Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ферғана, жер жаннатындай құт мекен болған Ферғана, бұл күнде басмашылар ойран салған, халқы қырылып, қаңғырған жұт мекенге айналды. Heгe? Басмашылардың негізгі бөлігі өзінің туын неге осы Ферғанаға тікті? Осының себебін ашып алмай, біз ешуақытта шындыққа көз жеткізе алмақ емеспіз. Ал ол шындық, жолдастар, мынандай: Ферғанада әзірге Кеңес өкіметі жоқ. Бар болса, тек орыс селоларында ғана бар, ал мұсылман халқына Кеңес өкіметі әлі орнамаған. Олар әлі Николай заманындағы тәртіп бойынша тіршілік етіп жатыр. Баяғы приставтардың, баяғы болыстардың заманынан еш айырмашылығы жоқ. Приставтардың атын комиссарлар деп өзгерткені болмаса, заты бәз-баяғыдай. Ал біздің коммунист жолдастар мұсылман қауымына, оның ішінде кедейлерге де сенбей келген. Керісінше, жергілікті халық та коммунистерге сенбейді. Біздің коммунист деп жүрген кісілеріміз ел арасында патшаның генералдарынша мінез көрсетеді. Ешқандай партиялық жұмыс, ықпал жоқ. Әсіресе Наманган, Әндіжан аудандарында жағдай осындай. Мұсылман қауымын партияға тартпайды, ол – ол ма, қайта кейбір коммунист мұсылмандарды партия жиналыстарына да қатыстырмайды. Мұсылман қауымының, әсіресе кедейлердің мал-мүлкін тартып алып, тіпті өлтіріп, қыруға дейін барған. Біздің солдаттарымыз оларды қорғаудың орнына, өздері тонаушы халіне түскен. Қышлақтан жұрт безіп кеткен. Сонда қайда барады? Әрине, басмашыларға барады. Кеңес өкіметінің өкілдеріміз деп жүргендердің әлгіндей жүгенсіз қылықтарын жау жағы қалай пайдаланған десеңізші! Кеңес өкіметінен пана таппаған байғұстар басмашыларға барып тығылып, қолына қару алып, енді бізге қарсы оқ атып жүр. Мұсылманның кедей қауымы екі оттың ортасында қалған. Бір жағынан Кеңес өкілдері, орыс коммунистері сенбей, шетқақпайлады, екінші жағынан қарақшылар, басмашылар тонайды. Мұсылман қауымы ұлтшыл болып алған. Неге десеңіз, Еуропалық жолдастардың қорлауына ұшыраған. Оларды ұлтшыл етіп отырған өзіміз, жолдастар. Коммунистердің программасы, мына біздің, Кеңес өкіметінің шығарып отырған заңымыз бәрі дұрыс. Бұл программа бойынша өкімет кедейді жақтауы керек. Жарлыларды жарылқауы керек. Ал шындығында қалай? Қанішер Николайдың кезінде кедейдің көрген күні қандай болса, әлі солай, тіпті кей жерлерде одан да өтіп кеткен. Аштықтан, қорлықтан өлгендер қаншама. Айтуға ауыз бармайды. Пролетариаттың үкіметі неге сол пролетариаты осыншама қорлыққа, басмашыларға, Ергешке, Мадаминбекке еруге мәжбүр еттік? Күні кеше: «Жасасын, Кеңес!» – деп қолына қызыл ту алып, қуаныштан жүрегі жарылған жұрт неге бүгін кеңеске қарсы шығып жүр? Кім кінәлі? Түркістан өкіметінің басшылары кінәлі.

Рысқұлов осыны айтып, сәл тыныстады. Жан-жағына көз тастады. Отырған жұрт қозғалақтап қалды. Әлдекім:

– Бәрімізге топырақ шашпай, дәлірек айт! – деп қалды.

Рысқұлов қап-қара шевиот костюмінің қалтасынан аппақ бәтес орамал алып, алтын жиек көзілдіріктің әйнектерін асықпай сүртіп, үндеместен тұрып алды. Бұл тұрыс жұрттың дегбірін алғандай, барлығы да бір-бірімен күбір-күбір, сыбыр-сыбыр сөйлесіп, әлдебір тосын сөз күткендей Рысқұловқа сабырсыз қарайлай берді.

Кушекиннің оң көзінің алды жыбыр-жыбыр ете қалды. Жылтыраған көздерін жанында отырған Успенскийге қадады. Қоқиланыңқырап отырған Успенский Кушекиннің назарын байқап, иығын қиқаң еткізді.

Жұрттың назары өзіне әбден ынтыға ауған кезде, абыр-сабыр басылып, кабинетте шыбынның ызыңы естілген шақта, Рысқұлов көзілдірікті киіп, ішкі тос қалтасынан бүктеулі қатқыл қағаз шығарып, дауыстап оқи бастады:

Түркістан үкіметінің атына РКП Орталық Комитетінің радиограммасы...

Рысқұлов осы жерге бір тоқтап, басын қағаздан шалт көтеріп алып, отырғандарды айнала көзбен тізіп өтті. Кушекин өртеніп бара жатқандай қып-қызыл болып, қопалақтап қалған екен. Успенский ежірейіп, оң қолымен жамбасын сипалай береді. Жамбасында маузер салған қайыс қалға бар. Сол әлде жамбасына батып барады, әлде алақаны қышып, мазасын алып отыр.

– Оқы, Тұрар! – деді Низаметдин Ходжаев шыдамы кетіп.

Радиограмма мәтіні:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий