Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Берберия тұтқынынан қайтып келе жатқан әлдебір христиандардан орайы түскен бойда бір маймылды сатып алған ол жануарды шартты белгі бойынша иығына секіріп шығуға, сосын құлағына әлдене жайында сыбырлап жатқандай түр білдіруге үйретті. Сөйтіп, маймылымен және сандықшасымен белгілі бір елді мекеннен орын теппес бұрын көрші селодан немесе, жалпы, әр нәрседен хабары бар адамдардан онда қандай ерекше оқиға орын алғанын және оны кімдердің бастан кешкенін біліп алатын болды; мұның бәрін жақсылап есте сақтаған ол, әдетте, алдымен ойын қоятын: бір жолы — бір хикаяны, келесіде — басқасын көрсететін, бәрі де күлкілі, қызықты және көпшілікке ұнамды дүниелер еді. Ойын аяқталғаннан кейін маймылының өнерін көрсетуге кірісетін, алайда, көрермендерге бұл тек өткен шақ пен осы шаққа ғана сәуегейлік жасайды, ал болашақ турасында онша шебер емес деп алдын-ала құлаққағыс жасап қоятын. Әр жауапқа екі реалдан, ал кейбіреулерден одан да аз алатын: бәрі де сұрақты кімнің қойып тұрғанына байланысты еді; ал өзі ішегінің қырындысына дейін біліп алған жандардың үйіне барғанда, үй иелері ақша төлемеуге тырысып оған ешқандай сұрақ қоймаған күннің өзінде де, бәрібір, маймылға белгі беретін де, сосын маған бұл үй деді, бүй деді деп сайрай жөнелетін, мұны естігендердің есі шығып кететін. Осындай өнерімен ол ерекше даңққа жетіп, жұрт соңынан топырлап еріп жүретінді шығарды. Өзі де тапқыр адам болғандықтан кей-кейде жауапты қолма-қол ойлап таба қоятын және жауаптары жарасымды боп келетін, оған қоса ешкім одан — жаңылуды да, жаза басуды да білмейтін бұл неғылған ғажайып маймыл деп қадала сұрап, жанын қуырмағандықтан, жұрттың көзін бояп, әмиянын ақшаға толтырудан басқа ештеңені білген емес-ті. Ал, мына бекетке келіп жеткен ол Дон Кихот пен Санчо Пансаны бірден таныды және бұрынғы таныс-білістігінің арқасында Дон Кихотты да, Санчо Пансаны да, бекеттің басқа тұрғындарын да таң-тамаша қалдыру оған түк қиындық келтірген жоқ; бірақ егер, алдыңғы тарауда айтылғанындай, король Марсилийдің басын шауып, атты әскерді жайратып жатқан Дон Кихот семсерін сәл төменірек сілтегенде бұл оған онша жайлы тимеген болар еді.

Маэсе Педро мен оның маймылы жайында хабар етпегіміздің бары осы ғана. Ал, енді Ламанчалық Дон Кихотқа келсек, алдымен айтарымыз, бекеттен шыққаннан кейін ол әуелі Эбро өзенінің жағалауы мен айнала-маңын шолып, сосын барып қана Сарагоса қаласына бағыт түзеуге байлам жасаған, өйткені турнирге шейін әлі көп уақыт бар-ды. Осы мақсатпен сапарға шыққан оған алғашқы екі күнде шежіреге енгізе қоярлықтай ерекше бірдеңе ұшырасқан жоқ, ал үшінші күні бір төбеге көтеріліп келе жатқанында керней дауысын, барабан дүңкілі мен аркебуз гүрсілін құлағы шалды. Ә дегенде ол солдаттар келе жатқан шығар деп қалған, сөйткен соң оларды көру үшін Росинантқа шпорды қадап жіберіп, төбенің басына көтерілді; биікке шыққан ол төбенің етегінде қолына не түссе сонымен қаруланған екі жүзден астам адамның топырласып тұрғанын көрді: біреулер шолақ найза, садақ, айбалта, сүңгі мен алебарда ұстаған, кейбірінде — аркебуз, көпшілігінде — дөңгелек қалқан бар. Төмен түсіп, отрядқа таяп келген Дон Кихотқа олардың жалаулары да анық көрініп, түр-түсін айырып, безендіріп қойған эмблемаларын да ажыратты, солардың өз назарын айрықша аударған біреуінде: байраққа немесе, дәлірек айтқанда, ақ атлас кесіндісіне салынған суретте басын жоғары көтеріп, аузын аңқита ашып, тілін салақтатып жіберген, — бір сөзбен айтқанда, бейне бір ақырып тұрғандай түр мен кейіптегі кішкене есек мейлінше шынайы кескінделіпті, ал айналасына мынадай екі жол өлең үлкен әріптермен жазып қойылыпты:

Алькальдтар біздің тектен-тек,

Ақырған жоқ есекке еліктеп.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий