Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кушекин «мейлі» дегендей, басын самарқау изеді.

– Жолдастар, менің сөйлемей қоюыма болар еді, мен үшін Тұрсынходжаев жауап беріп те қойды. Дегенмен, көңілдеріңізде түйткіл бар. Генерал Колосовскийдің қызына үйленгенім рас. Оның тарихы ұзақ. Бәрін айтып жатуға уақыт жоқ. Және бәрін айтып жату міндет емес. Әркімнің басқаға айта бермейтін сыры болады. Бәрін басынан бастап айтсам, ол тарих соноу менің түрмеде отырған балалық шағыма, 1905 жылға кетеді. Оны түгел қопарып қайтемін. Бірақ мен генерал қызына үйленгеннен коммунистігім өзгерген жоқ. Дүниенің бар сұмдығын менің басыма үйіп-төгіп жатқан жандар махаббат туралы не біледі? Әлде коммунистерде махаббат сезімі болмайды деп ойлай ма? Ондай ойлайтын кісілер Лениннің Армандқа махаббат, отбасы туралы жазған хаттарын оқығаны, оқып қана қоймай, түп-түгел түсінгені дұрыс болар еді деп ойлаймын. Иә, менің енем Колосовскаяның ЦИК декреті негізінде жазған арызына жер берілсін деп қол қойғаным рас. Колосовская кісі жалдамайды, өзінің екі қолымен тастақ жерді өңдеп, азын-аулақ огород салады, қалған участогі жемісі аз ескі алма ағаштары. Менің енем қазір Клевенцов айтқандай «генералша» емес, орыстың нағыз шаруа әйелі. Оның алақанында күстің табы бар. Ал енді жерді, шын мәнінде, кім бауырына басып отырғанын білгілеріңіз келсе, ол мына – Клевенцов. Ақсу-Сайрам бойының небір жәннеті, шұрайлы жерлерін Клевенцов әулеті Столыпин реакциясы кезінде, жергілікті қазақтарды қырып-жойып, тамтығын тауға, су шықпайтын өрге қарай ысырып, орнын басып алған.

Сіздер, аңғардыңыздар ма, жоқ па, білмеймін? Клевенцов қайта-қайта «Черняев уезі, Черняев уезі» дей береді. Черняевтің соңынан біраздан кейін «Туркестанские ведомости» деген газет былай деп жазды: «Киргиздардың жерін тартып алуға ұялып-қызарудың керегі жоқ. Өйткені бұл жер үшін орыс солдатының қаны төгілген. Ал көшпелі киргиздарға келетін болсақ, олар ерте ме, кеш пе, Лена өзенінің сағасында бір кезде өмір сүрген вогулдардың кебінін киеді. Отаршылдық болмаса, киргиздің жерін алмаса, бұл жабайы өлкеге мәдениет қалай енбек? Бұған дау айтқан адам киргиздардың мәдениеттілігін мойындағаны. Ал киргиздарда мәдениет бар ма? Ол мәдениет бұл жабайыларға славян тұқымының лекілдеп ағылуы арқылы келеді. Мұнда тағы бір жағдай – тарихтың аяусыз қатал заңы бар: өмірге бейім, мәдениетті, дарынды нәсілмен жанасқанда, мешеу жабайы халық не сол өміршең мәдениетті нәсілге сіңісіп кетеді, не жер бетінен жойылып кетеді...». Міне, жолдастар, Клевенцов осындай идеологияның сүтін еміп өскен отаршылдар тұқымынан. Черняев уезіне Шымкент деген тарихи аты қайта берілгеніне қарамай, қасарысып «Черняев, Черняев» деп тұрғанынан-ақ қақсал колонизатордың иісі мүңкіп барады. Ал колонизаторлар қашаннан ұлт кадрларын өсіруге өшіге қарсы болып келген, соның бір айғағын бүгін құлақпен естіп, көзбен көріп отырсыздар. Менің өтінерім: бұл жиынды айқай-сүреңге айналдырмай, мәселенің ақ-қарасына әбден көз жеткізіңіздер. Рысқұлов айыпты болса, оның қандай бір қызметіне қарамай, жазалаңыздар. Болмаса, Клевенцов сияқтыларды ауыздықтаңыздар. Партиялық, кеңестік әділ шешім күтемін. Маған тағылған айыптар өте ауыр, оның анығына жететін комиссия құруды талап етемін. Бұл шиеленіс шешілгенше, менің кандидатурамды төрағалыққа ұсыну ретсіздеу деп санаймын.

– Мен бір нәрсені түсінбеймін, – деп шыдамай кеткен Низамеддин Ходжаев сөз сұрап жатпай-ақ орнынан атып тұрды: – Біз радиограмма талқылау үшін жиналдық па, жоқ, Кобозев пен Рысқұлов жолдастардан жау іздеу үшін жиналдық па? Радиограмманы неге осы уақытқа дейін жасырып келген? Неге жауап бермейді Кушекин мен Успенский?..

Кобозев тағы да айқай-шу шығатынын байқап, әңгімені басқа арнаға бұрды:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий