Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Болыс шақырады дегенге, ауқат үлестіреді деді ме, кеудесінде шыбын жаны бары қалмады. Ілбітіп балаларын алып келгендері де бар. Болыс, сірә, бәріне бас тартатындай, елдің ақсақалымыз дегендер алдыға қарай ұмтылды.

Жасыл түңкелі, жалпақ ақ үйдің ық жағында, өрігі гүлдеп тұрған баудың ішінде, Майлыкент милләтінің құрылтайы ашылды. Бәрін басқарып, билеп-тестеп тұрған уәкілдің өзі. Бет-аузының қорасан дағы бар, бір шұңқырына бір-бір бұршақ сыйғандай бұж-бұж қара жігіт.

Ал, халайық, қалай, қарның аш па?–деп төтесінен салып, аузын ашқанда жарқырап алтын тісі көрінді.

Төтенше сұраққа аш бола тұра: «Ашпыз», – деп айтар ауыз табылмай қалды.

– Әрине, ашсыңдар, – деп көпшілік үшін уәкілдің өзі жауап берді. – Ал араларыңда тоқтар бар ма?

– Бар ғой, бар ғой, – деген дауыстар елегізіп естілді.

– Әрине, бар. Кешегі бай әлі бай. Байларға жақындар да бар.

– Ал сіздер Түркістан республикасы бойынша аштықпен күрестің төтенше комиссары Тұрар Рысқұлов қол қойған заңды Білесіздер ме? – деп шүйілді уәкіл.

– Жоқ, айналайын, ол қандай заң?

– Әрине, білмейсіздер. Өйткені ол заңды мына Қорабек болыс жасырып отыр. Іс жүзіне асырмай отыр. Ол заңда айтылған: байлардың мал-мүлкі, астығы аштарға үлестіріліп берілсін делінген. Аш-жалаңаштарға барынша көмек көрсетілсін делінген. Соны істеді ме мына болыс?

– Жоқ, бұйырмасын, жоқ! – деп шар ете қалды өз несібесін ұрлатып алғандай бір байғұс.

– Ырымға бұйырмасын!

– Айналайын Тұрар-ай, айтқан-ақ екенсің ғой.

– Елің үшін еңіреген-ақ екенсің ғой!

– Тоқта, шулама түге! – деп айқайлады уәкіл. – Орталық өкіметтің пәрменін орындамай, халыққа қастандық жасаған Қорабек Тайтелиев орнынан алынсын дегендерің қол көтеpiңдер!

– Көтер!

– Көтер! – десіп бірін-бірі түртпектеп, жиылған жұрт түгелге таяу қол шошайтты.

– Бұл заңсыз! – деп Қорабек жаны алқымға келгендей айқай салды.

– Сіздің елді ашықтырғаныңыз заңды ма? – деп уәкіл оны жанды жерден ұстады. – Қолдарыңды түсіріңдер. Қорабектің орнынан алынуына кім қарсы, қол көтеріңдер. Біреу, екеу, үшеу. Ә, міне, Қорабек болыс қорғаған байлар, міне, осылар...

Уәкілдің мына сөзінен соң, әлгі сирек қолдардың өзі лезде құлап қалды.

– Сонымен, Қорабек Тайтелиев қазірден бастап болыс емес. Мөрді тапсырыңыз, Қорабек!

– Жоқ, тапсырмаймын. Бұл заңсыздық. Мен әлі өкіметке шағым айтамын, – деп Қорабек оңай құлағысы келмеді.

– Онда күшпен тартып алып, өзіңді абақтыға жаптырамыз. – Уәкіл екі иығында тұрған екі милиционерге кезек-кезек қарап қойды.

– Ойбай ерегіспе, – деді әккі болған ескі болыс.

Қорабек ішкі қалтасынан мөр емес, өз жүрегін жұлып алып тұрғандай көп қиналды. Ақыры ақ шүберекке оралған мөрді алып та шықты.

Уәкіл оны дөрекілеу жұлып алып, сөмкесіне сала салды да, сөмкені алақанымен сартылдатып тұрып:

– Ал, жамиғат, енді жаңа болыс сайлаймыз. Ел болған соң, сол елді басқаруға лайық ерлер де жоқ емес. Анау болсын, мынау болсын деп дуылдасып, дауысқа салып, шар санап жататын уақыт жоқ. Бізге жедел іске кірісетін, әлгі айтылған өкімет заңын бұлжытпай іске асыратын адам керек. Өзі кедей таптың өкілі болғаны абзал. Ондай адамды уездной совдеп сіздердің ықыластарыңызға ұсынады. Ол бөтен емес, бөгде емес, өз бауырың. Әрі десе, халқымыздың ардагер азаматы, Түркістан республикасының басшысы Тұрар Рысқұлұлының туысы – Оразбақ Молдабекұлы.

– О-о-о! – деген дыбыс жаппай ыңырана шықты. Халық сеңдей соғылысып, екеу-екеу, үшеу-үшеу, гу-гу әңгіме, ию-қию аласапыран болды да кетті. Тіпті аштықтан ыңыршағы айналып, әлі кеткен адамдардың өзі сайлау дегенде делебесі қозып, ауылжақ ауру қалмай, ана ру ананы, мына ру мынаны ауызға ала бастады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий