Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Мен жаңа ғана оқыған радиограмма Кобозев жолдастың қолына бүгін таңертең тиген. Ал оның мән-мағынасын бәріңіз де жақсы түсініп отырсыздар. Бұл радиограмма бойынша біздің партиямыздың Орталық Комитеті Түркістан Коммунистік партиясына, Түркістан үкіметіне дүниежүзілік мәні бар үлкен міндет жүктеп отыр. Бұл міндеттерді дұрыс түсініп, іс жүзінде дұрыс орындау Түркістанның ішкі тіршілігінің мүддесі үшін ғана емес, жалпы Кеңес өкіметінің Шығыстағы саясаты үшін де орасан зор мәні бар. Әлеуметтік революция бір халықтың, яки бір ұлттың ғана мүддесін көздеп қоймайды, ол бүкіл дүние жүзі езілген табының мүддесін діттейді. Езілген пролетариаттың жауынгер органы – III Интернационалдың негізгі кіндік мақсаты тек Батыстың ғана емес, Шытыстың да революциялық күштерін біріктіру. Сонда ғана бір ұлттың бір ұлтты, яки үстем таптың кедей тапты жаншуы түбегейлі жойылмақ. Ресейдің Федеративті Республикасы, мәселеге, міне, осы тұрғыдан келіп отыр. Сондықтан РСФСР-дің әрбір бөлігі де мәселеге, тек өз тұрғысынан ғана емес, жалпы федеративтік, дүниежүзілік проблемалар тұрғысынан қарауы керек. Бұл түпкі мәселенің Түркістанға да қатысы бар, өйткені Түркістан РСФСР-дің бір бөлігі. Ал Түркістан болатын болса, бүкіл Шығыстың қақпасы іспеттес. Түркістан Шығыс пен Россияны жалғастырып тұр. Түркістан – патшалық Ресейдің отары болды. Езілді, қаналды, қорлықты да, зорлықты да көрді. Ал социалистік революция Түркістанға Кеңес өкіметін орнатты. Осының бәріне бүкіл Шығыс көз тігіп отыр. Қайталап айтамын, көз тігіп отыр. Түркістанға Кеңес өкіметін орнатып, коммунистер келді. Енді олар не істер екен? Түркістанның патшадан қорлық көрген, жапа шеккен халқына не берер екен? – деп әрбір қимылын қалт жібермей қарап отыр. Ал біз, Коммунистік партияның саясатын іске асыруға міндетті басшылар не істеп отырмыз? Айтыңыздаршы, не істеп отырмыз?

Соңғы сөзді Рысқұлов ышқыныңқырап айтты. Түркістан басшылары сілтідей тынған.

– Партия айтады, оның Орталық Комитеті айтады: «Коммунистік партияның VIII съезде қабылдаған программасының негізінде жұмысшы-шаруа өкіметінің Шығыстағы саясатының мүддесі үшін, Түркістанның жергілікті халқын мемлекет ісіне кеңінен және халық санына қарай пропорционалды түрде қатыстыру керек, – дейді. Және бұл ретте, олардың партия мүшесі болуы міндетті емес, тек олардың кандидатурасы мұсылман жұмысшы ұйымдары арқылы ұсынылса, жеткілікті» деп отыр. «Мұсылман қауымының мал-мүлкін өлкелік мұсылман ұйымдарының келісімінсіз тартып алу үзілді-кесілді тыйылсын деп отыр. Арада араздық тудыратын алауыздық тыйылсын» деп отыр.

Міне, радиограмма осылай дейді.

Ал біз ше? Біз не істедік? Не істегенімізді жаңа ғана мен Ферғана айнасы арқылы көрсеттім. Ол аз болса, Кобозев жолдас көрсетті. Біздің осынымыз партия саясатын орындағандық па? Жоқ, жолдастар, партия саясаты Түркістанда өрескел бұрмаланды. Өздерін «максималистер», «қарт коммунистер» деп атайтын Түркістан басшылары жергілікті мұсылман халқына (Мұсылман халқы деген ұғым діни тұрғыдан айтылып тұрмағанын өздеріңіз білесіздер. Мұсылман деген ұғым – өзбек, қазақ, қырғыз, түрікмен, тәжік, татар, ұйғыр, дүнген т.б. деген сөз), иә, мұсылман халқына әлгі «максималистер», «қарт коммунистер» сенімсіздік білдірді. Оған жауап ретінде мұсылман халқы да Түркістан басшыларына, яғни Түркістандағы Кеңес өкіметіне сенбейтін халге жетті.

Әлгі «максималистер» басшысы Кушекин жолдас болып, армяндардың «дашнактарымен» «достасып», олармен қоян-қолтық араласып, қолдарына қару берді. «Басмашылармен» соғысыңдар деді. Ал «дашнактар» қаруланып алған соң, өздерінің Кавказдағы істеген сұмдығы аз болғандай, Ферғанадағы «басмашылармен соғысып жатырмыз» дегенді желеу етіп, бейбіт халықты қырып берді. Бұл жөнінде Кобозев жолдас екеуміздің бұлтартпас фактілеріміз бар.

Ал енді басмашылармен соғысып жүрген біздің кейбір жауынгер отрядтардың әрекетіне назар салыңыз. Бір документ келтірейін.

«Самарқан жауынгер отрядының бұйрығы. Наманган қаласының халқына, 4-сәуір 1919 ж. Наманган қаласы.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий