Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» - четвертая книга, автор Шерхан Муртазы.

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Келесі күні Рысқұлов бір қырқадан аса бергенде, ілгеріден қаптаған қалың киіз үйлерді көріп, не үлкен той, не үлкен ас беріп жатыр екен деп қалды.

Бала кезінде қырғыздардан талай естіген «Манас» жырындағы көріністер қазір шындыққа айналып, елес беріп тұрғандай көрінеді. Көкетайдың асына жиналған қарақұрым ел. Өзен жағалай тігілген сансыз үйлер. Айнала жайылған қалың мал. Ары-бері ызғыта шапқылаған жігіттер. Аласа аттар көсіле шапқанда, жермен-жексен болып, жер бауырлап, барысша атылады екен.

Жал-құйрығы күзелген жатаған қос моңғол торы жетілген, жез қоңыраулы күйме тағы бір сары белден асқанда, алдан тағы да қатпар-қатпар қыртыс маңдайлы дала көрінді. Алдан көз тоқтатар бұлдыр таппаған Рысқұлов күйменің ашық терезесінен басын шығарып, артта қалған батысқа қарап еді; батыс жақтың желең бұлты қазтаңдайлана қызғылтым, сарғыш, көгілжім, күлгін тартып, Маргеланның атласындай құлпырып тұр екен. Тағы бір күн батып бара жатты.

Алда — Моңғолия астанасы, артта — бай Сібір, байтақ ел, туған ел, өзін алыс жолға аттандырған Мәскеу. Түркістан Рысқұловты түлетіп ұшырды десе де, нағыз шындалған жері Мәскеу.

Жез қоңырау талмай жырлайды, шексіз жыр. Сол жез қоңырауға аттардың тұяқ дүбірі қосылып, тұтас бір оркестр ұзақ хикая шерткендей. Күймені қаумалай екі қапталынан екі әскер, соңында екі әскер желе жортып келе жатқан. Соғыс тынды десе де, сахараның бұлым-бұлымында бұқпантай кезбелер, Унтерн бандысының талқаны шыққан тозығы топтанып, жол торып жүретіні болады. Сақтықта қорлық жоқ деп Қияқтыдан Рысқұлов күймесіне төрт қарулы солдат ере шыққан.

Түмен-Жырғал мәртебелі қонақ ұзақ жолда жалықпасын деп, көп әңгіме-хикая айтты. Мұны Рысқұлов жалықпай тыңдап, бейтаныс елдің қыр-сырына қана түсіп, бір сөзін де қалт жібермей отыр еді, кенет Түмен-Жырғал:

— Мен сөйлей бердім, мылжың екен деп қалмаңыз, жолдас Рысқұлов, жол қысқарсын дегенім ғой,—деді. — Әдепсіз болып, сізге сөз кезегін бермей қойдым ба? Айтыңызшы, жолдас Рысқұлов, сіз Ленинді, әрине, көрген шығарсыз? Е, бәсе, көрдіңіз ғой. Қандай бақыттысыз? Бізден Ленинге тұңғыш барған Сухэ-Батор еді ғой. Күні кеше ғана еді, енді екеуі де жоқ... Не деген шексіз өкініш! Сондай ерлердің өмірі неге қысқа болады екен? Өзгеге де, өзіне де қайырымы кем кейбіреулер ұзақ жасайды. Ал әлемнің, әр елдің шамшырағындай Ленин, Сухэ-Баторлар аз жасайды, бұл қалай?

— Олар көп жасайды, Түмен-Жырғал, — деп Рысқұлов алыстағы адырлардың ар жағына көз тікті.

* * *

– Міне, бұйырса, Ұрғаға да келіп жеттік, – деді Түмен-Жырғал. – Біздің астанамыз осы, жолдас Рысқұлов. – Мұндай астананы дүние жүзін жүз айналсаңыз да таппайсыз.

Түмен-Жырғал осыны айтып мырс еткенде, Рысқұлов оның төртбұрыштау кексек жүзіне қарап: «мақтанғаны ма, қорсынғаны ма?»–деді. Дегенмен не жалпақтауы жоқ, не тәкаппарлығы жоқ, тура жігіт екенін біледі.

Жерге тарбиыңқырап бітетін жаңғақ ағаштарындай жатаған үйлер көше-көше, орам-орам болып тігіледі екен. Әріректен тас үйлер де көрінеді. Көбісі жалғыз, ара-тұра екі қабат ғимараттар да бар. Қала орталығы Алматыдағы Сауда көшесін еске салғандай. Киіз үйлі көшелерде маңқиып түйелер көрінеді. Кермеде ерттеулі аласа аттар байлаулы тұр. Рысқұловтың бір назар салғаны: аттардың көбінің жалы қырқылған. Рысқұлов білетін жылқылы ауылда тайды ғана күзеуші еді. Мұнда көбі күзеулі. Кәдімгі қылшық жүнді қызыл қой, бөрте лақты ешкі көп екен. Қоңыраулатқан, жан-жағын қарулы солдаттар қоршаған күймені қызықтап, әрі бір тосын жаңалық күткендей, қаланың кәрі-жасы киіз үйлі көшелерге атыла шығып, күймеге қақ жарыла жол ашып, әлдене деп дабырласып қалып жатыр. Адамдар көбінесе сарыала киінеді екен.

Енді бірде қара күйме құйғытып, оюлы қалпақ киген ғажайып ғимараттар тұсынан өтіп бара жатты. Жол-жөнекей көргеннің бәрін ыждағатпен түсіндіріп отырған Түмен-Жырғал:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий