Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ержүректің қашқаны — жаудың әскери қулығын аңғарып қалғаны, ал ақыл-парасаты мол ер жігіттер өмірін маңыздырақ істерге сақтауы керек. Бұл қағиданың әділеттілігі Дон Кихоттың тәжірибесінде тағы да дәлелденді. Шаруаларға — ашу-ызасын ақтаруға, олардың жасағына — қара ниетін іске асыруға толық еркіндік берген ол алды-артына қарамай қашты, Санчо тап болған ахуал мен оған төнген қауіпті қаперіне де алмай, енді қорқатын ештеңе жоғын сезгенге дейін құйғытты. Бұрын айтылғанындай, Санчо оның соңынан есекке көлденең артылған күйде еріп келе жатқан. Мұны ақыры қуып жеткен кезде ақыл-есі толық қалпына келген де болатын, сөйтіп, көк ала қойдай боп таяқ жеп, көңілі қарайып, сілікпесі шыққан ол есегінен Росинанттың аяғын құша құлады. Серігінің жарақатын көру үшін Дон Кихот атынан түскен-ді, сөйтіп оны басынан аяғына дейін көзбен шолып шыққан соң он екі мүшесі түгел сау екенін байқап, былай деп долдана сөйлеп кетті:

— Есекше ақыратын кезді тапқан екенсіз, Санчо! Асылып өлген адамның үйінде арқан жайында әңгіме қозғамау керегін білмеуші ме едіңіз? Ендеше, сойылдар — есекше сайрағаныңызды сүйемелдеуге әбден лайық аспап емес пе? Олардың қылышпен per sіgnum cruces29 жасамай, таяқпен ғана шоқындырғаны үшін құдайға құлшылық етіңіз, Санчо.

— Жауап қайтарар шамам жоқ, — деді Санчо, — себебі, тілім емес, арқам сөйлеп тұрғандай сезінем. Қане, көлігімізге мінейік, сосын тура жолымызға түсейік; әлбетте, ендігі жерде есек боп ақыра қоймаспын, есесіне, кезбе рыцарьлардың ұрыс алаңын тастай қашатынын, ақпейіл атқосшыларын жау қолында қалдыратынын, ал аналар оны астық бастырғандай тоқпақтайтынын жария қылмай қалмаспын.

— Шегіну — қашу деген сөз емес, — деп құлаққағыс етті Дон Кихот. — Біліп қойғаның артық болмас, Санчо, сақтық жасауды қаперге алмайтын батылдықты пәруайсыздық деп атайды, ал пәруайсыздың ерлігін оның жаужүректігінен гөрі әншейін жолы болғыштығына теліген жөн. Сонымен, шегінгенімді мойындаймын, бірақ қашқан жоқпын, өз өмірін келер күндегі келелі істерге сақтаған көкжалдар қарекетін өнеге тұттым және романдар да осындай жайларға толы, бірақ саған оның бәрін баяндап жатпаймын, өйткені мұның саған да пайдасы жоқ, өзімді де онша қуантпайды.

Сол арада Санчо Дон Кихоттың көмегімен есегіне отырды, Дон Кихот Росинантқа мінді, сөйтіп олар асықпай аяңдап мильдің ширегіндей жерде қарауытып тұрған тоғайға қарай тартты. Санчо сәт сайын ауыр-ауыр күрсініп, қинала ыңқылдаумен болды; Дон Кихот одан неліктен мұншалықты ауыр мұңға батуының себебін сұрағанда анау арқасы сегізкөзінен желкесіне дейін ауырып, жанын қоярға жер таптырмай келе жатқанын айтты.

— Олай ауыратын себебі, оған еш күмәнім жоқ, саған дарыған сойыл ұзын әрі түзу болған, — деді Дон Кихот, — сөйтіп, ол арқаңның қазір ауырып тұрған жерін түгел қамтыған, ал егер ол одан да кеңірек қамтығанда онда арқаң бұдан да қаттырақ ауырар еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий