Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Уәкіл сасайын деді. Шымкентке Ташкенттен арнайы келіп жатқан Успенскийдің тапсырмасын орындай алмай қайтса, абыройдың аллауақпар болғаны. Успенский деген сөз – ТүркЦИК деген сөз. ТүркЦИК болған соң, Успенский өзінің атынан емес, Тұрардың атынан тапсырды ғой. Ал егер бұл істі абыроймен аяқтап шықса, уәкіл Шымкенттен Ташкентке, республикалық өкіметке қолы жетейін деп тұр ғой.

Уәкіл айқайлап жіберді:

– Уа, жәмиғат, халқымыздың сардары Тұрар Рысқұлұлын сыйлағаның Оразбақты да сыйлайсың. Тұрар халық қамын жеп, соның жоғын жоқтаған асыл азамат. Оразбаққа қарсы болғаның – Тұрарға қарсы болғаның. Оған қайтіп дәтің шыдап қарсы шығарсың? Қане, Оразбақ Молдабекұлы, бері кел, бері таман!

Ағайын-туғаннан, жалпы адам атаулыдан іргесін аулақ салып, ел-жұрттан өзін-өзі аластап, жұрт көзіне көріне алмай пұшайман болып, мұрнына түскен құрт жанын да жегідей жеп, тіршілік алданышын талақ тастап, өмірге енжар қарап, үйшігінен шықпай, өлім күтіп жатқан Оразбаққа ойламаған, үш ұйықтаса түсіне кірмеген батпан бақыт басына келіп қонғалы тұрғанда, Оразбақ өзінің әлі адам екенін, тіпті көптің бірі емес, көсемі болайын деп тұрғанын сезінгенде, өзгеріп сала берді. Сәңкі мұрнын таңып тастаған ақ шүберекті түзеңкіреп қойып, ширақ басуға тырысып, тіпті дік-дік етіп, уәкілдің жанына жетіп-ақ барды. Әуелі уәкіл оның кепиетін көріп, сасып қалды. Лезде есін жиып, сыр бермеуге тырысты. Оның қазіргі халі өзеннен өтіп алып, көпірді өртеп жіберген адамның сыңайындай: шегінуге жол жоқ еді.

– Қане, Оразбақ болыс сайлансын дегендерің қол көтеріңдер!

Көз көрсе, жүз ұялар, жұрт жабыла қол көтерді.

– О, аруақ! О, қасиетті бабаларым! Сай-сүйегің сырқырады-ау! Соноу Қоқаннан бері басынан бағы, астынан тағы таймаған қайран Тайтелі әулеті! Бұл қалай болды?! Бұл не заман?! Ақырзаман! – деп Қорабек Алатаудың шыңдарына қарап қос қолын жайып, тізерлеп отыра кетті. Бабалары Алатаудың шыңдарына айналмаса керек, заңғар биіктер селт еткен жоқ.

Аруақты сыйлаған қазақ, Қорабек бабаларды ауызға алғанда кәдімгідей босаңсыды. Әлгіде неге қол көтердік дегендей, Қорабекке қарай алмай, ақырын-ақырын ың-шыңсыз жылжып тарай бастады.

Қорабектің көзінен балқыған қорғасын тамшылап тұрды.

* * *

Сөйтіп, «мата даңқымен бөз өтеді, ата даңқымен қыз өтедінің» кері келіп, ойда жоқта Оразбақ болыс одыраңдап шыға келді.

Ел шулады:

– Елу жыл бойы: Қоқанның тұсында да, Некалайдың тұсында да, Керенскийдің кезінде де, тіпті Кеңес өкіметі келгенде де қолынан туы түспеген Дауылбай әулетінің тақтан құлағаны – ненің нышаны?

– Жақсылық па? Жамандық па?

– Әй, өзі де Сәлік-Сарыға тізесі қатты батып еді: жер аударып, елден бездіріп жіберіп еді, кезекті дүние деген осы. Енді Дауылбай әулетінің топырағын суырып, күлін аспанға ұшырады әлі бұл Сәлік-Сары.

– Түркістанда Тұрар отырғанда, енді Дауылбайдың күні батты.

– Тұрар, Тұрар дейсіңдер. Тұрар әділ болса, аузы қисық болса да байдың ұлы сөйлесін деп өзінің татымсыз туысқанын болыс сайлаттыра ма?

– Өшір үніңді, ойбай! Оразбақ естісе оңдырмайды.

– Күні кеше кебісім жатқан жерге жолай алмайтын Оразбақтан бүгін қорқып үнімді өшіргенше, қара жер қақ жарылып өле кеткенімнің өзі артық!

Әйтеуір, таққа қонған соң ақымаққа да атқосшы табылады. Оразбақты марапаттап, қошаметтеп қопаңдағандар да табылды. Оның кебі күні кеше Дауылбай-Тәйтелі әулетінің отымен кіріп, күлімен шығып жүргендер еді. Қожанасырдан сұрапты дейді: «Қожеке, досыңыз көп пе, қасыңыз кеп пе?»–деп, Қожекең: «Мен тақтан түскен күні белгілі болады», – депті. Сол айтқандай, күні кеше Қорабектің жолында құрбандыққа шалынып кете жаздап жүргендер бүгін жалт беріп шыға келді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий