Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Көкпеңбек аспанда ақтаңдақ бұлттар көшіп барады. Жер бетінде туысқан туысқанды бопсалаған келеңсіз қылықты көріп, бұлттар мұңаятын сияқты. Зипа теректің басы иіліп-иіліп, жапырағы жамырап, жабыла жылап қалған.

Ұлтуған кемпірдің ащы айқайы аспанға шаншыла шықты. Елдің, жұрттың қайғы-қасіретінде, ашыққанында шаруасы болмай, керіліп жатқан маңғаз Дәу-Қара тауының арқасын да аяз қарып, дір-дір ете қалғандай болды. Ананың баланы жоқтап зарлағаны бір басқа да, ананың баланы қарғап зарлағаны мүлде басқа болады екен.

Ұлтуған – Молдабектің бәйбішесі ғой. Басынан неше алуан дәурен өткен. Жақсылықты да, жамандықты да Сәлік-Сарымен бірге бөліскен. Осы елге бүлдіршіндей қыз кезінде келін болып келіп, енді белі бүкір кемпір болған. Ақсақал-көксақал жиналып Молдабекке Ізбайшаны қосқанда, кеудесінде жаны бар ғой, қыздай қосылған өз байын қызғанғаны рас. Ал бірақ Рысқұл қайнағасы үшін қабырғасы қайысқаны және рас. Рысқұлдың жолбарыс туып, оның інісі Молдабектің барақ болғаны құсаландырар. Енді осыдан Рысқұл зәуіде қайта қалса, бұл сорлы не бетін айтады деп байы үшін де қайғымен қан жұтар. «Мейлі, қараңқалғыр. Оразбағым аман болсын, өлмеспін, ер жетсе, соның етегінен ұстап күнелтермін», – деп өзін-өзі жұбатқан.

Сөйтіп сенген Оразбақ бүгін әлдеқалай бақ қонып, дәрежеге жетіп еді, аузым аққа енді тиген шығар деп, бүкір кемпір Құдайға құлшылығын ұрып отырғанда, сол Оразбақ әуелі өз жұрағатына қырғидай тиді.

– О, сорлы балам, лезде көзің шелденіп қалды ма? Көзіңді аш, Оразбақ! – деп күңіренді бүкір кемпір. Неге екені белгісіз, бұл елдің ақ жаулығы көбінесе қартайғанда белін жаза алмай, шала жабылған бәкідей бүктетіліп қалады. Бала туғаннан деседі. Оразбақты туамын деп бүкір болды-ау сонда мына кемпір. – Қолыңды кімге көтердің, байғұс балам, аруақ атып кетпесін. Тілімді ал да, қой, балам. Бірге туған ұялас бауырларыңнан, Сәлік-Сары бабамнан кешірім сұрап жыла, балам.

Бұл кезде болыстың жігіттері Үсіптің жаман үйінің шаңын қағып жатқан. У-шу болып, жайсыз хабар шыққаннан-ақ Дәу Омар жанұшырып, қатын-баласын үйдің бұрыш-бұрышына қарауыл қойып, өзі мал тамның түкпіріндегі ескі ұраға екі қап қызыл тарыны апыл-ғұпыл төге салып, бетін сабанмен жауып, оның үстін қимен бүркемелеп, түк білдірмей, тым-тырыс отырған.

– Енді үйді тінтсе, тінте берсін, – деп өз сақтығына, өз амалына риза болған Дәу Омар.

Үсіптің үйінен тері сыпыраға ораған бір тостаған талқаннан басқа түк те табылмады. Жаман-жұман, ескі-құсқы көрпе-төсек, жүні тықырланған бөстек, көнеден қалып бұл күнде тозығы жетіп, бырт-бырт сына бастатан ораулы шым ши – бәрінің түте-түтесі шықты. Қанша ақтарса да, қанша тінтсе де бір тостаған талқаннан басқа түк табылмады. Жалғыз бүтін, көзтартар зат – Үсіптің қызғылтым гүлді, шап-шағын, шаршы жайнамазы еді.

– Әл ана жәйнамазды, – деді Оразбақ жасақ жігітке.

– Оу, оны қайтесің? Ол жайнамаз ғой, – деп қалтырады Үсіп.

– Кедейлерге тек тәмақ емес, киім де керек, білдің бе? – деп ежірейді Оразбақ.

– Қолыңдағы киім емес, жайнамаз, малғұн!

– Е, жайнамаз болсә ше? Ең болмәғанда біреуге шілғәуға жарайды. Ө несі-ей!

– Жайнамаз шылғау болғанша, сен ұлтарақ болсайшы, шіріген ит!

– Әйтқаным-әйтқан, кедейлерге шілғәу да керек, – деп Оразбақ шиқ-шиқ етіп, мұрнын басып күлген болды.

– Сонда мына мен кіммін? – деп Үсіп Оразбақтың жағасына шапшыды. Қырбас ұстап қалды. – Айт, кіммін мына мен?

– Сен Үсіп кәлтірәуық.

– Жоқ, мен баймын ба, кедеймін бе – соны айт!

– Сен әкмәксің. Ортәларыңнан Оразбақ болыс болып шіккәнда, қуәнып, қуәттаудың орнінә, мәғән кәрсі қол көтерген әкмәксің, бәрің де әкмәксіңдер. Есектің миін жегенсіңдер.

– Ореке, сабыр етіңіз. Осы да жетер. Енді басқа ауылға барайық, – деп басу айтты Қырбас хатшы.

– Сен, Кірбас, не деп тұрсың? Мен бұл әуілді түгел тінтпей тінбәймін. «Тура биде туған жоқ». Біліп қой өсіні! – Оразбақ қоқиланып алды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий