Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Шырағым, Тұрар! Бұрынғының ұлықтары кернейлетіп, шабарман шаптырып, күллі әлемді азыната келер еді және Шымкент жақтан шығатын. Сенің мына келісіңе түсінбей отырмын. Ұрыннан, тым тысқарыдан, тау арасынан cay етіп, тосын түскендерің не сыр? – деп сыпайылады.

– Дәке, жол бұралаң болғанмен көңіл түзу. Сырнай-керней – дарақылық. Ел ашығып, жан шетінен қиналып тұрғанда салтанат жүріс – саудайы жұмыс. Біз іс басты адамдармыз, – деді Рысқұлов жайымен.

«Ә, бұл әкесінен асып туған болды. Сөз саптасы – сақпанның оғындай екен, қанды басын ары тарт,–деп Дауылбай іштей қалтырап қалды. – Әкесі адыр еді, мынау сабырлы сабаз болды, демек бұл аса қауіпті».

– Жөн-жөн, Тұрар балам. Тау асып түскенде, қатты болған қандай іс?

– Болыстықты Оразбаққа кім берді?

– Жаңа өкімет берді, шырағым Тұрар. Дүние кезек. Бұл елге әкімдік, өзің білесің, атадан балаға ауысып Дауылбай тұқымында келген. Енді басыңа бақ қонған шақта, алыстан әулетіңе сәулең шашырап, Сәлік атамның Алсай баласына да билік тиді. Оразбақты болыс сайлатқан өзіңнің шапағатың. Оны менен гөрі, өзің жақсырақ білсең еді...

«Кәрі түлкі шалдырмайды,– деді ішінен Рысқұлов. – Уездік совдептің бастығын шақырту керек». Бұл ойын орысшалап Кобозевке жеткізді. Бұл отырған үйдің иесін таныстырып өтті.

– Бұл орысың кім, шырағым Тұрар? Жаныңа ертіп алған нөкерің бе? – деді Дауылбай аппақ ұлпа мұртын сипап отырып. Бұл түлкі мұрт бір кезде мойылдай қара болатын. Енді сипай-сипай ағарып кеткен сияқты. Дауылбайдың бұл сұрағы көлгірсу емес еді. Сондықтан Кобозевтің лауазымын есіткенде сенерін де, сенбесін де білмеді.

– Лениннің жіберген төтенше өкілі дедің бе, Тұраржан?

Рысқұлов бұрынғы айтқанын растады. Дауылбай қалың көрпешенің үстінде жүресінен түсіп, тізесіне қонақтап, еңкейіп отырған күйі көзін жылт еткізіп, Кобозевке бір қарап қойды.

– Құданың құдіреті екен, енді патшаның атын атасаң пәлеге қаласың, ал сол патшаның әкімдері, сонау Петербордан келген шонжарларын былай қойғанда, осы ояздың нөкерлерінің өзі жарқ еткенде жарқ етіп тұрар еді. Бұл күндегінің өкіметі кенептен басқа киім таппай қалған ба? Ленин де өстіп жүр ме, Тұраржан? – Тағы да тұзақ тастап отыр. Зымияндығына найза бойламайды.

– Дәке, орыстың ұлықтарымен көп дәмдес-тұздас болдыңыз, сол орыстың мына бір мәтелін естіген де боларсыз: «Келген мейманды киіміне қарап күтіп алып, ақылына қарап шығарып салады» дейді. Әңгіме киімде емес қой. Жол киімі осындай болады. Ленин жарқылдаққа әуес емес, бірақ таза киінеді.

Сырлы табақтың сыры кетсе де сыны кетпейді, Дауылбай тақтан түссе де, ел іші қиыншылық болса да, береке белгісін танытып, дәу ақ самаурын кіргізілді. Жол қағып, қаталаған жолаушылар терлеп-тепшіп шай ішуге кірісті.

Бірер шыны таусылып, шөлінің беті қайтқан соң, Кобозев киіз үйдің шаңырағына шалқая қарап, дөдегесін тамашалап, желбау, басқұр сияқтыларды қызықтап отырды. «Көшпенділер мәдениеті жоқ, олар тіршілікке бейімсіз келеді, сондықтан жер бетінен жойылып кетуге тиіс», – деді-ау Кушекин. Ал мынау нағыз өнер туындысы емес пе? Өзі салқын, өзі сарайдай салтанатты. Бірақ мұндай үй бұл көшпенділердің бас-басында бола бермеуі мүмкін. Бәрібір мұны тапқан халық қой».

– Кушайте, кушайте, – деді таза орысшамен Дауылбай Кобозевтің көңілі айдалаға ауып кеткенін байқап.

– Рахмат, рахмат, – деп Кобозев өзбектерден үйренгенін айтып күлді. – Мұнда да солай дей ме? – деп Рысқұловтан сұрады.

– Айырмасы бір-ақ әріп: рақмет деп айтады, – деп Рысқұлов түсінік берді.

– Алып отырыңыздар, дастарқан мәзірін жұқасынбаңыздар. Нәубәтшілік кез. Айтсақ – тағы бәлеге қаласың, әйтпесе, қалай патша құлады, солай нәубет келді ғой. Үш жыл қатарынан қуаң құбыжық елді сансыратып болды. Қалғанын кеңес сыпырды, сонымен, шықпа, жаным, шықпа деп отырған. Тағы да болса, биыл көктем шырайы жаман емес. Арпа басы сары ала болған білем, аш адамдар малша жалмап жатыр ғой, ақыры не боларын?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий