Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Омардың арызы Тәңірінің құлағына шалынып болғанша, мал қораның ішінен шаңқ еткен айқай шықты. Жерге сан рет шаншылып, сопаң етіп бос оралып жүрген істік темірдің қармағына арпаның сары сабаны ілесе шығыпты. Оразбақ жігіттері әлгі жерді қарпып қазып жіберіп, арғы жақтан екі қап тарыны суырып-суырып тартып алды.

Дәу Омар тостақ көзінен аққан жас тарам-тарам болып, Оразбақтың аяғына жығыла кетті. Өзіне адам тәуелді болғанына рақаттанып, ләззат дәмін сезген Оразбақ Дәу Омардың көз жасына қайта көңілі көркейіп, беліндегі қылышты қынабынан суырып алып, тап-тап бергенде Дәу Омар одан мүлде күдер үзіп, енді Оразбақтың бүкір шешесінің кір кимешегінің ұшын сүйіп:

– Айналайын Ұлтуған! Тоқтат мына балаңды! Сенің ғана тіліңді алады, тыңдамаса, емшегіңді көкке сау! Естісін, аруақтар, көрсін қу Құдайдың шыққыр көзі! – деп етегіне оралды.

Ұлтуған онсыз да кірерге жердің жыртығын таппай аңырап тұрған:

– Менде Оразбақ деген бала жоқ. Ондай баланы мен туған жоқпын. Тусам – ақ сүтім атсын! Бездім! Бездім! Бездім! – деп үш қайталап, әжім-әжім аш бетіне тырнақ салып, орып-орып жіберді. Қара қан, кәрі адамның қай жағынан жетісіп табылғаны белгісіз, шапшып ала жөнелді.

– Осының бәрін істетіп отырған анау Тұрар, – деп бажылдаған Дәу Омар көзін жұмып тұрып, әйтеуір Ташкент жақты меңзеді. – Естимісің, Ахат, естимісің, Үсіп! Баяғыда менің әкем Рысқұлды жалғыз тастап, қарайласпай қойған деп бізге істеген қысастығы Тұрардың бұл. Ей, Ахат, сен емес пе ең соны Алматыдан алып қашып, бөлтірігін желкесінен тістелеп алып қашқан кәрі арландай Меркеге әкеліп жеткізген? Енді міне, Оразбақ маңқаның қолымен от көсеп, артымызға істік темір піскілетіп қойғаны. Бірақ та... – деп Дәу Омар қолымен жер тіреп, үш ұмтылып барып, жығылып жатқан жерінен ұшып тұрды. – Бірақ та, бәлем, көр де тұр. Омар да қарап қалмас. Оп-оңай жан беріспес!

Омардың бұл уәдесінде едәуір қауіп жатқанын көңілі мас Оразбақ елеген жоқ. Пісікшілікке екі-үш апта қалғанда, ашаршылықтың обыр көмейіне ең алдымен өз туысқандарын лақтырып тастап, Оразбақ келесі ауылға – Кемербастау жаққа қарай бет алды. Оразбақ келе жатыр десе, жылауық бала жылағанын қоя қоятын заман шарықтады.

– Бұл аз әулеттің берекесін баяғыда әкең Рысқұл шайқап еді, қалғанына сен қадалдың ба, Тұрар?! – деп, Дәу Омар қайта омалып отыра кеткен. Бар бітірген әрекеті – қу тілі еді. Тілінің уын айдаладағы Тұрарға төкті-ай келіп.

Омармен айтысып, е, олай емес, былай деп жатуға Ахат әбден қалжырап, сөз айтуға ауырсынып, мына дүниеге самарқау ғана сықсия қарап, енді не болса – о болсын деп, сансырап қалған. Ақыры Дәу Омардың ойбайы жүйкесін жүдеткен соң:

– Әй, Омар, қойсаңшы, жарқыным! – деп кеудесі сыр-сыр етіп, сөзі естілер-естілмес. – Оразбақты айдап салған Тұрар емес, өзіміз ғой. Соны да білмей отырсың ба?

– Е, біз не жазыппыз ол ит маңқаға?

– Әне, сол маңқалығы оны айуан етіп жіберген. Мұрнына самал түсіп ауырғанда ағайын болып қол ұшын бермедік. Адам екен деп ілтифатқа алмадық. Бары-жоғы бізге байқалмай келді. Әкесі Молдабекке Ізбайшаны қосып, Оразбақты шешесі Ұлтуған екеуін айдалаға қалдырғандай болдық. Мұны ол өле-өлгенше ұмытпайды.

– Мейлі, солай-ақ болсын. Бізден бір білместік кеткен екен делік. Ал болыс сайлатып отырған кім? Айтуға аузың бармайды, ә? Өзіңнің сүйіктің Тұрар. Тұрар болмаса, Оразбақ шірік кімнің шікәрасы? Кімге керек ол маңқа ит?

Өзінің Сәлік-Сарысынан кейін Кемербастауды да жау тигендей шулатып, екі арба құрама астық, екі сауын сиыр, төрт-бес қой-ешкі айдап, кешке қарай Оразбақ пен Қырбас Корниловкаға құлаған.

Кешегі Жаскешу, бүгінгі Корниловка Көкіректің базарымен қоңсылас. Базарға жақын барғанда Қырбас:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий