Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Мәрпә, төктә, мен Орәзбек бөліс... – Оразбақ әлгі елеске қарай ентелей түсті. Дауыл шайқаған қайықтай көшенің о бетіне бір, бұ бетіне бір ығып кетіп, сеңдей соғылып келе жатқан Оразбақ Корниловканың бүкіл ит біткенін шуылдатты. Небір алыпсоқ, апайтөс төбеттер болысты жан-жағынан қамалап жүгіргенмен, бассалуға батпай, жанамалап сыбап келеді. Масты ит қаппайды деген сол болса керек. Әрі десе, батырға да жан керек, мас та болса, Оразбақ белінде салаңдаған қылышты қынабынан суырып алып, жан-жағынан қамалаған «жауды» сол қылышпен жасқап келеді. Ит біткен жабыла шабаланған соң, Корниловканың тұрғындары түн ішінде ұйқыларынан оянып, терезелерінен баспалап қарап, кейбірі аяғына қоңылтаяқ пима сұға салып, қосауызын қоса ала-мала, аулаға шығып, сақтықта қорлық жоқ, – деп аспанға қарай тарс-тарс мылтық атып, ұры-қарыға сес қылады. «Аш киргиздар малды ұрлап кетпесін!» – деп, қораларының құлпын барып тексереді. Корниловканың тұрғындары әуелі христосқа, онан кейін қосауызға сыйынады. Ал «аш киргиздар» тұрмақ, сол «аш киргиздардың» болысы Оразбақтың өзінде де қосауыз жоқ. Құс мылтығы Гришканың үйінде қалып қойған. Беліндегі қылыш қынабы – аяғына оралғы. Ол Марфаны іздеп келеді. Күллі әлемнің иті шулап, бүтін дүниедегі қосауыздар тарсылдаса да ол енді ешбір тосқауылға қарамай, Марфаға ұмтылды. Ал Марфа анда-санда елес беріп, көшенің бас жағынан қылмаңдап тұрғандай көрінеді...

Таңертең. Көкіректің жексенбі базарына ағылған жұрт арықтың жағасында сұлап жатқан адамды көріп:

– Е, бишара, бұ да аштан өлген-ау,–деп қалған. Әлдекімдер жанына жақындап барып, жүзін жаппақ болғанда мас болып жатқанын біліп қалып:

– Ойбай, мынау жаңа болыс қой! – деген.

Енді одан жұрт қашқақтай бастаған. Оразбақтың қасынан кетпей, оның аузын бағып, құсығын жалап, жалпаңдап отырған жетім ала күшік қана еді. Мұны көрген Сауытбек ақын:

Болысы біздің елдің қара пұшық,

Жүреді жұртты тонап, арақ ішіп,

Кешегі Көкіректің базарында,

Құсығын жалап отыр ала күшік. –

деп суырып салғанда, бұл өлең лезде шартарапқа ұшты да кетті. Ал бұрынғы болыстар, байлар әулеті оның өңін өзгертіп, өздеріне тиімді етіп, мына пішінде таратты:

Болысы большевиктің қара пұшық,

Елді тонап, жүреді арақ ішіп...

Кешегі Көкіректің базарында,

Құсығын жалап отыр ала күшік...

VI

Адамның жетер жері – жетпіс-сексен,

Содан кейін боларсың жермен-жексен... –

деп баяғыда Ахат домбыраға қосылып осылай жырлаушы еді. Ол кезде оған жетпіс-сексен алыс сияқты көрінетін. Жетпіс-сексенге жету де қиын сияқты еді. Адам байғұстың өмірі тым кірпияз, адам шінжәу. Оның өміріне туа сала тоқсан тоғыз бәле төнеді. Тірлікке келуің бір-ақ рет, ал өле салудың жолдары сан тарау. Сәлік-Сарының талай нәрестелері бір жасқа толар-толмаста шетінейді. Қара шешек деген жау бар. Одан аман өтсең, қызылша, қызамық, көкжөтел деген тажалдар тағы жол тосып тұрады. Дәрігер жоқ, тәуіп емінің сәті кейде түседі, кейде түспейді. Нәресте ауруынан аман өтсең, ересектердің қызылкөз қырсық жауы, сірә, сүзек шығар. Сүзек десе сүзек. Сүзектен сүзіліп тірі қалатындар сирек қой. Ауру атаулының бәріне бой бермей шыққан жаны сірі болсаң да, ашаршылықтың шеңгеліне түссең оңбассың. Жер сілкініп, топан су қаптаса да алдымен кететін адам. Найзағай ойнап, жай түссе де тажал. Адамға адамның қысастығы да толып жатыр. Жердің үсті тарлық қылғандай, бірін-бірі орға итерісіп жататыны болады.

Не керек, адам шіркіннің өміріне қауіп көп. Ахаттың татар тұзы, көрер жарығы бар екен, міне, сексенге де жеткен. Сексендегі аш адамның ұйқысы – өлі мен тірінің арасындай сарсаң сандырақ. Сондай берекесіз ұйқыны түн ішінде әлдекім терезе тоқылдатып бұзған. Орнынан тұрып, иығына тозған жүн шекпен жамылып, аяғына қоңылтаяқ кебіс сұға салып, терезеден сығалап:

– Бұл кім? – деген.

– Мен – Омармын, есік аш, жұмыс бар.

– Жеті түнде не жұмыс? – деп Ахат есікке беттеген.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий