Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тұрар Рысқұлов Ташкенттегі қызметіне 1918 жылы тамыз айының орта шенінде келді. Әулиеата уездік атқару комитеті төрағалығын Қабылбек Сармолдаевқа өткізді. Уездік өкімет басында болған сегіз-тоғыз айдың ішінде қыруар жұмыс атқарылды. Әлі атқарылмаған қыруар жұмыс қалды. Бұйрық солай екен, Әулиеатаның талантты басшысын Түркістан өкіметі өзіне шақырды. Рысқұлов бұл кезде небары жиырма үштегі жап-жас жігіт еді, әлі бойдақ, үй-жай, отбасы деген жоқ. Бүкіл Әулиеатаны ұстаған Рысқұлов Ташкентке жалғыз шабаданын көтеріп, жолға шықты. Бұл Вотинцевтің тірі кезі еді. Рысқұловтың уездік емес, республикалық масштабтағы адам екенін таныған президент, оны әуелі денсаулық сақтау комиссары етіп тағайындады.

Вотинцев Рысқұловты өз кабинетінде қабылдап, республиканың сан алуан қиын-қыстау жағдайлары туралы әңгімелесіп отырғанда, ішке хатшы кіріп:

–Ағылшын әскери-дипломатиялық елшісі сіздің қабылдауыңызды өтінеді, – деп хабарлады.

Рысқұлов кетпек болып еді, Вотинцев:

– Отыр, – деді. – Тірі капиталисті көргің келмей ме? Әсіресе оның өзі ағылшын болса... Қызық қой. Отыр, тыңда.

Кабинетке екеу кірді. Бірі сарғыш мундир киген полковник, бірі басына сәлде ораған қара мұрт, қара сақал мұсылман.

– Полковник Френсис Бейли, – деді полковник өзін таныстырып. – Ұлыбританияның Қашқардан келген әскери-дипломатиялық елшісімін.

– Хан Сахиб Ифтекар Ахмед, – деді сәлделі. – Мен тілмашпын.

Полковник – тұманды Альбионнан шыққан ақ нәсілді ағылшыннан гөрі, не түрікке, не ирландыққа, яки ауғандыққа көбірек ұқсайды.

Бірақ сәл кесірлі кескіні мен шолжаңдау сөз сөйлеу мәнері ғана оның отаршыл нәсілдің тұқымы екенін танытып тұрғандай.

– Мистер Вой-тен-цов, – деді полковник әуелі еркетотай бала құсап ернін түріктендіре созып, «Вотинцев» деген фамилияға тілі келмей бүлдіре сөйлеп. – Ұлыбритания үкіметінің атынан жаңа Түркістан үкіметін құттықтауға рұхсат етіңіз.

Хан Сахиб аударып шықты.

– Рақмет, Бейли мырза, – деді ұртына кекесін күлкі ұялаған Иотинцев.

Бейли күйсегенін қоя қойып, біреуге бұрылып қараған түйедей Вотинцевтің алдында отырған Рысқұловқа кекірейе қадалып қалды.

Бейлидің көкейінде тұрған сұрақты айтпай ұққан Вотинцев:

– Таныс болыңыз, Бейли мырза, – деді Рысқұлов жаққа ықылас қойып. – Комиссар Рысқұлов. Түркістан Кеңестік социалистік Республикасы басшыларының бірі. Сондықтан одан жасырын бізде сыр да, сөз де жоқ. Айта беріңіз, құлағымыз сізде.

Көмекші жігіт меймандардың алдына подносқа салып ақ шәйнек, кішкене қызыл-жасыл шыныаяқтар әкеліп қойды, шайды құйып болып, өзі шығып кетті.

– О-о! – деп Бейли қолдарын жая, қасын кере таң қалып: Олл райт! Каа-ро-шо! – деді. – Коммунистік Түркістанда шығыстың ежелгі қонақжайлығы сақталғаны тамаша... Ықыласпен қабылдағаныңызға рақмет, мистер Вой-тен-цов, коммунистер Түркістанын тағы да құттықтаймыз.

– Ал ағылшын генералы Маллесон сіз айтқандай, «коммунистер Түркістанын» басқаша құттықтап жатыр, – деп қалды оқыстан Рысқұлов. Әдеп бойынша Вотинцевтің алдын орамау керек еді. Бірақ мына кесірлі полковниктің көлгірлігіне шыдай алмай кетті.

Полковник түк түсінбеген болып ежірейе қалды.

– Сіз, әрине, білесіз, Бейли мырза, ағылшын генералы Маллесон қарулы күшпен Түркістан республикасының Каспий аймағына басып кірді. Рысқұлов жолдас соны айтып отыр, – деді Нотинцев.

– А-а, – деп аңғалдана қалды Бейли. – Маллесон ба? Ол авантюрист. Ұлыбритания үкіметіне оның ешқандай қатысы жоқ. Оның армиясында бірде-бір ағылшын солдаты жоқ. Болса үнділер, ауғандықтар болар. Маллесон... Оның арандату әрекеті Ұлыбритания үкіметінің пәрменінен туындап жатқан жоқ.

Осыны айтып болып Бейли Рысқұлов жаққа қауіптене бұрылып қойды. «Осы бір қара бүлдіргі болмасын» дегендей көзқарасы.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий