Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Олар Садовая келте көшесін айналып кеткенде, бала екі өкпесін қолына алып, Кобозевтің пәтеріне жеткен. Шала-пұла орысшасымен оқиғаны айтып бола бергенде, тағы да үш-төрт қарулы кісі Садовая келте көшесінің арғы басынан серейіп-серейіп бері қарай келе жатыр еді.

Рысқұловты «қамқорлыққа алуға» төртінші адам қосылған. Ол терезеден қашып кетпесін деп сыртта тұр еді. Алдыда – біреу, артта – біреу, екі бүйірінде – екеу. Ортада – Рысқұлов. Жан-жағы қымтаулы, жан-жағы тұйық. Табан асты қара жер. Ол қақ жарылмас. Тек төбедегі аспан ашық. Құс емес, қанаты жоқ. Аспанның ашықтығынан не пайда? Шеті кемірілген ай көрінеді. Дүние шексіз деген бекер шығар, – деді Рысқұлов тұтқындағы уақытын да бос өткізбей ойға кетіп. – Ай қылтиып жаңа туады, толықси толады. Содан соң қайта бастайды, кеми бастайды. Менің де толысып жеткен жерім осы болғаны ма? Шынымен қайту жолы басталды ма? Успенский Осиповтың әдісіне салса, ай-шай жоқ, атып тастайды. Сот жоқ, тергеу жоқ, шындық жоқ. Бишара Рысқұлов бауыздаған қой сияқты тырп ете алмай кете бергенің бе? Дегенмен Успенский Осипов емес. Трибуналсыз атып тастай алмас. Трибунал, әрине, Успенскийдің, Кушекиннің ықпалында кетер. Бірақ әйтеуір сот аты бар ғой. Рысқұловтың соңы сұрақсыз қалмас. «Рысқұлов қайда?» – деп сұрайтын партия бар. Рысқұловты Ленин біледі, Ста-ал-и-и-н біледі. Рысқұлов пен Кобозевтің дабылы бойынша олар радиограмма жіберген. Демек, Рысқұлов іздеусіз қалмас.

Рысқұлов іздеусіз-сұраусыз қалмас-ау. Бірақ ол өлгеннен кейін өзін-өзі қорғай алмайды ғой. Трибунал өзінің үкімінде оның басына неше түрлі сұмдықты үйіп-төгер: контрреволюционер дер, пантюркист дер, кеңес өкіметін құлатпақшы болды дер. Жабатын жаласы, жағатын күйесі көп қой дұшпанның.

Партия: бұл қалай болды? Рысқұловты неге атып жібердіңдер? – деп сұрағанда шындықты айтар азамат бар ма?

Рысқұловты енді осы ой қинады. Үзеңгі қағысып, кейде керілдесіп жүрген жолдастарын көзбен тізді. Естісі Нәзір Төреқұлов, өте сауатты, шетел тілдерін де біледі, арабша, парсыша, тіпті немісше де үйренген. Сөз жоқ, талант. Бірақ атылған Рысқұловқа ол араша түсе қояр ма екен? Күні кеше Орынборда «Алашорданың» босағасынан сығалап, «Қазақ» газетін шығарысып жүрген Нәзір енді сол кезеңнің «күнәларынан құтылмақ» болып, қайтсем жағынамын деп, «максималистер» аулын жағалап жүретін, ашық айқасқа шықпай, бұғыныңқырап отыратын мінезі бар.

Мұнда ашық айқасқа жалаңтөс шығатын Сұлтанбек Ходжанов қой. Нағыз доданың апайтөс Алпамысы сияқты. Дес бермей кетеді. Бірақ алдында op бар ма, жар бар ма – бас бұра алмай қалады, екпінін тоқтата алмай қалады. Өзінің алдына түсіп кеткен қара көрінсе, күндегіштігі бар, баяғы ауыл әдетінен арыла алмаған: тек өзім болсам дейді. Ал алда қарайып жүретін Рысқұлов еді. Сұлтанбек оның аяғынан шала беруге бейім тұрады.

Рысқұловтың партия алдында адал екенін, халық үшін өз басының қамын жемей, күн-түн демей бейнет кешетінін жастайынан білетін Қабылбек Сармолдаев. Бірақ «максималистер» мен эсерлер оны Рысқұловтың кадры деп қудалайды. Рысқұловтың басы қисайған күні Сармолдаевқа да зобалаң туады. Рысқұловты Әулиеатадан білетін Төреқұл Айтматов әлі жас, оны көбісі әлі баласынады.

Низамеддин Ходжаев пен Сағдулла Тұрсынходжаев... Шындықты бір айтса, осылар айтады. Бұлар Рысқұловты әрдайым қуаттап, сөзін сөйледі. Қалыс қалыңқырап жүрсе де, бір адал адам Санжар Аспандияров.

Егер тұтқыннан аман қалса, ең сенімдісі – Кобозев. Қолында Лениннің мандаты бар адам сол.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий