Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Сөзін орысшалап бер, – деп.

Қырбас орысшалап келе жатып, «аршындай асқақтаған ақ төсіңе, бір жаман шыға ма деп тайғанақтап» дегенін қалай аударарын білмей қиналды. Дәл аударайын десе, әлгі «тайғанақтайтын жаман» Гришка болмақ. Гришка оны білсе, қып-қызыл жанжал шығайын деп тұр. Өйткені Гришка да ықылық атып қалған. Қырбас күмілжіген сайын секем көбейді. Марфа одан бетер қадалды:

– Мен туралы бір жаман сөз айтқан ғой!

– Жоқ, олай емес, қайта оның жақсы теңеуін аудара алмай отырмын, – деп Қырбас терледі.

– Жарайды, Марфа, сіздің денсаулығыңыз үшін, болыстың сізге арналған жақсы өлеңі үшін! – деп Қырбас тағы бір-бірден алдырды.

Енді Гришка мен Марфа қосылып орысша мұңды, соңырасыз созылма әнге басты. Марфа бір қолымен Гришаны, бір қолымен Оразбақты құшақтап, алаулаған жүзін екеуіне кезек-кезек бұрып, солықтап қойып, әнді соза берді. Өмірі әйел баласы бүйтіп аймалап көрмеген Оразбақ отқа қанатын қарыған жынды көбелек құсап, өртеніп кете жаздады. Мұрнының пұшығын таңған ақ шүберектің қисайып кеткенін де ұмытып, Марфаға қарап әукесі салбырап, Құдай ұрды да қалды. Әйелді өзі де құшақтап, кәдімгідей оқырана бастады. Бағына қарай, Гришка басы кеудесіне салбырап, қылжиып қалған екен. Оразбақтың сорақылығын сезген жоқ. Сезсе, баланың басындай жұдырығымен бір ұрса, Оразбақтың миы пұшық мұрнынан атып шығар еді, Қырбас та орындықтың бір жағына қисая бастапты. Оразбақ Марфаны именбей құшақтап, алқызыл шиедей бөртіп тұрған ерніне аузын тақай бергенде, еденге тыраң ете қалды. Әлуетті дүлей қатын екен, бір бұлқынғанда-ақ болысты бөксесімен ұшырып түсірді де, есікті ашып, ауызғы үйге атып шықты. Мұны өзінше жақсылыққа жорыған Оразбақ еңбектеп жүріп, орнынан көтеріліп, «мені оңашаға шақырғаны ғой» деп Марфаның соңынан ауыз үйге тәлтіректеп шықты. Түртінектеп жүріп қолын қияр тұздаған кеспекке тығып алды. Ашылып қалған сыртқы есіктен самал соғып, Оразбақты аулаға шақырғандай аймалады. Оразбақ табалдырыққа сүрініп кетіп, басымен жер сүзе құлап түсіп, бойын әрең жиып алып қараса, жұлдыздар жымыңдап, ай толықсып тұр екен.

– Мәрпә, ә, Мәрпә, – деді Оразбақ қырылдап.

Марфа үн қатпады.

Оразбақ дуалды сипалап, үйдің сыртқы іргесін жағалап жүріп келе жатып, алдынан ағараңдаған бірдеңені көзі шалды. Қуанып кетіп, жүрегі тарс-тарс соқты. «Мені күтіп жатқан Марфа болар» деп еңкейіп, қолымен сипалай беріп еді, былқ ете қалды. Қолды қаттырақ батырғанда, әлгі жатқан қорс етіп, атып тұрып, шыңғырып-шыңғырып жіберіп, тұқшыңдап тұра қашты.

– Бұл әкеңнің... Мәрпә мә, әлде шошкә мә? – деп Оразбақ аңтарылып тұрып-тұрып: – Тоқтә! – деді. Алдынан, көше жақтан Марфа қылымсып, қылаң бергендей көрінді. Оразбақты желік қысты.

– Мәрпә, әй Мәрпә, сен жәксі мәржә, – деп көшеге шықты. Генерал Черняев жүріп өткелі бері жасап келе жатқан зипа теректердің жапырақтары суылдап, арықтан су сылдырады.

– Мәрпәжән, токтә, мен Орәзбәк бөліс, сәгән не керек, бәрін жәсәй әләмін, – деп Оразбақ суылдаған, шуылдаған жапырақтарға қарап еді, аспаннан тағы да жымыңдаған жұлдыздар, тағы да толықсыған ай көрінді. Көшенің бас жағынан қылымсып, қылаңдап Марфа көрінгендей болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий