Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Оразбақтың өз бетінше билік құрмақ тұрмақ, аяқ астындағы айқын жолдан тапа-тал түсте адасып, жөн тауып жүре алмайтынын білетін әккілер лезде аталық міндетін атқарып, жаңа болысқа ақылшы болып шыға келді. Соның бірі – бұрынғы болыс Қорабектің тілмашы Қырбас болатын. Жасына жетпей шашы көк көдедей үлпілдеп қалған, сақал-мұрттан тып-типыл көсе, реңі сырлап қойған қоңыр тақтайдай, дүрдік ерін, таңқы танау, пысықай жігіт еді. Шымкентте бірер жыл оқып, орысшаны үйренген. Атқа мініп жүргенде еңгезердей көрініп, жерге түскенде аласарып қалатын: кеуде тұрқы келіскен де, белден төмен қарай қушитып, маймақ етіп жаратқан. Сондықтан ол қазақ дәстүрі бойынша аттан түсіп амандаспай, кіріптар болмаса, ат үстінде тұрып қол ұсынатын.

Оразбаққа алдымен тілмаш керек, хатшы керек. Оразбақтың орысшасы жоқ. Мұсылманшасы да мардымсыз. Мұсылманшаға баяғыда Ахат ақсақал қанша миына құйса да, үйрете алмай қойған. Сол Ахат Оразбақтың болыс болғанын естігенде қатты ренжіді.

– Ойбай-ау, қуанбайсың ба қайта! Құдай өзі берген бақты басқа тепкен неткенің?! Осы Ахат көкем-ақ кері тартады да тұрады, – деп Дәу Омар жорта бұрқылдаған. Сонда Ахат демігіп, даусы қырылдап отырып:

– Бақ шіркін адасып барып ақымаққа қонса, несіне қуанайын. Оразбақ алдымен Тұрарды, одан соң бүкіл Сәлік-Сарыны ұятқа қалдырар. Мен содан қорқамын. Оразбақ – көз алдымызда өскен Оразбақ қой. Ел билеуге жаратылған адамның пішіні бұлай пішілмесе керек. Құдай қуратып қойған қушық маңдай сорлыға болыс болмақ қайда? Елге күлкі болар қайта, – деп күңіренді.

«Дұрыс-ау, әулиенің сөзіндей-ау сөзің, қу қақбас!» – деп тістенді ішінен Дәу Омар. Дәу Омардың бұл хабарға қуанбай, өтірік қана ырсиятын жөні бар. Сәлік-Сарының ендігі бас көтерерімін деп санайды өзін. Ахат болса, төрінен көрі жақын, баяғыда еді: әне өледі, міне өледі дегені, бірақ қасқырдың тарамысындай жаны сірі екен, әлі келеді, жарықтық. Дәу Омар Сәлік-Сарының басқа еркек кіндігінен өзін ілгері көреді. Ендеше болыстыққа Тұрар адам таппай қалғандай, мына мені көрмей, Оразбақ маңқаны қалағаны несі?! – деп өте қапа болды.

Әрі десе, патша құлады. Керенский кетті, Кеңес өкіметі – кедейлер өкіметі келді дегенге, жаман атқа жайдақ мініп, Көкіректің базарынан ауылға сүйінші сұрап шапқан осы Дәу Омар болатын. Көкірегі ояулықтан емес, білімдар көрегендіктен емес, «кедей өкіметі» дегеннің өз жанына жақын екенін, әйтеуір, бір түйсікпен сезген Омар, жаңа өкіметті қуана қарсы алғаны рас. Дауылбай тағынан құлағанда есіл есек дәме ә деп бас көтерген. Кедейден болыс қойса, мені неге көрмейді дегендей біраз едіреңдеген. Бірақ Дауылбайдың орнына оның жақыны Қорабек отырған соң, ышқынып іш тартып қалған.

Ал енді Қорабек те жойылып, орнына Тұрардың жақынын табу керек болғанда, неге ғана Дәу Омарды көздері көрмегені тым түсініксіз еді. Мұны Дәу Омар тікелей Тұрардың өзінен келген түйткіл деп түсінді. «Қарыс-қарыс, сүйем-сүйемдігін» істеді-ау, сонда Оразбақ пұшық Тұрарға менен гөрі бір табан жақын болды-ау, әй қу дүние-ай! – деп Дәу Омар бас бармағын шайнап, іші әлем-жәлем болып, қызып кетіп еді.

* * *

Оразбақ ә дегеннен өз тізгінін Қырбасқа ұстатты. «Бұрынғы болыстың құйыршығы, сатып кетеді»,–деп әркім-әркім сыбырлап еді, олардан Қырбастың өзі өтімді келді. Совдептің уәкілі сайлау жиналысының қорытындысын хаттап, оған жаңа болыс қол қойып, мөр басуы керек еді. Әне, сол бір қиналған шақта Қырбас табыла кетті де, Оразбақты оппадан аман алып шықты.

– Сен Кірбәс, өрніндә кәләсің, – деді оған Оразбақ.

Қырбас әуелі Оразбақты дұрыстап киіндіруден бастады.

– Кеңес өкіметінің болысы бұрынғы болыстар сияқты жабайы-жайдақ киінбейді,–деп еуропаша костюм, ақ шәйі көйлек, оған қара галстук алып берді. Ал басына дөңгелек құндыз бөрік кигізді. Туасы үстіне мұндай шүберек ілмеген Оразбақ киіміне қылау тигізбей, бойын күтетінді шығарды. Аяғындағы хром етіктің жалтырынан адамның суреті көрінетіндей болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий