Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ал, айтыңызшы, маймыл ханым: Монтесинос үңгірі деп аталатын жерде бастан кешкендері шын ба әлде өтірік пе, мына рыцарь соны білгісі келеді, — деді.

Сосын үйреншікті белгісін жасады, маймыл оның сол жақ иығына секіріп шықты да, құлағына әлдене деп сыбырлағандай болды, одан соң маэсе Педро былай деп мәлім етті:

— Маймыл айтады, аталмыш үңгірде өзіңіз куә болған және басыңыздан өткерген жайлардың жартысы — күмәнді, ал жартысы — шындыққа жанасымды және осы айтылғанға қосып-алар басқа ештеңем жоқ, дейді. Ал егер бұдан гөрі толығырақ білгіңіз келсе, алдағы жұмада ол барлық сұрағыңызға жауап береді, ал қазір оның сәуегейлік жасау қабілеті осымен сарқылды және бұл қабілеті, айтуынша, жұмаға дейін қайта қалпына келмейді.

— Ау, мен сізге айтпадым ба? — деп дауыстап жіберді Санчо. — Үңгірде болған оқиғалар жайында өзіңіз, мархабатты мырзам, жыр қылған жайларыңыздың бәрі түгел немесе, тым құрығанда, жартысы шындық дегенге қалай қылсам да сене алмай жүр едім ғой.

— Жә, болашақ көрсете жатар, Санчо, — деді Дон Кихот келісіңкіремей, —бар құпияның бетін ашатын уақыт ештеңені бүркеулі қалдырмайды — бәрін де құлағынан сүйреп жарыққа алып шығады, тіпті жер қойнындағыны да құтқармайды. Бұл әңгіме осымен бітсін, енді мейірбан маэсе Педроның сандықшасын тамашалайық: меніңше, ол әлденендей жаңа ойын әзірлеп жатқан сияқты.

— Әлденендей деймісіз? — деп саңқ ете қалды маэсе Педро. — Сандықшамда алпыс мың жаңа ойын бар. Шын сөзім, сеньор Дон Кихот, сандықшам — күллі дүниедегі таңғалуға татырлық кереметтің бірі, сөзіме сенбестік білдірсеңіздер, істеген ісімді көріңіздер. Ал енді бастайық, күн болса кешкіріп кетті, бізге әлі талай нәрсе істеу керек, әңгімелеу, көрсету қажет.

Дон Кихот пен Санчо оның ықтиярына көніп, сандықшаны көрмекке бет алды; сандықша болса, орнатылып, беті ашылып қойыпты, жанындағы балауыз шырақтар жарығынан әп-әдемі боп жарқырап тұр. Маэсе Педро сахна тасасына тығылды, өйткені ол қуыршақтарды қозғалтып тұруға тиіс еді, ал сахна алдына маэсе Педроның көмекшісі, бір кішкентай балақан орналасты: ол мына ойын құпиясының сырын ашуға, түсіндіруге және қуыршақтарды таяқшамен көрсетіп тұруға міндетті болатын.

Сөйтіп, бекет тұрғындарының кейбірі жерге жайғасып, кейбірі сандықшаның қарсы алдында түрегеп тұрған күйлерінде қалып, ал Дон Кихот, Санчо, жас малай мен студент ең тәуір орынға орналасқаннан кейін көмекші түсінік бере бастады, ал не жайында — балақайды тыңдаған немесе келесі тарауды оқыған адамның өзі-ақ бұдан бек жақсы хабардар бола жатады.

ХХҮІ тарау

Мұнда сауыққойға қатысты қызықты оқиға мен басқа да шын мәніндегі таңғаларлық нәрселер жайында әңгімеленеді.

Тириялықтар мен троялықтар: бәрі де үнсіз қалды — айтайын дегенім, көрермендердің бәрі түгел балагандық ғажайыптарға түсінік берушінің аузына қарап қалған-ды, кенет сахна сыртынан алуан-алуан керней мен литавраның үні естіліп, зеңбіректердің гүрсілі құлақ тұндырды, алайда ұзамай шу басылды да, бала дауысын қатайтыңқырап, әңгімесін былай деп бастап кетті:

— Назарыңызға ұсынылып отырған осынау мейлінше шыншыл хикая толайым-тұтасымен француз туындыларынан және ауыздан ауызға тарап келе жатқан, тіптен кішкентай балаларға дейін жатқа білетін испан романстарынан алынды. Мұнда Испанияда, Сансуэнье қаласында, — Сарагоса ол кезде осылай аталатын, — маврлар қолында тұтқында болған зайыбы Мелисендраны сеньор дон Гайферостың қалай құтқарып алғаны жайында айтылады. Қараңыздар, мырзалар: міне, дон Гайферостың өзі, романста әнге қосылатындай, дойбы ойнап отыр:

Гайферос дойбы ойнап мәз болып жүр,

Мелисендра жайын мүлдем естен шығарған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий