Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ореке, бүгінгі қарқын жаман емес. Жиналған астық пен малды хаттап, Шымкентке ертең жөнелтеміз. Бүгін демалатын кез болды. Бізде Құдайдың пендесі. Үйіңе бүгін бармай-ақ қой. Шешең ашулы шығар әлі. Кәрі-құртаңның сандырақ сөзін естіп, құлақ сасытқанша, оңаша демалайық. Қазақ аулының сөзі көп болады, Ореке. Оны менен жақсы білесіз. Орыс тамырларға барып шай-пай ішейік, – деді.

– Шошкәнің етін беріп жүрмесін бәле болып! – деп шошыды Оразбақ.

– Гришканың маржасы қазақтың шошқа жемейтінін біледі, – деп қойды Қырбас. Ішінен: «Мына ашаршылықта шошқа табылса жерсің, сорлы пұшық», – деп қойды.

Гришка бұларды жиен жұрты келгендей жүрегі жарыла қуанып қарсы алды. Бұрын зәуірде Корниловкадан ілуде бір өткенде Оразбақты орыстың балалары тымағын көзіне түсіріп, құйрығынан теуіп, есегін тартып алып, кезек-кезек мініп, әбден әуре етіп, әрең босатушы еді. Мына Гришканы көріп, е орыстың да жақсылары болады екен ғой, – деп пайымдады Оразбақ. Әрі десе, Гришка:

– О, Оразбах! Сеники болыс болған. Якши, якши! – деп арқасынан қаққанда, Оразбақтың төбесі көкке тірелгендей болды.

Қырбас бір қап тарыға үш-төрт шырт-пырт самогон алдырды. Бір қойды сойдырды. Оразбақ: «Бұл қалай?» – деп еді, «Қам жемеңіз, бұл сіздің болыс сайланған құрметіңізге, документтің бәрін өзім оқтай қыламын», – деп Қырбас сөзге келтірмеді.

Сонымен орыс поселкасы Корниловканың қақ төрінде жаңа болыс түнімен той тойлаған. Оның әуелі самогон дәмін алғаны қызық болды. Қыштан жасалған кружкеге құйылған самогонды Гришка алдына қойғанда, Оразбақ қолқаны атқан иісінен секем алып, әрірек ысырып қойып еді, Қырбас пен Гришка екі жақтан ұлардай шуылдап қоя берді. Оның үстіне Гришканың ақ бауырсақтай келіншегі Марфа қосылды. Марфа жанына жақындап келіп, алдына ет араластырған картоп жаркоп қоя бергенде, Оразбақтың сөнік көзі Марфаның төсіне түсіп кетіп, сөнік көзден бір шоқ жылт ете қалғандай болды. Шымшық көз шыт көйлектің ойықша келген омырауынан ақ келіншектің екі емшегі екі шоқыдай едірейіп, тырсылдап тұр екен. Оған қоса күйлеген сары байталдай ұрыншақ па қалай, бөксесімен бірер рет Оразбаққа сүйкеніп өткен сияқты көрінді. Былқ етіп шынтағына бөксе тиген сайын, Оразбақтың тұла бойы ду-ду ете қалатынды шығарды. Бұрын бастан кешіп көрмеген бір қияли хал. Қырбас пен Гришкаға көніңкіремей отыр еді, Марфа келіп:

– Алыңыз, болыс. Сізді құттықтаймыз! – деп мойнынан ақ білекпен құшақтағандай болып, бір қолымен аузына кружкені тосқанда, Оразбақтың берік дәті отқа тосқан бір қасық сары майдай еріп жүре берді. «Осыдан өлсем – өліп кетейін», – деп самогонды тартып-ақ жібергенде, әуелі дем жетпей тұншығып, екі көзі маңдайынан алысқа атылып-атылып кететіндей, шарасынан аунап, аларып бара жатты. Марфа арқасынан қағып, басқа кружкемен суық су жұтқызғанда барып жан шақырып, жап-жаңа костюмнің жеңімен көзінің жасын сүртіп, басын шайқап-шайқап қойды.

– Мінә пәле бөзәдан да әшті мә, кәләй? – деді.

– Боза сөз болып па! – деп Қырбас күлді.

– Үйбәй-әй, ішімді өртеп кетті! – деп Оразбақ қолымен ішін басты.

– Ештеңе етпейді, қазір жақсы болады, – деп Қырбас пен Гриша күліп-күліп қояды. Оразбақ солардың күлкісіне жуанады, мен өліп қалатын болсам, бұлар күлмес еді ғой деп. Айтса-айтқандай, сәлден кейін тұла бойы балқып, құрыс-тырысы жазылып, маңдайы тершіп, бір рақат әлеміне енгендей, кәдімгідей тіріліп, сөзге, күлкіге араласа бастады. Екінші кружкеден кейін, Оразбақ ауылдағы боза өлең есіне түсіп, «әу!» – деді. Майлыкент болысының боза жорасында «әу!» деп ән салмайтын, өз жанынан бір ауыз өлең шығармайтын адам болмайды. Оразбақ та сол «өнерден» құралақан емес екен, Марфаға көңілі қатты құлап, әуелгі өлеңін соған арнады:

– Кәрәгім, әйнәләйін, әйдән әппақ,

Кәсіңнан кете әлмәймін әйнәлақтап.

Әршіндей әскәктәгән әк төсіңе,

Бір жәмән шігә мә деп тәйгәнактап, уәәәй...

– О, Марфа, бұл сізге арналған өлең! – деп қызыңқыраған Қырбас абайламай айтып қалып еді, Марфа ал кеп жабыссын:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий