Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жұлдыздар бір-бірімен миллион жылда бір рет жанасып өткенде екеуі бірігуге зарыға ұмтылып, тартылыс күшінің заңына жанұшыра қарсы шығып, тәндерін жаралауға дейін барады. Бірақ арқансыз, белгісіз ұлы күш екі жұлдызды екі жаққа сүйреп алып кетеді. Жұлдыздар жүрегінде жара қалады. Жара әуелі от болып жанады. Бірте-бірте суынып, қатпар-қатпар таулар пайда болады. Біздің жарықтық Жер-Анамыз да миллиард жыл көлемінде әлденеше рет сондай ынтызарлық азабын бастан кешкен. Алатаулар, Қаратаулар махаббат қасіретінің перзенттері.

Рысқұлов пен Колосовская екеуін екі жаққа бір дүлей күш ажыратып әкетіп бара жатты. Ажырамасқа Рысқұловтың бір ғана сөзі жетіп жатыр еді, ол оны айтпады. «Приходько дегенді босатып жіберіңдер!» – деп айтуға құдіреті жетіп тұрса да айтпады. Айтылмаған бір ауыз сөз оны, тек махаббат сарсаңына ғана емес, машақат сарсаңына да салды да қойды.

Адалдығына қарай арамдық алдынан тағы шықты.

Тағдыр оған таңдау ұсынды.

Қайсысын қалайсың? – деді.

Қайсысын қаласа да құрбандыққа ұшырайды.

Революция мүддесі қымбат па?

Сүйген сұлу жарың қымбат па?

Баяғыда Рысқұл әкесі айта беруші еді: «Таспен жапалақты ұрсаң да жапалақ өледі, жапалақпен тасты ұрсаң да жапалақ өледі», – деп.

Рысқұлов – жапалақ емес, әрине.

Бірақ орны толмас ойсыраған құрбандықтың болатыны айдан да анық еді.

VII

Ташкентке жаймашуақ көктем көп қонақтамас. Көктемнің өзі мамырға іліге шілдеге бергісіз аптап басталады. Өрік пен алма гүлдеуі бұрқ етіп лезде қозып, аз күн қызықты армансыз шалқып өткізгісі келгендей, сол гүлдер ақтарыла ағыл-тегіл дәурендейді де тез құрсақ көтеріп, аналық жайға ауысып, түгін тастайды.

Рысқұлов пен Кобозев құмалақтай түйін байлаған алма баудың ішін көп аралады.

– Бұл баудың әр алма ағашы маған таныс, Петр Алексеевич, бұған нанасыз ба? – деді Рысқұлов.

Кобозов бурыл шалған сақалын сипалап, көкшіл көздері күлімдеп тұрып:

– Рысқұлов айтса сенеміз де, – деп жымиды. – Онда бұл баққа жиі келетін болғаныңыз ғой.

– Бұл бауда соңғы рет болғанымнан бері төрт жыл өтіп кетіпті. Төрт жыл. Төрт ғасырлыққа татырлықтай.

Рысқұловтың алтын жиек дөңгелек әйнектің ар жағындағы көздері әлдеқайда алысқа қадалып, аулақты шолып кетті.

– Қызық екен, – деді Кобозев.

– Иә, Петр Алексеевич, осыдан төрт жыл бұрын мен осы баудың бағбаны едім.

– Oho, Сіз ең бейбіт жұмыстың маманы болдыңыз ғой онда!

– Оныңыз рас, Петр Алексеевич, менің мамандығым – өте бір иманды мамандық еді. Жерге бір шыбық шаншып, соны мәпелеп өсіріп, мәуесін алған адамды мен сәулетті ғимарат тұрғызған архитектордан, ғұмырлы симфония жазған композитордан кем көрмеймін. Бағбан адам ақынмен ағайындас. Амал не, арпалыс жолына түсіп кеттім де, бау-бақша тіршілігінен қол үзіп қалдым.

– Тұрар Рысқұлович, өкінішіңіз қатты. Сонда қалай, өзіңіз айтқандай, «арпалыс жолын» имансыз деп ойлайсыз ба? – деп күлді Кобозев.

– Жоқ, әрине, Петр Алексеевич, 1915 жылы мен мына Ташкенттегі педагогика институтына оқуға түстім. Институттан гөрі, марксистік үйірмедегі оқуым көбірек болды. Ақша табу үшін өзімнің Пішпекте техникум бітіріп алған мамандығым бойынша осы Қыбырайдағы атақты бай Ташпулат деген кісіге жалға тұрып, бағбан болдым. Ал 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалысы басталысымен майданға араластым. Арпалыс жолын қалап алдым.

– Сөйтіп... бағбандықты қойдыңыз.

– Көріп тұрсыз, Петр Алексеевич.

– Сіз жиырма бес десятина жерді ғана емес, бүкіл Түркістанды бау-бақшаға айналдырып жатқаныңызды сезесіз бе, Тұрар Рысқұлович? Сіз енді бас бағбансыз.

– Рақмет, Петр Алексеевич, бірақ мен марапат сүймейтін адаммын.

– Кешіріңіз, Тұрар Рысқұлович. Мен сізден жас жағынан әлдеқайда үлкен адаммын. Көлгірсу менің де әдетімде жоқ. Және сізге жағынайын деген де ниетім емес. Не үшін? Иә, бұл әңгімені қояйық. Ал сонда мына баудың иесі, әлгі сіз айтқан...

– Ташпулат.

– Иә, сол кісі қайда?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий