Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

деп тіл қатады, мен бәрін толық келтіргім келмейді, өйткені көп сөзділіктің, әдетте, іш пыстырып жіберетіні бар. Гайферостың плащын айқара ашқанын көрдіңіз бе, әне Мелисендраның оны танығанын қалай қуана қол бұлғағанына қарап-ақ аңғарып отырмыз, міне, ол атқа қонып, сүйікті жұбайымен бірге жөнеп кету үшін балконнан түсіп келеді. Бірақ — о, сұмдық-ай — белдемшесінің етегі балконның шығыңқы теміріне шалынды да, Мелисендра ауада салбырап қалды. Бірақ мейірбан жаратушымыздың бізді қандай қиын жағдайдан да құтқарып қалатынын айтсаңызшы: дон Гайферос оған жетіп барып, сәнді белдемшесі жыртылады-ау деп те қаймықпай, оны құшақтай алып ә дегенше жерге дік еткізеді; одан соң қас қағым уақыт кідірмей оны атқа еркекше отырғызады да, құлап қалмас үшін өзін белінен қос қолымен қатты қысып құшақтап отыруға әмір етеді, әйтпесе сеньора Мелисендра атқа салт мінудің мұндай түріне дағдыланбаған ғой. Ау, тоқтай тұр, бұл не?! Бұл — ұнамды да сүйкімді жүгін: мырзасы мен ханымын әкеле жатқанына деген қуанышын паш еткен аттың кісінегені ғой. Міне, олар аттың басын бұрып, қаладан шығып бара жатыр, сөйтіп өздерін шектен тыс бақытты сезінген жұбайлар шат көңілмен Парижге қарай бет алып барады. Жолдарың болсын, бір-бірін шын сүйетін қосақ — әлемдегі ғашық біткенге өнеге болар өрендер! Сүйікті отандарыңа аман-сау барып жетіңдер, бақытты сапарларыңа Фортуна кедергі келтірмегей! Достарың мен туыстарыңды қуанышқа бөлеп, тірлік кешуге жазған күндеріңді тату-тәтті өткізіңдер және мұндай күндер Несторда қанша болса сендерде де сонша болсын!

Сол арада маэсе Педро тағы да үн қатты:

— Балақай, шамала, тым биікке шарықтап кетпе, қызыл сөзге құмарлық қашанда жағымсыз әсер қалдырады.

Түсінік беруші оған жауап қатпай, әңгімесін әрмен жалғастыра берді:

— Мелисендраның балконнан түскені мен атқа мінгені не болып, не қойғанның бәрін көріп-біліп отыратын жандардың назарынан тыс қалған жоқ және мұны олар король Марсилийге жеткізді, ал король сол бойда дабыл қағуға әмір етті. Оларда бәрі қалай жедел іске асатынын қараңыздар: міне, барлық мешітте қоңырау күңгірлеп, соның дыбысынан қала қалтырап тұр.

— Жә, тағы желдеп кеттің! — деп осы арада Дон Кихот сөзге килікті. — Қоңырау жайында маэсе Педро қапы соғыпты: маврларда қоңырау деген болмайды, литавралар мен біздің гобойымыз секілді аспаптары ғана бар, ал Сансуэньеде қоңырау ойнады деген сөз — бұл енді ақылға мүлдем сыйымсыз сандырақ.

Маэсе Педро қоңырау қаққанды қойып, бұған былай деп жауап қатты:

— Ұсақ-түйекке шұқшиып, керемет кемелдікті талап етпесеңізші бізден, сеньор Дон Кихот, — ондай кемелдікті бәрібір еш жерден таппайсыз. Басынан аяғына дейін қисынсыз әрі мағынасыз комедиялар бізде барлық жерде бірдей қойылып жатқан жоқ па? Әйтсе де, жұрт соларға топырлап барады және көрермендер дән риза боп қол соғады. Жалғастыра бер, бала, ешкімді тыңдама, теңіздің түбінде қанша түйір құм болса, мына ойынымда да, мейлі, сонша ақылға сыйымсыздық кездесе берсін, — менің мақсатым біреу ғана: әмиянымды ақшаға толтыру.

— Дұрыс айтасыз, — деп келісе кетті Дон Кихот.

Ал, балақан сөзін жалғады:

— Қараңыздар, қаладан қаншама қарулы атты әскер шығып, христиандық қосақты ұстауға асығып бара жатқанын: ал кернейлер болса сарнап, литавралар дүрсілдеп, барабандар дүңкілдеп жатыр. Маврлар қашқындарды қуып жетіп, қалаға ат құйрығына сүйретіп әкеле ме деп қорқам, — жан түршігерлік нәрсе ғой ол!

Маврлардың осынау озбырлығына өз көзімен куә болған, мына тарсыл мен гүрсілді естіген Дон Кихот қашқындарға дереу қол ұшын бергенді жөн көрді; сөйткен соң, орнынан атып тұрып, қатты дауыстап сөйлеп кетті:

— Дон Гайферос сынды айбынды рыцарьға және жүрек жұтқан нақсүйерге өзім отырған жерде осынша қысастық жасалуына көзім тіріде ешқашан жол бермеймін. Тоқтаңдар, қара ниет мақұлықтар! Салпақтап соңына түспеңдер оның, әйтпесе сендермен айқасқа шығам!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий