Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Мені танисың ба, Рысқұлдың баласы? Мен Шыны атаң боламын. Апаң аштан өлді, сенімен жасты Қадірім аштан өлді, күні кеше ең кенжем – Жанысбекті де жер қойнына бердім. Кеңес-кеңес дегенге, кеңес өкіметі кедейге жақ дегенге, ентелеп бір соның тілеуін тіледік-ай келіп. А олай болмай шықты, сен басқарған өкімет, Рысқұлдың баласы. Мұндай өкіметке лағынет. Ит те болса, бұдан гөрі кешегі Некалайдың өзі тәуір еді ғой. Ол көпе-көрнеу өліп бара жатқанда, аузындағы бір уыс талқаныңды тартып алмаушы еді ғой. Сендер сөйттіңдер ғой. Не болдық енді?! Отырасың Ташкентте, ойламайсың еліңді! Құрысын бүйткен өкімет!

Шыныны жұрт әрең басты. Тілді түгел түсінбесе де Кобозев не мәселе екенін ұқты. Ұқпағанын Рысқұлов жеткізді.

– Кеңес өкіметіне лағынет айтады, о? Кедей ме? Тақыр кедей ме? Онда қалай? Қай жерден қате жібердік?

– Сіз алғаш келгенде менің Кушекинмен айтысымның үстінен түскенсіз, Петр Алексеевич, есіңізде ме? Міне, содан көп бұрын басталған. Аштарға қолымызды кештеу создық. Одан қалса – арандату, қастандық. Кедейлер наразылығын қоздырып, кеңесті құқай-құбыжық көрсету. Міне, мынау соның типтік элементі. Осында менің бір туысымды болыс сайлапты. Және менің атымнан сайлатыпты. Ал ол өзі кедей – кедейлерге шабуыл жасапты. Нұсқау оған солай берілген. «Асыра сілтеу болмасын – аша тұяқ қалмасын» – міне, жау принципі. О, бұдан сұмдық принцип болмас.

– Қалай-қалай дедіңіз: «асыра сілтеу болмасын?..»

– Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын! Яғни, өкіметтің заңын бұзбау керек, бірақ кедей халқы күн көрерлік тышқақ лақ та қалмауы керек. Демек, асыра сілтеуден де асырып түсіру керек. Әне, сонда халық наразылығы қозады, халық наразылығы қозған жерде, дұшпандардың айы оңынан туады. Міне, мынау Шыны, мынау Ахат өмірі бүйірі томпаймаған кедей. Патша заманында жер ауып, Жетісу асып, жиырма жылдан кейін туған еліне жеткендер. Олар патшаны аңсайтын жандар емес. А бірақ кеңестен гөрі, патша жақсы еді-ау, деп зарлап отыр, әне. Олардың бір туысы баласымен басмашыға қосылған. Оны, Петр Алексеевич, өзіңіз де білесіз, байлығын қорғайын деп жүрген жоқ, кеңес болысы күн көрсетпеген. Ал ол болыс менің бауырым. Міне, мәселе қайда жатыр. Атыма кір жұқтыру әлдекімдерге өте-мөте тиімді.

– Болысты неге шақыртпайсыз? – деді Кобозев. – Көрейік кеңес болысының кереметін.

– Болысты шақыртпаймыз, Петр Алексеевич. Өзі келіп сәлемдеспеді. Қазақ жоралғысы бойынша, мен баруым керек! Өйткені оның әкесі Молдабек қайтыс болған. Мен көңіл айтқан жоқпын.

– А сіздің әкеңіз Рысқұл қайтқанда, ол көңіл айтып па еді?

– Жоқ. Ондай реті келген жоқ.

– Ендеше, сіз елпектей беретін дәнеңе де жоқ. Бұл жерде сіз қалыссыз, Тұрар Рысқұлович. Жұмыс тізгінін мен өз қолыма аламын. Кәне, тез арада болыс осында жетсін! – деді Кобозев есік жақтағы қызыләскерге қарап.

Қызыләскер қалт тұрып, қолын шекесіне апарды. Жалт бұрылып, тысқа шықты. Болыстың үйін сұрады. Ыңыршағы айналған, азған, тозған, көздері іріңдеген, бет-аузы үсіген алмадай домбыққан, іркілдеп іскен адамдар қызыләскерге әрең-әрең қақ жарылып жол берді.

– Болыс келер, Петр Алексеевич, болыс келгенде оны мына анталаған аштарға сойып, етін бөліп бермейміз ғой. Бұларға табанда қандай көмек болады, соны ойластырайық та. Бұл шамасы келіп жеткендері. Жете алмай жатқандары қанша? Мал болып жайылып, шөп теріп жеп жүргендері қанша? Олар бүгін бар, ертең жоқ болуы мүмкін ғой. Сондықтан бүгін қол ұшын беру керек.

– Не ұсынасыз?

– Ұсыныс, мына бұрынғы болыс әулетін конфескалап, азық-түлігін, малын аштарға таратып беру.

Кобозев Рысқұловқа үнсіз қарайды: «дәмін татып отырған жоқпыз ба?» – дегендей.

Әңгімеге Дауылбай өзі араласты.

– Ұсынысың дұрыс, Тұраржан. Бірақ конфескаға жатқызбай-ақ қой. Өз еркіммен беремін. Жаңа астықта бергенім қайтатын болсын.

– Не деп сандалып кетті мына қақбас? – деп осы уақытқа дейін сазарып отырған Қорабек орнынан атып тұрды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий