Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ал Кушекин мен Успенский Кобозевті де осы жолы тұтқындап, атып жіберсе, шындықтың шымылдығы көпке дейін жабылып қалуы мүмкін. Бекей бала оны тапты ма, ескерте алды ма, жоқ па? Ендігі сұрақ осы. Тағдырдың тәлкегі-ай десеңші, Лениннің серігі, Орталық өкіметтің өкілі Кобозевтің өмірі қыл үстінде қылтылдап, өлі болары, тірі болары мұрынбоқ Бекей балаға қарап қалғаннан кейін не шара? Рысқұловтың өзінің де өлі болары, тірі болары осы жаман Бекейге байланысты шығар. Егер ол Кобозевке дер кезінде ескерте алса, Кобозев құтылып кетсе, сөз жоқ, Рысқұловты да құтқаруға тырысады, ал қолға түссе, бәрі бітті.

Кушекин мен Успенский Кобозевті ә дегеннен ұнатпады. Әйтеуір, арандатуға әуес болып алды.

Кобозев Ташкентке алғаш келген соң, біраз күннен кейін оған хабаршы жетеді:

– Сізді әскери гарнизон кездесуге шақырады.

– Бара алмаймын, – деді Кобозев не екенін түсінбей.

– Гарнизон әскері сапқа тізіліп тұр, – дейді хабаршы.

Кобозев ойланып қалды: «Бармасам, менсінбеді деп жүрер» дейді де гарнизонға тартады. Кобозев гарнизонға жақындай бергенде оркестр ойнайды. Әскерлерге Кобозев сәлем береді. Гарнизон түгел саңқ-саңқ етіп, Кобозевқа денсаулық, амандық тілейді. Кобозев олардың алдында қысқаша ғана сөз сөйлеп, революция қорғаны жолында қырағы болуларына тілек білдіреді.

Дұрыс-ақ. Онда тұрған не бар?

Небары сол. Кушекин алады да Мәскеуге телеграмма соғады. Сіздердің төтенше өкіліңіз Кобозев коммунист сияқты емес, патша генералы сияқты. Өзін-өзі марапаттап, гарнизонды тік тұрғызып қойып, парад өткізді дейді. Түркістанға мұндай «генерал» керек емес дейді. Әрине, Мәскеу Кобозевті біледі, бірақ шала көмір күйдірмесе де күйелейді. Ал енді Мәскеумен Кобозев байланысайын десе, бізді жамандайды деп, Кушекин байланысқа рұқсат етпей қояды.

Ташкенттің тас төсеген көшесі айдауылдардың тақасымен тақылдайды. Айдауылдар түн жамылып, Рысқұловты көптің көзінен жасырып әкеле жатқанмен, тақалары тарсылдап Ташкентті ұйқысынан оятқысы келеді.

– Дүрс, дүрс, дүрс... Рыс... Рыс... Рыс-құл-овты ұстады. Рыс... Рыс... Рыс-құл-овты ат-а-ды. Тарс... тарс... Дүрс... дүрс... дүрс...

Күндізгі ми қайнатқан ыстықтан кейін, буындырған кешкі қапырықтан кейін, Ташкенттің самал шалқып, салқын түсіп, тыныс алар, қалың ұйқыға кетер шағы – осы таңсәрінің алдындағы жеті қараңғы.

Тіпті түн баласы тыным көрмейтін «Гранд Отель» мейманханасы да мелшиіп қалып барады.

«Колизей» театрының алдында үлкен жарнама тұр. «Мұз көшкін» спектаклі. Арғы күні Островский «Кедейлік кемістік емес». Жақында – «Демон». Сөзі Лермонтовтікі. Музыкасы Рубинштейндікі. Рысқұлов өткенде Наташамен келісіп, «Демонға» келмекші еді. Кенеттен Ферғанаға кетіп қалады. Ферғанадан оралса Наташа жоқ.

Көшеде бірде-бір жан ұшыраспайды. Оған Рысқұлов таңданбайды. Сағат түнгі он бірден кейін көшеде жүруге болмайтыны туралы Совнарком қаулы шығарғанын Рысқұлов жақсы біледі.

«Колизей» артта қалды. Алдыдан алып атқа мінген генерал-губернатор қылышын көтеріп қарсы алды.

Рысқұловты трибунал емес, генерал-губернатор фон Кауфман қылышпен шауып өлтіретін сияқты. Зәулім қола мүсін жан бітіп, ары-бері қозғалғандай болады.

Рысқұловқа Кауфманның аруағы да кекті. Генералдың ескерткішін құлату керек деп ТуркЦИК-ке Рысқұлов ұсыныс жасаған.

– Қылышын енді кімге сілтеп тұр? – деген.

Кушекин ұрсып, көнбей қойған.

– Мәдени ескерткіштерді құлату – варварлық, жабайылық. Жабайы көшпендінің тұқымы, тегіңе тартып тұрасың. Контра! – деп Рысқұловты жерден алып, жерге салған.

Тарс-тұрс еткен тақалы аяқтар жақындай бергенде, генералдың иығында ұйықтап отырған қарғалар пар-пар етіп, ұша жөнелді. Түн ішінде мазаны алған бұлар кімдер? дегендей бір-екеуі қарқ-қарқ етіп, қараңғыда түртінектеп, қоныс орын іздеп, қалбаң-қалбаң ары-бері ұшып жүрді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий