Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Қайырымды мырзалар, мен кезбе рыцарьмын, кәсібім — әскери кәсіп, парызым — араша түсуге мұқтаждарға арашашы болу, қысым көргендерге қол ұшын беру. Өздеріңе кездескен қырсық турасында, дұшпандарыңнан кек қайтару мақсатында неліктен сәт сайын қаруға жармасуға мәжбүр боп жүргендерің жайында бұдан бірнеше күн бұрын естіп білгем. Міне, сөйтіп бұл істің мән-жайын жеткілікті зерделегеннен кейін, жекпе-жек жөніндегі ереженің шартына сәйкес, өздеріңді жәбір көруші деп санауға негіз жоқ дейтін қорытындыға келдім, өйткені жеке адам тұтас бір қауымды жәбірлей алмайды, егер тек сатқындыққа нақты кімнің айыпты екені белгілі болмағандықтан толайым-тұтас осы қауымға сатқындық жайында айып тағылып жүрмесе. Бұған дон Дьего Ордоньес де Лара мысал бола алады; ол Саморраның бүкіл тұрғынына айып таққан-ды, өйткені корольді жалғыз тек Вельидо Дольфос қана опасыздықпен өлтіргенінен мүлдем бейхабар еді, сондықтан ол жұрттың барлығын бірдей кінәлады, сөйтіп жұрттың барлығы бірдей өзін жауапты сезініп, жәбір көрсеткені үшін жауап беруге тиіс болды. Ал шындығында, әрине, сеньор дон Дьегоның тым асыра сілтеп жібергені және бояушы бояушы дегенге сақалын бояп, кінәламайтынды кінәлағаны анық, өйткені өліктерді, суды, нанды, ана құрсағындағы шарананы және жазықты боп шыққан не қилы басқа да ұсақ-түйекті жекпе-жек айқасқа шақырудың қажеті жоқ еді, бірақ енді бұған ештеңе істей алмайсың: шешем бұрқ-сарқ қайнайды, әкем бармақ шайнайды, ал немере ағам мен әпкемнің дәрменсіз көзі жайнайды, деген емес пе. Демек, бір адам тұтас бір корольдікті, провинцияны, қаланы, мемлекетті жәбірлей алмайтын болса, онда селоны да екібастан жәбірлей алмайтыны кәміл, ендеше өзімізге жәбір көрсетілді деп кек қайтарудың қисыны жоқ, өйткені сендерге ешқандай жәбір жасалған жоқ. Сонда деймін-ау, Ла Релоха28 селосының тұрғындары өздерін “сағат жөндеушілер” деп мазақтайтындармен күн құрғатпай төбелесе берсе, сол сияқты лақап аты мен жалған аты кез-келген бала мен кез-келген қылжақбастың аузынан түспейтін “кәстрөл жасаушылар”, “баялды өсірушілер”, “кит аулаушылар”, “сабын қайнатушылар” және басқа да тұрғындар шайқасқа шықса не болғаны! Егер осынау қадірлі азаматтардың бәрі лақап атқа бола ашу шақырып, кек сақтаса, түкке тұрғысыз нәрсеге бола семсері қынында құдды бір тромбонның жылжымалы түтігіндей біресе ілгері, біресе кейін қозғалақтап тұрса, айтары жоқ, әбден жетіскеніміз! Жо-жоқ, сақтай гөр, құдай, жолықтыра көрме ондайға! Саналы азаматтар мен түтіні түзу мемлекеттер тек мынадай төрт түрлі жағдайда ғана қолына қару алып, семсер суырып, өз басын, өмірін және дүние-мүлкін бәске тігеді: біріншіден, католик дінімізді қорғау үшін; екіншіден, өз өмірімізді қорғау үшін, өйткені құдайдың орнатқан тәртібі осыған үндейді және табиғи құқымыз да осындай; үшіншіден, ар-намысымызды, отбасымызды және жиған-тергенімізді қорғау үшін; төртіншіден, король әділетті соғыс жүргізген кезде майдан алаңында оған қызмет ету үшін; егер қажет етсеңіздер, бесіншісін де атай аламыз, — жалпы, оны екінші деп есептесе де артық етпейді, — атап айтқанда: өз отаныңды қорғау. Қолға қару алдыратын осынау негізгі бес себепке тағы да бірқатар дәл сондай әділетті де қисынды себептерді қосақтауымызға болады, ал бірақ ашу шақырудан гөрі күлкі шақыруға, уақытты көңілді өткізуге ғана лайық түкке татымайтын бірдеңе үшін қаруға жармасатындарды ақыл-парасаттан жұрдай деп ойламасқа лажың жоқ. Оның үстіне әділетсіз жолмен кек қайтару (ал, әділетті жолмен кек қайтару деген атымен жоқ ұғым) дініміздің қағидаларына қайшы келеді, себебі дініміз дұшпанға мейірімді болуға, өзімізді жек көретіндерге жақсылық жасауға шақырады, құдайға қатысты жайлардан гөрі құлқынға қатысты жайларды көбірек ойлайтындарға, сондай-ақ рухтан гөрі тәнді маңыздырақ санайтындарға ғана бұл өсиетті бұлжытпай орындау қиын тәрізді көрінеді, өйткені, ешқашан өтірік айтпаған, айта алмайтын және айтуды білмейтін, шын мәніндегі құдайадам Иисус Христос бізге өз заңын берген кезде: билігім — бақыт, жүктемем — жеңіл, деген болатын, ендеше ол бізге қолдан келмейтін нәрселерді өсиет етпеген. Сонымен, қайырымды мырзалар, құдайдың да, адамның да заңдары бойынша сіздер тыныш табуға тиіссіздер.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий