Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

РКП Орталық Комитетінің Түркістан үкіметінің атына радиограммасы.

12-шілде 1919 жыл

Коммунистердің Орталық Комитеті Түркістан Республикасы Советтердің Орталық Атқару Комитетіне, Коммунистердің Өлкелік Комитетіне хабарлайды:

VIII съезд қабылдаған Коммунистік партияның программасы негізінде, жұмысшы-шаруа өкіметінің Шығыстағы саясатының мүддесі үшін Түркістанның түпкілікті халқын, партияда бар-жоғына қарамай, мұсылман жұмысшы ұйымдарының ұсынысын қанағат тұтып, мемлекет қайраткерлік ісіне кең түрде тепе-теңдікпен қатыстыру керек.

Өлкелік Мұсылман ұйымдарының ықтиярынсыз мұсылман халқының мал-мүлкін реквизициялау тыйылсын, антагонизм тудыратын қақтығыстардың қандайы болсын қоздырылмасын.

Түркістанның алдыңгы қатарлы революциялық кадрлары, орыс пролетариаты өзінің революциялық борышын ақтайды, Орталық өкімет белгілеген мақсаттарға жету үшін, осы жолдагы қиындықтарды жеңу үшін бар мумкіндіктердің бәрін іске асырады деп сенеміз.

Осы пәрменнің орындалу барысы Коммунистік партияның Орталық Комитетіне хабарлансын.

Ленин, Сталин.

– Ленин, Ста-ли-и-ин, – деді Рысқұлов сүренің соңғы сөзін созып айтқан молдадай созалаңдатып тұрып, Ленин есімін ап-анық саңқ еткізіп айтты. Сталинді соншалықты созып тұрып алғанын көп адам түсінбеді. Бәлкім, Рысқұловтың өзі де түсінбеді.

Радиограмма қағазын қолы жеткен жерге дейін жоғары көтерді.

– Міне! – деді қолын сілкілеп тұрып. – Біздің көптен бері зарыға күткен шындығымыз! Шындық бар! Бар шындық!

Комиссарлар ду қол шапалақтап, орындарынан түрегеліп кетті. Сасқанынан Кушекин де ұмтылып-ұмтылып барып түрегелді.

– Жолдастар, тынышталыңыздар, – деді Рысқұлов радиограмманы әлі жалаудай жоғары көтеріп тұрып. – Ал осы радиограмма қашан келген деп ойлайсыздар? Білмейсіздер. Он екінші шілде күні келген. Ал бүгін қаншасы? Ұмытпасам, айдың аяғы. Сол уақыттан бері хабарсыз жатқанымыз қалай? Мынау радиограмманың Кобозев жолдастың атына келген копиясы. Ал бірінші данасы кімде деп ойлайсыздар? Кушекин жолдастың қалтасында. Кобозев жолдас екеуміз Ферғана сапарынан өткен түнде оралдық. Кобозевке арналған копия болмаса, біз бұл радиограмманың дүниеде барын білмей әлі қанша жүреріміз бір Кушекиннің өзіне ғана аян.

– Дұрыс емес, жала бұл, Рысқұлов, – деп ышқына түрегелді Кушекин. – Мен сендердің Соболевтен, то есть Ферғанадан оралуларыңды күттім. ТүркЦИК пен Совнарком, Крайком, Мусбюро біріккен мәжілісінде бір-ақ жариялауды ойладым.

–ТүркЦИК, Совнарком, Крайком, Мусбюро бәрі де орнында. Оларды Кобозев пен Рысқұлов Ферғанаға арқалап кеткен жоқ қой, – деп Рысқұлов Кушекинді лезде тойтарып тастап, халыққа қарады: – Аспандағы жап-жарық күнді қалтаға, яки үстелдің тартпасына салып, жасырып қоюға болмайтыны сияқты, мына Құжатты да, Лениннің қолы қойылған Құжатты жасырып қоюға болмайды. Бұл Құжаттың нұры Түркістанның түкпір-түкпіріне лезде тарауы керек. Мен әлгіде ғана баяндап өткен Ферғанадағы адам төзгісіз жағдай, жалпы Түркістандағы әділет туының Түркістан төрінде әлі де көтерілмегендігінен туып отыр. Ферғанадағы ауыр жағдайға басқа факторлармен бірге Түркістан басшылары кінәлі деген себебім сол.

– Түркістан басшылары емес, басшысы де! – Низаметдин Ходжаевтың даусы қаттырақ шығып кетті.

Рысқұлов қызбаға қызба жауап бермей, сабырмен ғана:

– Солай-солай, Ходжаев жолдас. Бірақ сол басшының жетегінде мұрнын тескен тайлақтай жүре берген бәріміз де кінәліміз, – деді де, негізгі мәселеге көшті:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий