Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ескі болыс Тұрардың кім екенін, әрине, біледі. «Қарадан шығып та хан бола береді екен-ау, тоба, – дейтін ол оңаша ой тербелісінде. – Бұл кәтәржіннің баласы қайда жүріп қатарға қосылып, бас болуға жарап қалды?»

Ескі болыс өзіне-өзі өте қиын сұрақ қояды. Жегенге тоқ, ішкенге мәз болып жүре бергенше, кезінде балаларымды бекер оқытпаған екем де деп опық жеді. «Атың барда жер таны желіп жүріп, асың барда ел таны беріп жүріп», – деп еді-ау атам қазақ. Өзім шығанға шығып отырып алғанша, жан-жағымды биіктетпеген екем де, қысылғанда ықтасын болатын.

Ескі болыс осылай күйзеледі. Ал қазір Совдеп уәкілі алқымынан алғанда қорланса да, бір нәрсеге қуанды, табалай қуанды. Түркістанның тұтқасын ұстап тұрған Тұрар Рысқұловтың да ауыз толтырып айтар туған-туысқаны жоқ екен. Әрине, Тұрарда туысқан көп екенін, исі қазақ қана емес, көптеген өзге халықтар да туысқан екенін пайымдар еді ғой.

Ескі болыс уәкілдің екпінінен еңсесі басылып, кіржиіп отырып:

– Әлгі Молдабектің баласы Оразбақ деген бар. Ең жақыны сол. Былай, шырағым. Рысқұл мен Молдабек бір туған. Молдабектің баласы Оразбақ. Одан жақыны жоқ, – деп еді.

Совдептің уәкілі:

– Шақырт онда сол Оразбақты! – деп бұйырған Қорабек болысқа. – Осы Майлыкент болысының бас көтерер азаматын, ақсақалдарын түгел шақырт!

Мұның бәрі ескі болысқа да, жаңа болыс Қорабекке де жұмбақ көрінсе де, уездің уәкілі пәрмен беріп тұрған соң амал жоқ, ауылнай шабармандарын атқа қондырып, жан-жаққа шаптырды.

Уәкіл болыстың шақырған шайына бармай, бау-бақшаның ішінде, жаңғақ ағаштың түбінде, текеметтің үстіне теріс қарап жатты да, жұрт жиналғанша, ұйқыға кетті. Ұйықтар алдында тапаншасын белінен шешіп алып, жастығының астына тықты.

Түгіне түсінбеген Күмісбастау күбір-күбір күңкілдесуден аса алмаған. Датқалықпен болыстықтың тағы құламаған Күмісбастау ұлықтардың неше алуанын көрген. Бірақ мына уәкілдей қырсығын көріп-білген емес. Кеңес өкіметі орнағалы да екі жылға айналып барады, еш белсенді мұндай тұлданып көрген жоқ.

«Сақтықта қорлық жоқ» деп ескі болыс жаңа болысқа сыбырлап: «Шымкентке кісі шаптыр, Совдептің төрағасына адам жібер. Мына уәкіл соның пәрменімен келіп жатыр ма, әлде өзінше бопсалап жүрген жәдігөй ме?» – деді.

– Бұл уәкіл өз бетінше келіп жатқан жоқ, – деді Қорабек созалаңдата күрсініп. – Совдепте істейтіні рас. Және екі милиция ерткеніне қарағанда, уәкіл екеніне шүбә жоқ. Неде болса, көріп алайық. Көпе-көрнеу қылмысымыз жоқ. Аққа Құдай жақ.

Рысқұловтың туысқанын сұрастыруда не сыр бар? Әлде соның жақынын болыс қоймақ па? Сонда Оразбақты ма? Оған халық көне ме? Ескі болыстың аузына Оразбақ түскені қандай оңды болған. Ол бишара білімсіз екені өз алдына, бет-пішіннен де кем ғой. Ертең Рысқұлов өзі күлкі болады ғой.

Ескі болыс пен жаңа болыс өздерін осылай жұбатып, әліптің артын бақты.

* * *

Күмісбастау еңсесінен ойпаңдағы ауылдар, арал-арал талдарақтар, көгерген егінжай көрінеді. Алыста көлбей түсіп Қаратау жарықтық жатыр. Қаратау мен Алатауды жалғастырып, Боралдай, Құлан, Жабағылы таулары көрініп тұр. Қатарынан екі жыл соққан қуаңшылықтан сансыраған Түлкібас атырабы сүзектен сүлдесі қалған адамдай мең-зең. Жердің жұмағы деген Түлкібастың өзін құрғақшылық ұрып, жапырағы жайқалмай, аңызақ аңырап, тандыры тартылған соң, басқа жерге не шара?

Әйтеуір, шөптің тамырын қазып жесек те өлмеспіз, түстікте тым болмаса шөп табылар деп үміттеніп, Арқадан, ылдидан ауған аштар Түлкібасқа жетіп жығылып, үміті ақталмай, жантақ тамыры да табылмай, талайы жер жастанды.

Мыңда бір тәуба, биылғы көктем шырайлы. Екі жыл қысыр қалған ақ шел аспан биыл балпия буазданып, сәуірде жаңбыр молықты. Өкіметтің көмегімен себілген азын-аулақ егістік зүміреттей жәудіреп тұр. Бірақ ел әлі пісікшілікке ілінген жоқ. Пісікшілікке бір ілінсе, оңалып кететін түрі бар. Жаңа азық піскенше, тым құрыса дүмбіл тартқанша, енді ай шамасы керек шығар. Халық соған шыдаса, соған жетсе. Бір ай...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий