Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұдан соң олар рақыпханадан шығып, бекетке қарай бағыт алған еді, ұзамай жолдан бір жас жігіт кезікті: ол алда кетіп бара жатқан, бірақ жүрісі шабандау болғандықтан бұлар оны лезде қуып жетті. Семсерін иығына қойыпты, оған киім-кешек салынған түйіншек пе, буыншақ па, бірдеңені іліпті: шамасы, онда шаровар, жамылғы және бірнеше жейде жатса керек, өйткені үстінде атласқа болар-болмас ұқсастығы бар барқыт күрте, соның ішінен киген, етегін салбыратып бос жіберген көйлек, аяғында жібек шұлық пен астанадағылар киетін келте тұмсық шәркей ғана бар еді; түріне қарап оны он сегіз, он тоғыз жаста деуге болатын, жүзі жайдары, қимыл-қозғалысы шапшаң еді. Жол қысқарту үшін сегидильялар айтып келе жатқан. Әлгі үшеуі оны қуып жеткен кезде әнінің біреуін аяқтап та қалған, студент соны жаттап алды:

Жоқшылық алса жағадан, қайтерсің кірмей шайқасқа.

Бармас едім солдатқа, шиланымда болса ақша.

Дон Кихот оған бірінші боп тіл қатты; ол былай деді:

— Сапарға тым жеңіл шығыпсыз ғой, сұңқарым. Қайда жол тарттыңыз? Егер жөн көрсеңіз, рақым етіп, осыған жауап беріңізші.

Жас жігіт оған былай деді:

— Сапарға жеңіл шыққан себебім, біріншіден, күн ыстық; екіншіден, кедеймін, соғысқа бара жатырмын.

— Күн ыстық дегеніңді түсінуге болар, ал кедейліктің бұған қатысы қанша? — деп сұрады Дон Кихот.

— Сеньор! — деп жауап қатты жас жігіт. — Түйіншегімде мына күртеме сыңар барқыт шаровар жатыр. Егер оны жолда тоздырсам, ертең қалада сәнге киетін ештеңем болмайды, ал жаңасын сатып алатын ақшам жоқ. Осы себептен және онша ыстықтамау үшін осылай сапар шегіп келем, ал өзім бұл арадан он екі мильдей жерде орналасқан жаяу әскер бөлімшелеріне бара жатырмын, онда мені бір бөлімшеге бекітеді, сосын ол жерден бізді бірдеңе ғып айлаққа жеткізер, әйтеуір: естуімше, кемелерге Картахенде отырғызатын көрінеді. Астаналық әлдебір жалаңаяқта қызмет еткенше, соғысқа аттанғанды, қожайыным мен мырзам корольдің өзі болғанын хош көрдім.

— Бәлкім, бұрынғы қызметіңіз әлденендей жеңілдік берген шығар сізге? — деп сұрады студент.

— Егер испан грандында немесе басқа бір ақсүйекте қызмет етсем, әрине, ондайды алған да болар едім, — деп жауап қатты жас жігіт. — Беделді мырзаларда қызмет ететіндер шынымен де жеңілдік алады; оларға тура сол малайлар бөлмесінде-ақ ту ұстаушы немесе тіпті капитан шенін береді, жә болмаса, олар әжептәуір сыйақы алады, ал мен болсам, сорыма қарай, әманда әркімнің табалдырығын тоздыруды кәсіп еткендер мен не шұрайлы тексіз мансапқорларға тап болдым да жүрдім, олардың маған берген тамағы да татымсыз болды, ал жалақысының жарытымсыздығы сонша, қыстырма жағаны крахмалдаудың өзіне ғана жартысын жұмсауға тура келетін, мен сияқты бақыт қуған малайдың түптің түбінде әлденендей тәуір бірдеңеге қол жеткізуі шын мәніндегі ғажайып болар еді.

— Айтыңызшы, достым, сонда қалай, тіпті ливрей киерліктей де еңбек сіңірмедіңіз бе? — деп сұрады Дон Кихот.

— Менде ондайдың екеуі болған, — деп жауап қатты малай, — бірақ шаш қырықтырудан бас тартқан шәкіртке монастырьдан кетерде бұрынғы киімі қайтарылып беретіні секілді, менің мырзаларым да киімдерімді әрдайым өзіме қайтарып беріп тұрды: олар астанаға баратын, шаруаларын реттейтін, сосын үйге қайтып оралған бойда-ақ менен ливрейді қайтып алатын, — өйткені, оны тек көз бояушылық үшін ғана берген ғой маған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий