Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ә, ақымақтар, – деп табалайды енді Ташпулат. – Кедей өкіметі кедейлерді жарылқайды дегенге сеніп, кердеңдедіңдер-ай келіп. Сауап болды. Естідіңдер ме, біздің қасиетті Ферғана ғана емес, қазақтарды да қан қақсатқан большевиктер. Мына қазақтың айтқанын естідіңдер ме? Қатын-баласын асырап отырған жалғыз қап бидайын, Құдайға құлшылық етіп бес рет намаз оқитын жайнамазын тартып алған кеңестер. Ал тартып ал деп тәртіп берген әлгі Рысқұлов. А-а сендер білмейсіңдер ғой Рысқұловты. Ал мен ғой оны баяғыдан білемін. Менің мәуе ағаштарымды күтіп-бағып, тиын-тебен тауып, тентіреп жүруші еді. Әр істі Құдай қылады да, енді сол бау-бақшамды, әулі-жайымды тартып алып, тасыраңдады-ай келіп. Қап!

Ташпулат көзіне дүрбі тосып, күнбатыс жаққа зарыға қарады. Қанша қарағанмен өзінің әулі-жайын көре алмады. Тым алыс еді. Осы дүрбімен әнекүні Рысқұловты жыға таныды. Амал не, атқан оғы дарымады. Машинасының әйнегін қиратты. Оған да шүкір. Жаны шошынып жүрсін. Бәлкім, енді Ташпулаттың әулі-жайына келіп, сайран құрмайтын болар. Қасындагы қаба сақал комиссары да сескенген шығар. Ендігі жерде кездессе, Ташпулат мүлт жібермеуге тырысады. Рысқұлов сияқтылар жер жастанбай, Ташпулат тыныш ұйықтай алмайды. Ал мына жүгермек інісі...

Ташпулат балаға тесіле қарады.

Рысқұлов пен баланың арасынан ұқсастық іздеді. Рысқұловты әнеукүні Шыршықтың бергі жағасында тұрып дүрбімен көрді. Мұрт қойған сияқты ма? Көзілдірігі бар екені анық. Көзілдірігі мұның бағбаны болып жүргенде де бар болатын. Ол он бесінші жыл еді. Содан бері төрт жыл өтті. Көңілінде бұлдыр елес қана қалыпты. Жұмысқа берекелі, тындырымды еді. Торғай тоқ етіп, таң сыз бергеннен тұрып, тіршілікті тындырып тастап, талдың көлеңкесінде отырып, шұқиып арай-арай кітап оқитын. Не кітап деп бұл сұрамапты, не кітап екенін ол айтпапты. Сөйтсе, кілең дін бұзар, большевик кітап екен ғой. Оны білсе, Ташпулат Рысқұловты сол кезде-ақ полицияға ұстап берер еді-ау. Әттеген-ай көп. Егер білсе...

Енді алдағыны ойлау керек. Мына бала бір қажетіне жарап қалуы. Ептеп ұқсайтын сияқты. Қалың қабақ, көзінде қанжардың жүзіндей суық жарқыл бар. Тұнжыр, Рысқұлов та сазарып, көп сөйлемейтін. Інісі дейді, зор комиссардың інісі болса, қаңғырып несі бар? Елін сағыныпты дейді. Елін сағынса Түлкібасқа Ташкенттен сайрап жатқан тура жол бар емес пе? Тауда адасып не жыны бар?

Ташкентте отырған жақын адамдардан астыртын хабар білмек керек. Рысқұловтың інісі жоғалып кеткені рас па, өтірік пе, оны анықтау аса қиынға да түспейді.

* * *

Ташпулат бай большевиктермен тікелей айқасқа шығуға да бейіл емес. Әзірейілдей жек көрсе де, қорқады. Ол мекен-жайын қайтарып алуды көксегенмен, оған дәл қазір қолым жетеді деп ойламайды. Түптің түбінде бір қайтар деп үміттенеді.

Бірақ Шыршықтың жағасында жатқан жайына қайта-қайта ұрланып барғыштауында басқа қасірет жатыр. Шыршықтың бойындағы шынардың тасасында тұрып, ол дүрбімен ұдайы бір ноқатты іздейді. Тарбиған үйдің желкесінде кәрі жаңғақ ағашы бар. Кәрі жаңғақтың түбінде дөңкиген қойтас жатыр. Сол тас орнында ма, жоқ жылжып кетті ме? Оның жанын жеп жатқан қылқұрт сол қойтас. Баяғы замандар тасқынымен таудан көшкен түйетас, қойтас аз емес. Отан біреу тіктеп назар салып, астын тінте қоймас та. Ал сол тасты біреу жылжытпай, өзі бұрын аударғаны оңды болар еді. Сонда ол бұл бүлік шалған Түркістанды талақ етіп, Ергештің де енесін ұрып, Ауған, тіпті Иран, тіпті Үнді асып кетер еді.

Әлденеше оқталды, жете алмады. Сенімді адам да аз. Алтынды көрсе періште де жолдан шығады. Жанындағы жалаңаяқтарта сенбейді. Енді мына аңқау да кіріптар Дәу Омарға оқталып отыруы содан.

Дәу Омар алдына өңгеріп келген киікті Ташпулатқа ә дегенде-ақ тарту еткен. Ташпулат семіз киікке қызықса да сыр бермеген. Киікті көріп, көздері қызып, құлқындарын қаққан нөкерлеріне:

– Тоқта! – деп тыйым салған.

Енді жөн сұрастырып, біраз нәрсенің пердесі түріліп, біраз нәрсе әлі жұмбақ қалған кезде барып, Ташпулат жігіттеріне:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий