Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осымен ізгі ниетті шаруа әңгімесін тәмамдады, бірақ сол арада аулаға киген киімінің бәрі — шұлығы да, шаровары да, күртесі де — түйе жүнінен тоқылған бір адам келіп кіріп, қатты дауыстап:

— Құрметті қожайын! Қонып шығуға бола ма? Бәлекей көріпкел-маймылым мен Мелисендраны тұтқыннан босату ойынын көрсететін сиқырлы сандықшам24 ғана бар, — деді.

— Пәлі, мынау сеньор маэсе Педро ғой! — деп айқайлап жіберді бекетші. — Ендеше, бүгін кеште бәріміз көңіл көтеретін болдық.

Айтуды ұмытып кетіппіз, жоғарыда аталған маэсе Педроның сол жақ көзі мен жақ сүйегінің жартысына дейінгі жеріне жасыл тафтадан жасалған пластырь жапсырылып тасталған-ды, бұл оның бүкіл сол жақ беті әлдебір ауруға шалдыққанын аңғартып тұрған. Ал, бекетші сөзін әрмен жалғап жатты:

— Төрлетіңіз, сеньор маэсе Педро! Маймылыңыз бен сандықшаңыз қайда? Көре алмай тұрмын ғой.

— Осы арада, жақын жерде, — деп жауап қатты түйе жүн, — түсуге бола ма екен, әуелі соны біліп алайын деп келгем.

— Ау, мен герцог Альбаны қондырмасам да, сеньор маэсе Педроны қондырам ғой, — деп салды бекетші. — Қане, маймыл мен сандықшаңызды әкеле қойыңыз жылдамырақ, бүгін менде сандықшаны да, маймылдың фокустарын да көретін және ақысын да қуана-қуана төлейтін меймандар отыр.

— Ендеше, тіптен тамаша, мен де бағасын түсірем, — деп іліп әкетті пластырь, — тек шығынымның орнын толтырса болды, маған сол да қанағат. Қуыршақтар салынған қол арба мен маймылды қазір барып алып келем.

Соны айтып ол қақпадан шығып кетті.

Дон Кихот сол бойда бекетшіден маэсе Педро дегеннің кім екенін, бұл неғылған сандықша мен маймыл екенін сұрады. Бекетші оған былай деп жауап қатты:

— Бұл — атақты сауыққой, оның арагондық Ламанчаны аралап, ер жүрек дон Гайферостың Мелисендраны қалай құтқарғаны жайында ойын көрсетіп жүргеніне көп болды, — айта кетерлігі, біздің өңірде мұндай әрі тартымды, әрі аса ептілікпен қойылған хикая өте сирек. Бәлекей маймылы бар, қайда барса да қалдырмайды, ал оның өнерпаздығы сонша, ондай сұңғыланы маймыл түгіл адам арасынан да кезіктіру қиын. Одан бірдеңе жайында сұрасаң, әуелі бар ынтасымен тыңдап алады, сосын иесінің иығына секіріп мінеді де, құлағына қарай еңкейіп жауабын сыбырлайды, ал маэсе Педро болса, оны сол бойда дауыстап айтып береді. Иә, айтқандайын, ол болашақтан гөрі өткен шақты жақсы біледі және әрдайым қолмен қойғандай ғып айта бермегенімен, жаңылысуы өте сирек, осы себепті біз оның шайтанмен шатағы бар ғой деген ойдамыз. Егер маймыл сізге жауап берсе, — жоға, ол иесінің құлағына сыбырлағаннан кейін, ол үшін қожайыны жауап қайтарса дегенім ғой, — онда қойған сұрағыңыз үшін екі реал төлеуіңіз керек болады: міне, осы себепті жұрт маэсе Педро ақшасын қайда сыйғызарын білмей жүр деп ойлайды. Италияда айтылатындай, ол galante25 адам және bon compano26, жан рақатынан ештеңе аямайды, ауызы барғанша сөйлейді, ықылық атқанша ішеді — бәрі де сол қызыл тілінің, бәлекей маймылы мен сиқырлы сандықшасының арқасы.

Сол аралықта қол арбасын итеріп маэсе Педро да қайтып оралды, арбада сандықша мен әжептәуір ірі, бөксе жағы киізденіп кеткен, молақ құйрық, әйтсе де түр-сықпыты біршама сүйкімді маймыл бар еді; маймылға көзі түскен бойда Дон Кихот оған мынадай сауал тастады:

— Ал, көріпкел ханым, не демексіз бізге? Жағдайымыз нешік болмақ? Қазір екі реал аласыз.

Одан соң маэсе Педроға екі реал бер деп Санчоға әмір етті, алайда маэсе Педро маймыл үшін былай деп жауап қатты:

— Сеньор! Бұл жануар болашаққа қатысты сұрақтарға жауап та бермейді және ол жайында ештеңе айтпайды да, ал бірақ өткен шақтан біршама хабардар және осы шақты да аздап біледі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий