Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дон Кихоттың қайтадан көтеріліп кеткенін, сөйтіп бұрыннан мәлім машығын тапқанын көріп, түк ештеңе татырмай қояр деп қорыққан маэсе Педро мынадай әңгіме айтты:

— Әрине, мұның Мелисендра емес, оның қызметші әйелдерінің бірі екенінде күмән жоқ. Бұл үшін маған алпыс мараведи берсеңіз, соған да қанағаттанып, әжептәуір жақсы өтем алғандай сезінер ем.

Басқа да сынған қуыршақтарға ол осылайша баға қойып шықты, алайда бағалары кейін аралық қазылар тарапынан шегерілді, сөйтіп талапкер мен жауапкер ақыр соңында қырық реал және төрттен үшке тоқтады; Санчо бұл ақшаны қолма-қол санап берді, алайда маэсе Педро маймылды тауып алғанша күнелте тұруға деп тағы екі реал сұрады.

— Бере сал, Санчо, — деді Дон Кихот, — күнелте тұра ма, іше тұра ма, өзі білсін, ал енді сеньора Мелисендра мен сеньор дон Гайферостың дәл қазір Францияда, өз шаңырағында отырғанын анық білем дейтін адам табылса, оған сыйлыққа екі жүз реал берген болар едім.

— Менің маймылымнан басқа ешкім сізге анығын айтып бере алмайды, — деді маэсе Педро, — бірақ енді ол шайтанның өзі қуса да ұстатпайды. Әйтсе де, қожайынға бойы үйренгендік пен аштық дегенін істетпей қоймас деп ойлаймын, түнде ол мені өзі іздейтін болады, ал таңертең, бұйырса, екеуіміз жүздесіп те қалатын шығармыз.

Тоқ етерін айтқанда, қуыршақтармен шайқас аяқталып, бәрі тату-тәтті отырып, шексіз шүлеңгірлік көрсеткен Дон Кихоттың есебінен кешкі астарын ішті.

Найза мен алебарда артқан шаруа таң атпай тұрып кетіп қалды, ал таң әбден ағарған шақта Дон Кихотқа студент пен жас малай қоштасуға келді: алғашқысы үйіне қайтып бара жатқан, екіншісі сапарын әрмен жалғамақ болатын — Дон Кихот оған жолыңа жұмса деп он екі реал берді. Маэсе Педро рыцарьмен одан әрі салғыласып жатпады — өйткені, оның жайын жақсы білетін; елең-алаңнан тұрып, сандықшасының сынықтарын жинастырып алды да, маймылын көтеріп, бұл да шытырман оқиға іздеуге аттанып кете барды. Бекетші Дон Кихотпен бұрын таныс емес-ті, сондықтан оның жындыкештігіне де, жомарттығына да таңырқанумен болды. Мырзасының әмірі бойынша Санчо оған ақшаны жақсылап төледі, сөйтіп ақыры таңғы сағат сегізде рыцарь мен атқосшысы қожайынмен қоштасып, бекеттен шығып, күре жолға түсті; енді оларды кезі келгенге дейін қалдыра тұрамыз, өйткені осы арада оқырманға осынау айтулы туындыны дұрыс түсінуге қажетті кейбір мәліметтерді құлаққағыс ету керек болады.

ХХҮІІ тарау

Мұнда маэсе Педро мен оның маймылы дегендер кім екеніне түсінік беріледі, сондай-ақ есектің ақыруына қатысты Дон Кихот үшін сәтсіз аяқталған, өзі ойлағандай және қалағандай боп шықпаған шытырман оқиға жайында әңгімеленеді

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий