. Соның бір мүшесі мына алдыңызда отырған Рысқұлов. Ал Германияға мақта сату-сатпауды да Вотинцев емес, ТүркЦИК шешеді. Тағы не тілегіңіз бар?

– Ендігі тілек: менің мұндағы дипломаттық жұмысыма тиісті жағдай жасалса болғаны, – деп жуасыды Бейли.

– Бізге келген адал ниетті дипломаттың қай-қайсысына да жағдай жасалады, – деді Вотинцев осымен әңгіме тәмәм дегендей нығарлай сөйлеп.

Пожовник Бейли ұмытып қалмайын дегендей Вотинцевке, онан соң Рысқұловқа тағы бір назар тастады. «Екеуіңнің де басыңды кесіп алар ма еді» деген ойдың жазуы көздерінен жарқ-жұрқ ете қалды. Кешікпей ол бұл ойына жарым-жартылай жетті де.

* * *

Қанның иісі шыққан жерге жер түбінен алдымен құзғын қарға жетеді. Түркістанда қан аз төгілген жоқ, әлі де төгіліп жатыр. Оның көбірек төгілуіне полковник Бейли де себепкер болды. Ә дегеннен-ақ ЧК-ның ізіне түскен. Бейлидің адымы қысқарды. Бірақ жырынды жансыз кеңестік Түркістанның жауларымен ауыз жаласып та үлгірді. ТВО-ның көсемі генерал Кондратовичті тауып алып, жасырын жалғасқан. Кәрі генерал арқылы большевиктердің соғыс комиссары Осиповпен сыбырласып үлгірген.

Осиповке қатты тапсырған: ең алдымен комиссарлардың көзін құрт. Әсіресе Вотинцев пен Рысқұловтың басын ал деп.

Осипов ысылдаған: маған көмек керек. Қару керек, ақша керек, әскер өзімізде бар деген.

Бейли оның айтқанын орындап, генерал Кондратовичке көп ақша берді. Бірақ бәленің бәрі сол ақшадан шықты. Кондратович әлгі мол қаржыға жергілікті халықтан аттар сатып ала бастаған. Он емес, жүз емес, жүздеп, үйір-үйірімен айдаған. ЧК-ның да көзі бар. «Бұл кәрі генерал мұншама жылқыны қайтеді демей ме? Әлде, Кеңестік Түркістанда мың жылқы айдаған бай болғысы келді ме екен? Әрине, контрреволюция әскері үшін жиналған жылқы.

ТВО-ның сөйтіп талқаны шығып, тәмам болған. Бейли бет пердесі ашылып қалар болған соң, қашып-пысып, жасырын жайға көшкен.

ТВО қирағанмен, әупіріммен Осипов аман қалды. ТВО-ның көсемдерінің бірі бола тұра, ол коммунистік билетін төс қалтасында сақтап, Түркістан Кеңестік Республикасының соғыс министрі қызметінде қылшылдап тұрған дәурен еді.

* * *

Ойран салардың алдында комиссар Осипов ерекше бір халге түсіп, ескі аруақтарға сыйынардай болып, діндарлық әдеттен ада жүрсе де, өзінен-өзі теңселіп, Губернатор бағына келді. Қаңтардың аязы шым-шым тістелеген қызғылт сәулелі кеш еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий