Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бала ойының, тілінің жеткенінше бәрі-бәрін бастан-аяқ айтып берді. Рысқұлов әдейі жұмсамағанына көз жеткендей, бірақ көкірегі құрғыр сенбейді.

– Қой, Жорабай, бұл жерден кетейік. Ергеш итке қосылғым жоқ-ақ еді. Ақыры Алланың бұйрығы екен, соған барып паналайық. Мен оның қолы жатқан жерді күнде көріп жүрмін. Жоламай, аулақтан аңдушы едім, енді болмады. Елге де бара алмаймыз, мұнда да қала алмаймыз, – деп Омар төрттағандап жер таянып барып, көкірегін көтеріп, орнынан тұрды.

– Мынаны қайтеміз? – деді Жорабай балаға иегін көтеріп.

– Бұл жынның баласын ала кетеміз. Жалғыз жіберіп болмайды. Жау ертіп келіп, үстімізден түсіруі кәдік. Неде болса Ергештің қолына тапсырайық, ар жағын өздері білсін...

Әкелі-балалы екеуі қоржындарына сырықта жаюлы тұрған етті сықита салып, қанжығаға қара күйе мосыны байлап, атып әкелген тауешкіні алдарына өңгертіп, баланы Жорабайдың артына мінгестіріп, күнгей жақты бетке алып, шатқал қуалап, екі атпен жолға да шығып кетті.

Бала бармаймын деп бақырып-ақ еді, Дәу Омар шапалақпен бір-екі тартып жіберген соң, үні өшті. Енді ол үнсіз жылап келе жатты.

Оң қапталдан да, сол қапталдан да қияқ-қияқ тарғыл тастар түксиді. Баланың бір таң қалғаны: Теңбіл торғай да, шолпанкебіс те ұшты-күйлі жоқ болды. Осындай қысылғанда келмей қойды. Бала оларға қатты өкпеледі. Келіп қалар ма екен деп әлі де үміттеніп, артына бұрылып жалтақ-жалтақ қарады, артында мылтығын ердің қасында көлденең салып, төбедей төңкеріліп Дәу Омар келе жатыр. Даланың жарығына шыққан соң шырамытты. Осы өңкиген шалды бала бұрын бір жерден көрген, бірақ қайда екені есінде жоқ. Мына Жорабай деген баласы да еміс-еміс есінде, Жорабайдың артынан ақырын жылжып түсіп, қашып кетейін десе, артында Дәу Омар келе жатыр. Әкесі мен шешесі мына бұлым-бұлым, қуыс-қуыс шатқалдың бір жерінде жасырынып қалып бара жатқандай:

– Апа! – деп айқайлап жіберді.

– Өшір үніңді! – деп ышқынды Дәу Омар. – Қайдағы апа, сорлы! Сен Рысқұлдың баласымын деп тантыма! Молдабектің баласысың, егер адамның баласы екенің рас болса. Әлі көңілім сенбейді, перімісің деп қорқамын. Рысқұл қайда, біреу қайда? О, қу заман!

Заңғар көктің астында тау қыраны қалықтап, бұлардың төбесінен төніп жүрді де қойды. Жорабайдың алдында өңгерулі жатқан тау тағысын көзі шалған, сірә. Таудың тасыр өзені бұлармен жарысып бұралаңдады да отырды.

Жалғызаяқ тар табан жолда ат екеш ат та абайлап, аяғы таймас үшін санап басып, сақ келеді. Ылғи еңіс болған соң, ер мойнына кетеді. Жорабай шынтағымен баланы бүйірінен түйіп кеп қалады:

– Еңкейме. Шешең маған асылып туып па еді?

– Шалқайып отыр!

Дәу шалдан гөрі, Жорабай ептеп иманжүзді көрінеді. Осы бір шындықты айтар-ау деген үмітпен бала байғұс:

– Ағатай, менің шешем қайда? – дейді. – Ол осы тауда, күркеде деп еді ғой.

– Оттапты! – деп арс етті арттан Дәу Омар.

Бала көңілі қалтырап, қаңтарда қалғандай жүрегі мұздап, аттың үстінен анау сарқырама құзға құлап түскісі келеді. Төбеден қыран шаңқ еткенде аспанға қарап барып ұялағандай, көктің жүзі мейірлі екен, бала іші елжіреп кетті.

* * *

Ташпулат бай Ергештің «нояндарының» бірі еді. Алатаудың күнгей жағын жайлаған Солтүстік Ферғана қауымын Ташпулат бай большевиктерге қарсы көтеруге тиіс. «Қоқан автономиясының бұрынғы райысы Ергеш Қоқаннан айырылғанмен, үмітінен айырылмаған. Кеңесті құлатып, райыс тағына қайта оралу оның арманы.

Ергешті іздеп келе жатқан Дәу Омар Ергешке емес, Ташпулатқа тап болды.

– Өзің қартайып қалыпсың. Бірақ мылтық ұстауға жарасаң болды. Балаңды алып келгенің ақыл болған. Бұл нағыз жауынгер, ал мына боқмұрын кімге керек? – деп Арманды құлағынан бір бұрады. Бала тыжырынып қалды да, жыламады. Тек көмек тілеп Дәу Омарға қарады. Дәу Омар оны қорғамақ ойында жоқ, қайта баланы орға итерді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий