Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осынау теңдесі жоқ хикаяның авторы Сид Ахмет бұл тарауды “Христиан-католик ретінде ант етейін...” деген сөзбен бастайды, осыған байланысты тәржімашы төмендегідей пікір айтады: егер Сид Ахмет өзі мавр бола тұрып (ал бұған күдік келтірудің қисыны жоқ), христиан-католик ретінде ант-су ішетін болса, бұл тек мынаны ғана білдіреді — христиан-католик антты шын ниетімен беруге және тек қана шындықты айтуға міндетті, ендеше ол да, бейне бір христиан-католик ретінде ант-су ішіп тұрғандай, Дон Кихотқа қатысты жайдың бәрінде, сондай-ақ маэсе Педро мен айнала-маңдағы селоларды сәуегейлігімен қайран қалдырған көріпкел-маймылдың кім екеніне қатысты жайларда да, тек қана шындықты айтатын болады. Сонымен, дейді ол, бұл хикаяның бірінші бөлімін оқығандар Хинес де Пасамонтені жақсы білуге тиіс: каторгаға жіберілген басқа да қылмыскерлермен бірге Дон Кихот оған да Сьерра Моренада азаттық алып берген, алайда осынау ізгі ниетті істің қарымтасына әлгі қиянатшыл, қаскүнем жандар оны өксігі көп өкініште қалдырып, одан да көп күйінішке душар қылған. Дон Кихот Хинесұмпай де Зәбірильо атандырған тап осы Хинес де Пасамонте Санчо Пансаның есегін ұрлап әкеткен еді, алайда оның есекті қалайша және қашан ұрлап кеткені жайындағы бірінші бөлімдегі түсіндірме әріп терушілер кінәсінен түсіп қалған болатын, көптеген оқырман мұның мәнісін түсінбей, баспахана қатесін автордың ұмытшақтығына жорыған-ды. Алайда, шын мәнінде, Хинес есекті ұйқыдағы Санчо Пансаның тақымының астынан ұрлап әкеткен еді: баукеспе ұры Альбраканы қоршауға алып жатқан Сакрипанттың атын астынан білдірмей алып кеткен Брунелдің сондағы әдіс-тәсілдерін айнытпай қолданған-ды; ал кейіннен, бұл жөнінде ілгеріде баян етілгеніндей, Санчо есегін Хинестен тартып алған болатын. Айтайын дегенім, қисапсыз алаяқтығы мен қылмысы үшін, — ал мұндай істерінің көптігі мен алуан түрлілігі сонша, оның өзі бұл жайында тұтас бір том жазған-ды, — жазаға тарту мақсатында іздестіріп жатқан өкімет орындарының қолына түсуден қорыққан тап осы құдай ұрған Хинес Арагон корольдігінен орын тебуге, сол жақ көзін желімдеп алып, сауыққой кәсібімен айналысуға ұйғарған еді: саусақтары қаншалықты әбжіл болса, бұл салада да ол соншалықты әккі-тұғын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий