Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Артур болмаса, таба алмайтын екенмін. Ташкент деген біздің Үркіт пен Бодойбодан да үлкен ғой, кім біліпті, – деп қойды Рысқұл немқұрайлылау сөйлеп. Сағынған сыңай танытқан жоқ. Құшағын айқара ашып, тұра ұмтылар емес.

– Жәй, әшейін, Артур айтты: сен орыстан келіншек алды деп. Жәй, әшейін құтты болсын айтайын дегенім ғой. Құс құтты болсын, Тұрар. Ештеңеге әуре болмай-ақ қой.

– Мына кісенің не, көке? Сені соттаған патша өкіметі алдақашан құлап еді ғой. Сенің қол-аяғыңнан кісенді әлі алмағаны несі? – деп Рысқұлов әлгі лағынет атқыр шынжырды қолымен бұрап үзіп тастардай тұра ұмтылып еді, жілігіне қорғасын құйып қойғандай қозғала алмады.

– Кісен дейсің бе, Тұрар. Е, бұл үйреншікті нәрсе ғой. Он екі мүшенің біріндей болып сіңісіп кеткен ескі дос қой бұл. Неғыласың, – деп Рысқұл уайым-қайғысыз, немкетті айта салды.

– Е, сөйтіп баяғы түрме бастық Приходьконың қызын алдым де. Жөн-жөн. Екеуің кішкентай күндеріңде бірге кітап оқып отырушы едіңдер... Мына бірдеңені Ізбайша шешең беріп жіберіп еді, ауылдың дәмі ғой, – деп Рысқұл кісендеулі қолымен қоржынды жылжытып қойды. – Айтпақшы, Түйметайды Меркедегі Ботпайдың бір тентегіне күйеуге бердік. Мен Сібірге кеткенде апыл-тапыл аяғы енді шыққан бала еді, енді күйеуге шықты, о Құданың құдіреті. Қыз сайтан деген со да.

Рысқұлов әкесіне жақындай алмай, жақындайын десе аяғы жылжымай, екі адым жерде тұрып егіліп бір, езіліп бір жылады-ау: «Біз де басымыз құралып, баяғыдай шүйіркелесіп, Талғардағы жер кепенің ішінде отырғандағыдай бірге болатын болдық-ау. Қайран көкем менің, не көрмеді сенің мына бурыл басың! Енді бір адам рақат өмірге лайық болса, сен лайықтысың, көке. Бүкіл өмір бойы көрген михнат-бейнетіңнің бар зейнеті енді қайтады, көке. Енді бір-бірімізден ажырамаймыз», – деген тәтті, рақат сезіммен көңілі жібіп, Рысқұловтың көзінен жылжып қана жылы жас ақты.

Біреу ақырын түрткендей болды. Көзін ашып алса, Наташа екен. Қолында ақ бәтес орамалы бар, мұның бетін сүртіп отыр.

–Түсіңде жыладың ғой, не болды? – деді Наташа үстіне төне түсіп, бетін, шашын сипалап.

– Үйге әкем мен Артур келді, – деді Рысқұлов өкінішті үнмен. Әлгінің бәрі түс болғанына біртүрлі әлдекім алдап кеткендей көңілі жүдеп-ақ қалды.

– Екеуін де сағынғансың ғой. Мен бәле болып кірдім-ау осы үйге. Бала қайда жоғалып кетті?

– Рысқұлмен бірге қол ұстасып жүргеніне қарағанда, өліп қалмаса неғылсын, – деп күрсінді Рысқұлов.

– Қой, келіп қалар, сен уайымшыл емес едің ғой, Тұрар, – деп келіншегі оның қалың шашына сүйрік аппақ саусақтарын әрең сүңгітіп, аймалай берді. – Өзің де тым жұмысбасты боп кеттің ғой. Жөндеп іздеу салдырсаң еді. Милиция да жалқау ғой, кейде мұрнының астында болып жатқан сойқанды көрмейді.

Өгем, Шымған тауларынан сызылып таң атып келе жатты. Рысқұлов төсектен тұрып, жуынып, киінуге беттеді.

«Таң атпай жатып, мұнысы несі? – деп төсекте жатқан келіншегі қабағын кіржитті. – Бірақ бұл большевиктер жұмысқа өстіп берілмесе өкіметті ұстап тұра ала ма? Ал әсіресе біздің Тұрар бала кезінен-ақ бейнетқор ғой. Таңның бозаласынан тұрып, түрменің ауласын сыпырып жүрмеуші ме еді. Ойлап тұрсаң, біздің папамызды бұл большевиктердің атып жіберетініндей бар екен ғой. Енді Аркаша сорлыны атып жібереді. Әкемізді өлтірді, енді атамды өлтірсе... сұмдық-ай. Мұны Тұрарға қалай айтамын? Бұл құтқара алар еді. Бірақ діні қатты ғой. Мені сүйгені рас болса, көнер де».

– Тұрар, милый, әлден қайда барасың? Шайыңды ішсеңші. Мен қазір тұрайын.

– Наташенька, әуре болма, өзім-ақ примус қоя саламын, – деп Рысқұлов дәлізге шығып кетті.

«Бұл қызыл комиссарлар сонау көсемінен бастап, бәрі от пен судан өткен. Қара жұмысқа араласудан арланбайды. Ал былай қарасаң, қарадан шыққан демессің. Аристократтық сипаттан да құралақан емес», – деп Наташа темір төсекті сықырлата бір аунап түсті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий